«Менің жетістіктерім» жаттығуы.
Мақсаты: өз жетістіктеріңізді саналы түрде ұғынуға арналған метафоралар құрастыру.
Нұсқау: оқушыларға ұсынылған метафораларды сұрақтарға жауап бере отырып өзінің жетістікке жету әдісін айтады. Мысалы:«Менің жетістіктерім – бұл, …. және онда мен – бұл …, сонда менің өмірің – бұл …..».
Талқылауға арналған сұрақтар: Өз жетістігінізді қалай қабылдайсыз, қалай көресіз?
Сіздің жетістікке жету формуланыз.
«Жетістікке жеткен адам» дегеніміз кім?»
«Мен және менің жетістіктерім» релаксация Психолог: Ешнәрсе ойламауға тырысыңыздар. Еркін демалыңыз, денеңізді бос ұстаңыз. Жеке жұмыыстарыңыз бен проблемаларыңызды ұмытыңыз. Сізге космос әлемінен алтын сияқты шұғыла тұла бойыңызға еніп жатыр, тәніңізді жағымды энергияға толтыруда. Бұл ұлы энергия, бұл Сіздерді жаңа биіктерге көтереді, өзіңізге маңызды барлық мәселеде жеңіске жетелейді. Бұл энергия балалардың тәтті күлкісі сияқты, өмірдің барлық ұсақ түйектеріне қуана алуға үйретеді, балалардың қуанышы сияқты сіздің әрбір клеткаңызға алтын жарық болып енгенде, сіз жарқырайтыныңызды көз алдыңызға келтіріңізші. Ал енді, өзіңіз қалаған салада жетістікке жеткеніңізді, жетістікке жеткен және өзін сенімді адам екеніңізді көз алдыңызға келтіріңіз. Барлығы іс жүзіне асады! Сіз дәл қазір үлкен жұмыс атқардыңыз. Сіз өзіңізге керемет көмектестіңіз, өзіңіздің жаңа өміріңізде жаңа жағдайлардың дамуына жаңа бағыт белгіледіңіз, жағымды нұсқаулар жібердіңіз.
«Жетістіке жетудің жолдары» «Қуаттандыру» Мақсаты: өзіндік бағалауын, сенімділігін, белсенділігін жақсарту.