Тақырыбы: «Жетістікке жету өз қолында» Мақсаты



бет1/4
Дата27.05.2022
өлшемі22,26 Kb.
#35729
  1   2   3   4
Байланысты:
11 сынып жетістік тренинг


Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназия



.
2021-2022 оқу жылы


Тақырыбы: «Жетістікке жету өз қолында»
Мақсаты: Оқушылардың өзін - өзі анықтай алуына, алдына қойған мақсатына психологиялық жағынан көмек беру, жас жеткіншектердің болашақта тұлғалық дамуына жол ашу.
Тренинг жоспары:
1. «Сәлемдесу» жаттығуы
2. «Менің жетістіктерім» жаттығуы
3. «Мен және менің жетістіктерім» релаксация
4. «Жетістікке жетудің жолдары»
5. Сергіту сәті
Тренинг ережесі:
- Тыңдау әдебін сақтау;
- Өз пікірін ашық білдіру;.
- Ашық, көңілді болу;
- Белсенділік таныту;
- Сыйластықта болу;
Адам баласы өмірде жемісті ғұмыр кешуді, әрі бақытты болуды армандайтыны шындық. Оқуға түссем, табысты жұмыс жасасам, аңсаған арманыма жетсем деп тілейді. Алға қойылған мақсаттарының орындалуын көксейді. Ал осы үшін әрекет жасайды, тірлік қылады. Дегенмен әркім әрқашан діттеген жерінен шыға алмайды, көксегені де орындала бермейді. Содан барып кейбіреулер тағдырға шағынады.
Біз барлығымыз осы өмірде жетістікке жетуді қалаймыз.Сендердің түсініктеріңіз бойынша жетістік дегеніміз не және оған қалай жетуге болады екен? (қатысушылардың пікірлері)
Осы сұраққа жауап беру үшін мен сендерге барлық бөгеттерден өтіп «Жетістік» мемлекетінде болуды ұсынамын. Барлықтарының бір-бірінің қолдарын ұстап көздеріңді жабуды сұраймын, менің белгім бойынша, біз бәріміз «Жетістік» деген құпия қаласында боламыз. Біз бәріміз осы қаланың тұрғындарымыз.
«Сәлемдесу» жаттығуы
Мақсаты: топтағы адамдармен танысу және қандай көзқараспен қарайтынын, топта өзін қалай ұстайтынын бақылау.
Нұсқау: адамдарды шеңберге тұрғызып өзінің атын айтады да, оны кім қойды, оның шығу тарихын, өзінің атының қандай мағына беретінін айту. Атының бас әрпіне байланысты қандай жақсы қасиеттерді жатқызуға болады, соны айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет