Тақырыбы Кіріспе. Биология ғылымының даму кезеңдері. Пәннің мақсаты мен міндеттері, зерттеу объектісі



бет4/4
Дата09.09.2022
өлшемі2,7 Mb.
#38718
1   2   3   4
Байланысты:
Биологияға кіріспе Дәріс 1 (1)

Тірі организм белгілері

  • Қоректенеді
  • Өседі
  • Тыныс алады
  • Көбейеді
  • Өзгереді
  • Тұқым қуалайды
  • Тірі организмдердің тұқым қуалаушылығы.
  • Барлық тірі организмдердің құрылымдық және қызметтік бірлігін жасуша құрайды. Тірі организмдердің көбеюі. Тірі организмдер көбеюі кезінде ДНҚ молекулалары арқылы әрбір организмнің өзіне тән белгілері ұрпақтарға беріледі. ДНҚ – ның бір молекуласынан екі еселену арқылы бір – біріне өте ұқсас әрі бастапқы белгісін дәл қайталайтын екі молекула түзіледі. Тірі организмдердің тұқым қуалаушылығы. Тұқым қуалаушылық қасиет арнайы құрылымы бар заттардың генетикалық коды арқылы беріледі. Генетикалық код ДНҚ молекуласындағы аминқышқылдарынан тұратын нуклеотидтердің орналасу ретіне тікелей байланысты болады
  • Өзгергіштік арқылы организмдерден ген құрылымының жаңа белгілері мен қасиеттері пайда болады.Тірі организмдердің өсуі мен дамуы. Организмдер өскен кезде жасушалар санының артуынан жеке мүшелері ұлғаяды да, жас даралар бірте – бірте ересектеріне айналады.
  • Даму қасиеті – тірі организмдерге және өлі табиғатқа тән, кері қайталанбайтын заңды құбылыс. Тірі организмдердің жекелей дамуы – онтогенез, ал тарихи дамуы – филогенез деп аталады. Тірі организмдердің тітіркенгіштігі. Кез келген тірі организм сыртқы орта жағдайларымен және басқа да организмдермен өзара тығыз байланысты болады. Көп жасушалы жануарлардың орта жағдайларының тітіркендіргіштігіне жүйке жүйесі арқылы жауап қайтаруын рефлекс дейді. Жүйке жүйесі болмайтын бір жасушалы қарапайым жануарлар мен өсімдіктердің қозғалысында немесе өсуінде тітіркендіргіштердің әсерінен болатын өзгерісті таксис немесе тропизм дейді. Тірі организмдердің біртұтастығы және дискреттілігі. Жер бетіндегі тіршілік жеке – жеке оқшаулану формасында кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет