Қорытынды Ұлы Жібек жолының пайда болуы мен тарихи дамуы барысында әлемдік сахнада бұрын соңды болмаған мәдени, экономикалық, саяси-әлеуметтік қарым-қатынастар пайда бола отырып тарих көкжиегінде сан алуан процестер пайда болды. Шығыс пен Батыс мәдениеттер алмасуы жүзеге асты.
Көшпелілер мен отырықшылар арасындағы байланыстар нәтижесінде көшпелілер территориясында жаңа үлгідегі қалалық мәдениет орнықса, отырықшылар көшпелілердің көшіп-қонуға қажетті жүк көлік арбаларынан бастап, мал шаруашылығының көптеген әдістерін игерді.
Ұлы Жібек жолының саясат пен дипломатия тұрғысындағы негізгі жетістіктері өте көп. Қытай империясымен көшпелі үйсін,қаңлы, орта ғасырдағы түрік тілдес мемлекеттер арасындағы өзара байланысты нығайта білді. Ұлы Жібек жолының қаншалықты маңыздылығын осы жолдың маршрутымен қазіргі таңда «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» магистралының салынуынан көруге болады. «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» маршруты біздің еліміздің территория аумағымен жүріп өтуі «Ұлы Жібек жолы» бойында сол заманда еліміз аумағында мекендеген мемлекеттердің осы жол арқылы Шығыс пен Батысты жақындастыруда саяси дипломатиялық маңызды рөл атқарғандығын көреміз.
Тақырыптың маңыздылығы соншалық, тарихи қиын процестерден өте отырып, қазіргі таңда осы жол торабының елдерді байланыстыру пайдалылығын ескере отырып, құрлық транспортын дамыту нәтижесінде «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» жолының салына бастауы.
Қорыта келе негізгі басты айтарым, Ұлы Жібек жолы саяси дипломатия айнасы болды десем қателеспейміз.
Пайдаланылған әдебиеттер: