Климат өзгерісінің себебі –адам баласы. Экологтар адамдардың ыстық ауа толқындары, жауын-шашын және тропикалық дауылдардың қалыптасуына әсер еткенін мәлімдеді. Бүкіл дүние жүзіне әсер еткен жаһандық жылынудың ықпалдарын зерттеген ғалымдар адам баласының климат өзгерісіне ешқашан бүгінгі күнгідей көп әсер етпегенін ортаға шығарды. Түрлі елдерден көптеген экологтың ортақ туындысы «Proceeding of the National Academy of Science» атты журналдың интернет бетінде жарияланды. Аталмыш мақалаға қарағанда, адамдар ыстық ауа толқындары, жауын-шашын және тропикалық дауылдардың қалыптасуына көптеп әсер етті.
2003 жылы Еуропада көптеген адамның өліміне себеп болған ыстық ауа толқынының зиянды газдардың әсерімен қалыптасқаны айтылды. Бүгінгі күні атмосфераға 1990 жылдардағыдан көп көміртегі жіберілуде. Жылудың артуы мен климат өзгерісіне себеп ретінде өнеркәсіптік жұмыстар нәтижесінде ауамен араласқан көміртегі және басқа да газдар көрсетілуде. Зерттеуге қарағанда көміртегі шығару 2000 жылдан бері жылдық 3,5 пайыз артып отыр.
Климат өзгерісі ең көп қариялар мен кедейлерге болымсыз әсер етіп отыр. Зерттеу сондай-ақ адам баласының климат өзгерісіне үйренісе алмай келе жатырғанын көрсетті.
Дүниежүзілік Метеорологиялық Ұйымы Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы мекемесі, оның үстіне БҰҰ жұйесіндегі Жер ауасының жағдайы мен тәртібі, оның мұхиттармен қарым-қатынасы, климат қалыптасуы және су ресурстарының таратылуы жөніндегі бірден-бір беделді ақпарат көзі болып табылады. ДМҰ өз қатарында 188 мүше-мемлекеттердің және аймақтардың басын қосады (2007 ж. 24 қантардағы мәліметтер). ДМҰ өз бастауын 1873 жылы құрылған Халықаралық Метеорологиялық Ұйымынан (ХМҰ) алады. 1950 жылы құралған ДМҰ 1951 жылдан бастап метеорология (ауа райы мен климат), шұғыл гидрология және геофизикалық ғылымдар саласындағы арнайы мекеме ретінде қызмет атқара бастады.
Ауа райы, климат және су циклы мемлекеттік шекарамен шектелуге жатпайтындығынан, халықаралық ынтымақтастық ғаламдық масштабта метеорология және шұғыл гидрология дамуына зор ықпалын тигізеді, сонымен қатар оларды қолданудан үлкен табыс табу көзі болып келеді. ДМҰ халықаралық ынтымақтастық құрылымын айқындайды.
Климаттық сипаттама дегеніміз - ұзақ мерзімді ауа-райын бақылаудың статистикалық тұжырымдары, ең алдымен келесі негізгі метеорологиялық элементтер: атмосфералық қысым, желдің жылдамдығы мен бағыты, температура мен ылғалдылық, бұлт жамылғысы және жауын-шашын. Күн радиациясының ұзақтығы, көріну диапазоны, топырақ пен су қоймаларының жоғарғы қабаттарының температурасы, жердің атмосфераға судың булануы, қар жамылғысының биіктігі мен жағдайы, түрлі атмосфералық құбылыстар мен жер гидрометеорлары (шық, мұз, тұман, найзағай, қарлы боран және т.б.) ескеріледі. . 20 ғасырда климаттық көрсеткіштерге жер бетінің жылу балансының элементтерінің сипаттамалары кірді, мысалы күн радиациясы, радиациялық тепе-теңдік, жер беті мен атмосфера арасындағы жылу алмасу, булануға жылу шығыны.
1-сурет. Климатты қалыптастырушы факторлар
Ескертпе-автор құрастырған.
Метеорологиялық элементтердің ұзақ мерзімді орташа мәні (жылдық, маусымдық, айлық, тәуліктік және т.б.), олардың сомалары, қайталанғыштығы және басқалары климат нормалары деп аталады, жекелеген күндерге, айларға, жылдарға сәйкес келетін мәндер осы нормалардан ауытқу ретінде қарастырылады. Климатты сипаттау үшін күрделі индикаторлар да қолданылады, яғни бірнеше элементтердің функциялары қолданылады: әртүрлі коэффициенттер, факторлар, көрсеткіштер (мысалы, континенттілік, құрғақшылық, ылғалдану) және т.б.
Арнайы климаттық көрсеткіштер климатологияның қолданбалы салаларында қолданылады (мысалы, агроклиматологиядағы вегетациялық температураның қосындысы, биоклиматология мен техникалық климатологиядағы тиімді температура, жылу жүйелерін есептеудегі дәреже күндері және т.б.).