НОННЕ - АППЕЛТЬ РЕАКЦИЯСЫ ШЫНЫ ТҮТІККЕ 0,5- 1 МЛ МИ – ЖҰЛЫН СҰЙЫҚТЫҒЫН ЖӘНЕ СОЛ МӨЛШЕРДЕ КҮКІРТТІ ҚЫШҚЫЛ АММОНИЙДІҢ ҚАНЫҚ ЕРІТІНДІСІН ҚОСАДЫ. РЕАКЦИЯНЫ ЛИКВОРДЫ РЕАКТИВПЕН ҚОСҚАННАН КЕЙІН 3 МИН ІШІНДЕ БАҒАЛАЙДЫ. ТҮТІКТЕГІ СҰЙЫҚТЫҚТЫҢ КҮҢГІРТТЕНУ ДӘРЕЖЕСІ РЕАКЦИЯНЫҢ ҚАРҚЫНДЫЛЫҒЫН КРЕСТТЕР САНЫМЕН СИПАТТАЙДЫ.
Нонне – Аппелть реакциясының нәтижелері:
1. әлсіз — +
2. айтарлықтай опалесценция — ++
3. шамалы көмескілену —+++
4. айқын көмескілену —++++
ЗАҚЫМДАЛУ СИНДРОМДАРЫ
Бас ішілік гипертензия синдромы
бастағы кернелген ауру сезімі (әсіресе түнде,горизонтальді қалыпта)
жүрек айну,құсу
брадикардия
көру нерві дискісінің ісінуі
түрік ертоқымы арқасының остеопорозы
ПОСТПУНКЦИОНДЫ МЕНИНГИЗМ
- Пункционды тесік арқылы сұйықтық шығуына байланысты дамыған басішілік гипотензия салдарынан болатын бас ауруы (12-24сағаттан кейін пайда болады және 4-7 күнге дейін сақталады)
- Жүрек айну,құсу,ба сайналу,құлақтағы шуыл,мойын бұлшықеттерінің шамалы ригидтілігі,субфебрилитет.
ЖАСУША-БЕЛОКТЫ ДИССОЦИАЦИЯ СИНДРОМЫ
Қалыпты немесе шамалы жоғарылаған белок фонындағы жасушалық элементтердің(плеоцит) айқын жоғарылауы
Сұйықтық лайлы
Айқын плеоцитоз(нейтрофилдер есебінен) ОЖЖ жұқпалы ауруларына (бактериальді менингит,менингоэнцефалит) тән
Лимфоцитарлы цитоз туберкулезді және саңырауқұлақты менингитке,герпетикалық энцефалитке тән
Эозинофилия гельминтозда,цистицеркозда,туберкулезді менингитте,лимфомада кездеседі.
БЕЛОКТЫ-ЖАСУШАЛЫҚ ДИССОЦИАЦИЯ СИНДРОМЫ
Жасушалық элементтердің қалыпты фонында белоктың айқын жоғарылауы
Белокты коллоидты реакциялар оң (Нона-Апелть, Панди т.б.)
Ликвордың ксантохромды боялуы,ұюға бейімді
Ликвоциркуляция бұзылысында,ісіктерде, Гийен-Барре синдромында байқалады.