Оқу ісінің меңгерушісі : ______________Ақтажиева Л.
Сыныбы: 6 «Ә»
Күні : 03.10.2016 жыл.
|
|
Тақырыбы:
|
|
|
• Пропорцияның қасиеттерін пайдаланып мәтінді есептерді шығару.
|
|
Мақсат:
|
|
Білімдік
|
Білім
|
• Мәтінді есептер шығару негізінде пропорция ұғымын тұжырымдайды.
|
|
Түсінік
|
•Мәтінді есептердің мазмұны бойынша пропорция құру және оны шешуді түсіндіреді.
|
|
Құзырлылық
|
Қолданым әрекеті
|
• Мәтінді есептерді шығаруда пропорцияның қасиеттерін қолдану.
|
|
Талдау әрекеті
|
• Мәтінді есептердің мазмұнының өмірмен байланысты саралайды.
|
|
Шығармашылық әрекет
|
• Теңдеулер шешу мен пропорция құруда мәтінді есептердің ерекшелігін қайта қарайды.
|
|
Құнды-лық
|
Бағамдау әрекеті
|
• Пропорция туралы жүйелі білім-білік дағдының қалыптасуының өмірдегі маңыздылығын бағалау.
|
|
Сабақ құрылымы:
|
|
|
І. Құзырлылық қалыптастыру (35 мин.).
ІI. Шығармашылық қалыптастыру (7 мин.).
III. Бағамдау - бағалау (3 мин.).
|
|
Оқыту әдісі:
|
|
|
• Репродуктивті, ішінара ізденушілік
|
|
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
|
|
|
Бағыт-бағдар береді, оқушыларға қажет болғанда көмек береді, олардың танымдық тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалайды.
|
|
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
|
|
|
Пропорция, пропорцияның қасиеті, белгісіз ортаңғы мүше, белгісіз шеткі мүше.
|
|
Оқушыда дағды қалыптастыру:
|
|
|
Өзін-өзі дамыту дағдылары - өзінің деңгейін бағалау, оны жоғарылату бағытында жүйелі жұмыс жасау, белгіленген мақсатқа жетіп барып қанағаттану, осындай «сәттілік сәтіне» ұмтылу; ұжымда жұмыс істеу дағдылары – ұжым мүшесі ретінде өзінің жауапкершілігін сезіну, өзгелерге кедергі келтірмей ортақ жұмысқа белсенді атсалыса білу, бүкіл топ жұмысының нәтижесін көре білу, объективті бағалай алуы, оны сынып алдында қорғай алуы.
|
|
Оқушы іс әрекетін ұйымдастыру:
Күтілетін нәтижеге (мaқсатқа) қол жеткізу үшін жоспар бойынша оқулық материалын А блогындағы слайдтарды пайдаланып меңгеру;
АБ блогындағы тапсырманы орындай отырып тақырып бойынша қорытынды шығарып теориялық білімін бекіту; ҚӘ блогы аясында өз мүмкіндігіне қарай деңгейлік тапсырмаларды орындау; ШӘ блогында топтық жұмыс істеп, тапсырма бойынша ұжымдық қорытынды шығаруға атсалысу.
|
|
|