Тақырыбы: «Климаттың өзгеруінің факторлары және факторлардың өзара іс-әрекеті» Орындаған


Климатты және оның өзгеруін анықтайтын факторлар



бет3/5
Дата03.07.2023
өлшемі475,79 Kb.
#104013
1   2   3   4   5
Байланысты:
Реферат-1

1.2 Климатты және оның өзгеруін анықтайтын факторлар
Климаттың өзгеру себептерін анықтауға болады, олардың ішінде:Озон қабатының жай-күйіне немесе радиацияның жалпы мөлшеріне әсер ететін күн белсенділігі,

  • Жердің айналу осінің көлбеу өзгерісі (прецессия және қоректену),

  • Жер орбитасының эксцентриктілігінің өзгеруі,

  • астероидтардың құлауы сияқты апаттарға байланысты.

  • Жанартау атқылауы

  • Адамның әрекеті (жану, әртүрлі газдардың шығарылуы)

  • Планетада газдарды қайта бөлу

  • Планетаның ішектерінен газдар мен жылудың шығуы

  • Атмосфералық шағылысу

  • Мұздықтардың қызметі

Антропогендік факторлар. Антропогендік факторлар дегеніміз - адам іс- әректі нәтижесінде немесе адамның тіршілік ету кезінде болатын қоршаған ортаға деген әсері.Қазіргі таңда адам әрекетінен болған биосфераға теріс әсері бүкіл әлемде байқалуда.Біздің заманымызда антропогенді зат алмасу толықтай орын алуда.Антропогенді зат алмасу деп отырғаным, бұл табиғаттан шикізат көздерін және энергия көздерін алып, оны өндірістік мақсатта өңдеп жаңа технологияларды шығару.Бұл шыққан технологиялардың пайдасын және зиянын көріп отырмыз.Пайдасы да, зияны да айтпаса да түсінікті.Алайда зиянын айтып кетер болсам, шыққан жаңа технологиялардың қалдықтарының қоршаған ортаға кері әсері, яғни зияны. Ал табиғи фактор дегеніміз - адамның қатысуынан тысқары болатын, яғни табиғаттың бұзылуынан немесе жақсаруынан өз-зіне әсері табиғи фактор деп аталады. Табиғи факторларға күннің, судың, мұхиттың, желдің, яғни табиғатта болып жатқан құбылыстардың барлығы жатады. Күн сәулесінің түсуі, найзағайдың ойнауы, желдің соғуы, жаңбырдың жаууы бәрі-бәрі қоршаған ортаға әсер етеді. Табиғи фактордың әсері ерекше болып табылады. Климаттың өзгеруіне әсер ететін табиғи факторлар көп. Бұл құбылыс,ондаған,жүздеген тіпті бірнеше ғасырларға кейде геологиялық дәуір бойына созылады. Климаттың өзгеруінің астрономиялық, атмосфералық және геологиялық - геоморфольдық себептері болады. Астрономиялық себептер - Жер бетіне түсетін Күн энергиясы мөлшерінің ауытқуына , Жердің айналуы мен оның полюстері орындарының өзгеруіне байланысты. Жер орбитасы эллипс тәрізді , сондықтан Жер мен Күннің арақашықтығы әрбір жыл сайын өзгеріп отырады. Скептиктердің әр кез бекітуі бойынша, климаттың өзгеруіне күн сәулесінің әсері жалғыз фактор деп санайды.
Климаттың ғаламдық жылынуы. 1980 жылы әлемдік қоғамдастықтың назары ғаламдық жылыну проблемасына ауды. Климаттың ғаламдық жылынуы - биосфераның антропогендік ластануының бір көрінісі. Бұл климаттың және биотаның өзгеруі: экожүйедегі өнімділік процестерінің, өсімдіктер қауымдастықтары шекараларының, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігінің өзгеруінен білінеді. Әсіресе климаттық өзгерістер Солтүстік жарты шардың жоғары және орта ендіктерінде қатты байқалады. Бұл аймақтардың табиғаты әртүрлі әсерлерді қабылдағыш келеді, сондықтан да оның қайта қалпына келуі өте баяу жүреді. Болжамдар бойынша, температураның көтерілуі дәл осы жерлерде жоғары болады. Тайганың аумағы кей жерлерде солтүстікке қарай 100-200 км-ге, кей жерлерде одан азырақ жылжиды. Температураның көтерілуіне байланысты мұхиттардың деңгейі 0,1- 0,2 м-ге көтеріледі. Бұл өз кезегінде үлкен өзен аңғарларының (әсіресе Сібір өзендерінің) су астында қалуына алып келеді.
Атмосфераның ластануы, жыл сайын ауа температурасының көтерілуі полюстердегі мәңгілік мұздардың еруіне алып келіп, соның салдарынан мұхит суларының деңгейі көтеріліп, жағалау бойына жыпырлай орналасқан ірі қалалар, елді мекендер су астында қалады деген қауіп айтыла бастады. Бұл алдымен адамның табиғатқа тигізіп жүрген залалын ойланбастан жасаған шаруашылық қызметінің салдары, көмірқышқыл газы мен метанның ауаға шамадан тыс бөлінуінің әсері. Шынында да, жыл сайын ауаға көтерілген метан мен көмірқышқыл газы жерді қатты қызып кетуден сақтайтын инфракүлгін сәулелерді жұтып, планета температурасының көтерілуіне алып келді. Әсіресе, жылу, жарық беретін станциялардан, қаладағы кәсіпорындардан бөлінген көмірқышқыл газы атмосфералық қабатқа өтетін газдың 1/3 бөлігін құрайды. Планетадағы жасыл алқаптар – ормандар бұл газдың біраз бөлігін қажетіне жаратқанымен, барлығын жұтуға шамасы жетпейтін болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет