Тақырыбы: «Климаттың өзгеруінің факторлары және факторлардың өзара іс-әрекеті» Орындаған



бет1/5
Дата03.07.2023
өлшемі475,79 Kb.
#104013
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Реферат-1


Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министірлігі
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

СӨЖ


Тақырыбы: «Климаттың өзгеруінің факторлары және факторлардың өзара іс-әрекеті»
Орындаған: Журтжанова Мөлдір
РДИГБ-3 курс
Қабылдаған:Жигитова Сәуле


Тараз, 2023
МАЗМҰНЫ



Кipiспe…….........................................................................................................

3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ.................................................................................................

4

1.1 Климатты қалыптастырушы факторлар....................................................

5

1.2 Климатты және оның өзгеруін анықтайтын факторлар...........................

6

1.3 Географиялық факторлар...........................................................................
1.4 Климат түрлері............................................................................................
Қорытынды.........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................

7
8
9
10



Кіріспе
Климат – белгілі бір аумаққа тән ауа райының ұзақ жылдар бойы қайталанып отыратын жиынтығы. Жер шарының кез келген аймағындағы климаттың қалыптасуына, ең алдымен, оның географиялық орны, атмосфера циркуляциясы, жер бедерінің сипаты, сондай-ақ теңіздер мен мұхиттардың ықпалы себепші болады. Жер шарындағы климаттың қалыптасу заңдылықтарын, климат пен оның жіктелуін және антропогендік әрекеттің климатқа әсерін климатология ғылымы зерттейді.
Климаттың өзгеруі қазіргі таңда ғаламдық проблемаға айналып отыр. Климат Жердің геологиялық тарихында күшті өзгерістерге түскен. Климат өзгерістерін Жер шарының көптеген аудандарынан қазіргі кезде де байқауға болады. Оған Күннің қарқынды сәуле шашуы, геомагниттік өріс әсерінің күшеюі, атмосфераның жалпы циркуляциясындағы ғасырлық өзгерістер, соңғы ғасырлардағы адам әрекетінің ерекше қарқын алуы және т.б. себепші болуда. Климат өзгерістері Жер шары бойынша жылдық орташа температураның жоғарылауынан (0,5°С-1°С), «жылыжай эффектісінің» белең алуынан, кейбір аудандарда жауын-шашын мөлшерінің күрт артуынан немесе керісінше күрт азаюынан, кейбір мұхит ағыстарының бағыты мен қасиетінің өзгеруінен айқын көрінеді.
Қызыл крест пен Жарты ай ұйымдарының халықаралық федерациясы: қазіргі таңда климаттық өзгерістер - әлемдік қоғамға ең үлкен қауіп төндіруде,-деп ескертті.
Германия ақпараттық агенттігі Женевадан мәлімдеуінше, Қызыл крест пен Жарты ай ұйымдарының халықаралық федерациясы кеше дүйсенбі: Ауа-райы және климаттық өзгерістер салдарынан табиғи апаттардың көбеюі, бұл федерацияның гуманитарлық бағдарламаларды орындауында күрделі кедергі болып отыр,-деп жариялады.
Қызыл крест пен Жарты ай ұйымдары халықаралық федерациясының бас хатшысы Марко Нисколо: зерттеулер бойынша, ауа-райы өзгерістері мен ірі мұздықтар еруінің мысалдары, су ресурстарына қауіп төндіруде және алдағы жылдары ауылшаруашылық саласына шынайы зияндар тимекші,-деді.
"Соңғы жылдары жер шарының жылуы да малярия тәрізді аурулардың кең таралуына себеп болды, осыған орай гуманитарлық ұйымдар алдын-алу жұмыстарын жүргізулері тиіс",-деп қосты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет