IV. «Менің балам қандай?» ойыны Ойынның мақсаты: ата-ана баласын қалай жақсы көретінін көрсету.
Әр қатысушы қолының саусақтарын айналдыра сызып, әр саусаққа баласының атындағы әріптерін жазу керек. Ары қарай ата-ана әр саусақта жазылған әріптерден басталатын баласының қасиеттерін айтуы керек. Саусақтың ортасына баланы жанұяда кімге теңейтінін салса болады. Саусақтар ватманға жабыстырылады.
V. «Балама қандай жылулық беремін?» ойыны Күннің суреті салынған ватман. Сіз жылуыңызды беріп жатқан күнсіз. Сізден тарап жатқан шуақтарды қалай деп атайсыз. Ата-аналар шығып балаларына күн сияқты қандай жылулық беріп жатқандарын жазулары керек. Мысалы: «Мен баламды мейірімді, жылы сөздер айтып оятамын», «Мен балама күніне бірнеше рет жылы сөздер айтып аймалаймын», «Мен мейірімдімін» т.с.с. Енді шуақты күнімізге қарайықшы. Ол да аспандағы күн сияқты өзінің жылуын, мейірімін уақыт таңдамай, орын таңдамай сыйлап жатыр. Біз де, ата-аналар, өзіміздің балаларымызды ешқандай талап қоймай жақсы көруіміз керек.
VI. Аңыз «Мінсіз емес» Ертеде бір су тасушының екі үлкен қыш құмырасы болыпты. Құмыраның біреуі жарық болыпты, сол жарықтан бұлақтан ауылға жеткенше жарты суы ағып кетеді екен. Ал екінші құмыра мінсіз болыпты. Екі жыл бойы су тасушы ауылдастарына бір жарым құмырадан су тасыпты. Әрине, мінсіз құмыра өзінің жетістігін мақтаныш ететін. Ал жарық құмыра болса, өзінің жарты ісіне ұялып, байғұс болып жүретін. Бір күні құмыра су тасушыға былай дейді:
«Мен өзімнің тірлігіме ұяламын және сенен кешірім сұраймын.
Не үшін ұяласың?
Менің бүйірімдегі жарығымнан су ағып тұрады. Сен өз жұмысыңды орындап жүрдің, бірақ менің кесірімнен жұмысыңның жарты нәтижесін ғана алдың» – деді құмыра. Сол кезде су тасушы:
Мынау жолдың жиегіндегі гүлдерге қарашы. Сен олардың арғы бетте емес, сен жақтағы бетте ғана өсіп тұрғанын байқадың ба? Мен сенің кемшілігіңді әрдайым білетінмін.
Күнде бұлақтан шыққаннан сен жолдағы гүлдерді жарық құмыраңнан аққан суыңмен суаратынсың.
Екі жыл бойы сол гүлдерге қарап мен қуанатынмын. Сенсіз бұл сұлулық болмас еді!
Бұл аңызда қандай мағына жасырылған!
Балалардың бойында әр түрлі, жеке, есте қаларлықтай өздерінің қайталанбас қылықтары бар. Соларды тек сезе біліп, түсінуіміз керек.
Ата - анаға арналған сауалнама
Ата - анаға арналған сауалнама.
1. Балаңыздың аты - жөні.......................................................................
2. Балаңыз мектепке ынтамен келе ме?....................................
3. Мектеп режиміне қалыптасты ма? Жаңа күн тәртібін қабылдай ма?
- әзірге жоқ
- жоқ
- иә
- жауап беруге қиналамын
4. Өзінің сабақтағы жетістіктеріне қуанып, сәтсіздіктеріне қинала ма?
- жоқ
- иә
- сөзсіз қиналады
- жауап беруге қиналамын
5. Балаңыз сізбен мектептегі әсері жайлы өз ойын жиі бөлісе ме?
- әзірге жоқ
- кейде бөліседі
- әрдайым бөліседі
- өте жиі бөліседі
6. Алған әсері қандай?
- негізінен эмоциясы жағымды
- әр түрлі, бірақ жағымсызы көп
- жағымсыз және жағымды әсері бірдей
- негізінен жағымсыз әсер
7. Балаңыз күнделікті сабақ оқуға қанша уақыт жұмсайды?
- анық көрсетіңіз...........................
8. Балаңыз үй тапсырмасын орындауда сіздің көмегіңізді қажет ете ме?
- әрқашан көмек керек
- жиі көмектеседі
- кей кезде көмектесемін
- көмек қажетсінбейді
Ата - ананың аты жөні.................................................
Сіздің өміріңізде бала қандай орынға ие?
(Қолыңыздан келе ме?) Жауаптары:
А) Қолымнан келеді және әр кезде солай жасаймын.
Ә) Қолымнан келеді, алайда әр кезде солай істей алмаймын.
Б) Қолымнан келеді.
1. Кез келген жағдайда жұмысыңыздың барлығын тастап, балаңызбен айналысу қолыңыздан келе ме?
2. Баланың жас ерекшелігіне назар аудармай, ақылдасу қолыңыздан келе ме?
3. Баланың алдында жасаған қателігіңізді мойындау қолыңыздан келе ме?
4. Өзіңіз қателескеніңіз үшін баланың алдында кешірім сұрау қолыңыздан келе ме?
5. Егер баланың қылығы сіздің ашуыңызды келтірсе, өзіңізді ұстау қолыңыздан келе ме?
6. Өзіңізді баланың орнына қою қолыңыздан келе ме?
7. Бір уақытта өзіңізді ертедегі қайырымды ханша немесе би ретінде елестете алу қолыңыздан келе ме?
8. Бала кезіңізде болған оқиғаны тәрбиелік мәнімен айтып беру қолыңыздан келе ме?
9. Баланың журегіне тиетін сөздерді әрқашан айтпау қолыңыздан келе ме?
10. Баланың жақсы тәртібі үшін оның арманын орындап беру қолыңыздан келе ме?
11. Не істесе дағы өз білгенін жасауына балаға бір күн бөлу қолыңыздан келе ме?
12. Егер де сіздің балаңыз басқа бір баланы ұрып не итеріп жіберсе немесе күнәсіз жазаласа, елеп - ескермеу сіздің қолыңыздан келе ме?
13. Баланың егер де бір нәрсені алып бер деп жылап сұранып тұрса, сіз осыған ұстамдылық ете білу қолыңыздан келе ме?