1.3 Географиялық факторлар Климаттың, мұздықтардың, сушаралардың жаға сызықтарының үзақтығы мен қарқын дылық дәрежесі әр түрлі-метаморфизма, яғни бірнеше немесе ондаған жылдардан (мыс., 35 жылдык Брюкнер кезеңдері) бірнеше мыңжылдықтарға дейінгі ырғақты өзгерістері. Орташа жылдық температураның, ылғалдық дәрежесінің, мұздықтар өлшемінің өзгерістерінде білінеді. Әр түрлі себептерге, негізінен жерден тыс-Күн радиациясының кезендік өзгерістері мен қаркындылығына, Жер орбитасы эксцентрисетінің ауытқуларына байланысты.
Жер шарындағы немесе белгілі бір аймақтағы климат жағдайының табиғи өзгеруі. Бұл құбылыс, ондаған, жүздеген жылдарға, кейде геолиялық дәуір бойына созылады. Климат ауытқуының астрономиялық, атмосфералық және геологиялық-геоморфольдік себептері болады. Астрономиялық себептер – Жер бетіне түсетін Күн энергиясы мөлшерінің ауытқуына, Жердің айналуы мен оның полюстері орындарының өзгеруіне байланысты. Атмосфералық себептер – жанартау атқылау, аймақтағы өсімдік жамылғысының дамуы мен адамдардың тіршілік әрекеті әсерінен атмосфера құрамының өзгеруіне, яғни ауада көмір қышқыл газының, су буының және шаң-тозаңның көбеюіне негізделген. Бұлардың салдарынан Жердің радиациялық балансы күрт көбейеді немесе азаяды, ауа темп-расы жоғарылайды не төмендейді. Геологиялық-геоморфологиялық себептер – құрлықтың жер бедері мен құрлықтар пішіндерінің өзгеруінен туады. Олардың әсерінен Күн энергиясының басқа энергия түріне айналуы, атмосфераның жалпы циркуляциясы және теңіз ағысы тежеледі. Климат ауытқуының антропогендік өзгеруіне (ауытқуына) табиғи ортаға антрпогендік әсердің (негізінен оның ластануы) артуынан болады. Ауада көмір қышқыл газының жиналуы, озонды қабат тығыздығының өзгеруі, атмосфераның газдармен (метан, фреон), энергияны тікелей шығару, тағы басқа жатады. Жер бетінің кейбір аудандарында соңғы жылдары биосфера үшін және адамның өзінің өмір сүруі үшін қауіпті болуға айналды.
1.4 Климат түрлері Жер климатының жіктелуі тікелей климаттық сипаттамамен де (В. Кеппеннің жіктелуі) де, жалпы атмосфералық айналымның ерекшеліктерімен (Б. П. Алисовтың жіктелуі) немесе географиялық ландшафттардың табиғатымен (Л. Берг классификациясы) жүргізілуі мүмкін. Ауданның климаттық жағдайлары ең алдымен деп аталатындармен анықталады. Күн климаты - күн сәулесінің атмосфераның атмосфераның жоғарғы шекарасына түсуі, ендікке байланысты және әртүрлі уақыт пен жыл мезгілінде әр түрлі. Дегенмен, климаттық белдеулердің шекаралары тек параллельдерге сәйкес келмейді, сонымен қатар әрдайым жер шарын айналып өтпейді, климаттың бір типі бар оқшауланған аймақтар бар. Сонымен қатар теңізге, атмосфералық айналым жүйесіне және биіктікке жақындау маңызды.