Әлеуметтік адаптация (лат. adaptation - бейімдеймін) кемістігі бар балалардың жекелей және топтық әрекеттері қоғамдық нормалар мен түсініктер жүйесінің деңгейіне жетелеу. Кемістігі бар балаларда әлеуметтік ортамен қрым-қатынасты дамудың кемшіліктеріне байланысты қиынға түседі. Өзгерістерге күрделеніп келе жатқан топтарға бейімділігі шектелге. Қалыптасқан ортада олардың өз алдына қойған мақсаттарына жет үшін олар ерекше қиналушылык сезінеді, сондықтан олар өзгеш жол іздеп, әрекеттерінде өрескелдікке жол беруі мүмкін.
Кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мақсатына олардың қоғаммең, коллективпен қалыпты қарым-қатынасқа әлеуметтік (соның ішінде құқықтық та) нормалар мен қағидаларды саналы түрде орындай білуге үйрету кіреді. Әлеуметтік бейімделу кемістігі бар балаларға қоғамдық пайдалы өмірге белсене өрналасуына мүмкіндік береді. Арнайы мектептің оқушылары біздің қоғамдағы нормаларды игере алатындығын көрсетіп отыр.
Әлеуметтік реабилитация (лат. rehabilitos - қабілетін, жарымды-лығын қалпына келтіру) медициналық - педагогикалық манынада - кемістігі бар баланы, оның дене және психикалық мүмкіншіліктерінің деңгейінде әлеуметтік ортаға, қоғамдық өмірге және еңбекке баулу. Бұл дефектологияның теориясы мен тәжірибесінің негізгі мақсаты.
Реабилитация даму кемшіліктерін жою немесе жұмсарту үшін медициналық шаралармен қоса арнайы оқыту, тәрбиелеу және мамандыққа даярлау арқылы жүргізіледі. Реабилитация кезінде нурудың зардабынан бұзылған функция қызметтері ішінара қалпына кереді.
Реабилитация мақсаттарын орындау, оқу процесі кемістігі бар балалардың ерекшеліктеріне қарай ұйымдастырылған арнайы оқу орындары жүйесінде жүзеге асарылады.
Отбасылық тәрбие - реабилитация жасаудың белсенді факторы. Мектеп пен отбасылық бірлескеи әрекеті, кемістігі бар балаланың еңбекке деген мүмкіндіктерін анықтап, қолынан келер мамандық таңдап, пайдалы қоғамдық өмірге белсенді араласуына септігін тигізеді.
4. «Мүмкіндігі шектеулі балалар» түсінігі мен олардың дамуының өзгешелігі. Ақыл-ойы артта қалған оқушылардың көп бөлігін ата-аналары жоқ, толық емес және әлеуметтік жағдайы нашар отбасылардан шыққан балалар құрайды. Мұндай балалар өз отбасымен толық қарым-қатынасынан айрылған. Бұл олардың жеке тұлғасының қалыптасуына жағымсыз әсер етеді.
Интеллектуалдық жетіспеушіліктің салдарынан ақыл-ойы артта қалған балалрдың жеке тұлғасының қалыптасуы әр түрлі аспектілерде қиын жағдайларда етеді.
Жеке тұлғаның көптеген қасиеттер жиынтығына адамның белсенділігінің кез келген көрінісіне әсер ететін ерекше орын алады. Л.С.Выготский интеллектуалдық және эмоционалдық сфералардың ішкі бірлігі мен өзара тығыз байланысты туралы тұжырымында ақыл-ойдың артта қалуы барысында балада интеллекті мен аффектінің ара қатынасы нормадан бөлек болады және бұл олардың психикалық ерекшеліктерін түсіну үшін эмоцияның қалыптасуы жеке тұлғалық дамуында өте маңызды, - деді.
Ақыл-ойы артта қалған баланың эмоциясының көрінуі оның жасына, кемістіктің құрылымының сапалық ерекшелігімен терендігіне және оны қоршаған әлеуметтік ортаға тәуелді. Кіші мектеп жасындағы балалар мадақтауға, қолдауға және ренжісуге әсершіл болып келеді. Олар ұнамсыз және еркелету эмоцияларын ажыратады. Бірақ өз эмоцияларын вербалды турде көрсете алмайды. Өзінің адамдарға деген қарымқатынасын жанасумен, жымиюмен, бетіне қараумен білдереді. Ересектермен қарапайым ойындарды үлкен ынтамен ойнайды, олар қандай да бір деңгейде дыбыс шығаруға, еліктеу немесе сәбилік сөздерді қосады. Мысалы, бала таптаурын іс-әрекеттерді жасайды, мәшинені алға, артқа қарай жұргізіп, «би-би» - ді айта отырып, қуана күледі.
Мектепке дейінгі жастағы ересек балалар өздерін қоршаған жағдайды анағұрлым адекватты тұсінеді. Олар кіші балаларға қарағанда сөйлеу тілін жақсы меңгереді, өз эмоцияларын іс-әрекетпен жеткізіп қана қоймайды, сондай-ақ, өзіне ұнаған, ұнамаған сөздерді қолдана отырып, өздерін қызықтарған ойыншықтарды алғысы келетіндіктерін айтып түсіндіреді. Бұл балалар өздері түсіне алатын, эмоционалды, мәнерлі оқылатын қарапайым мәтіндерді үлкен ынтамен тындайды. Олар мимикамен, дене қимылдарымен, сөздік реакциялармен мәтін мазмұнына жанашырлықтарын және олардың қарсыластарына жағымсыз қарымқатынастарын білдіреді.
Ақыл-ойы тежелген мектепке дейінгі жастағы балалар селсоқ, сенімсіз әрекет етеді. Олардың эмоциялары аз, алайда күйзелістері тұрақты, анағұрлым терең болып келеді. Олар айғайлауға, жүгіруге, сұрамай затты алуға, шулауға, қырсығуға болмайтындығын түсінбейді. Ал кейбіреулері сөйлемейді, жан-жағына үреймен қарайды, ата-аналардың артына тығылады, үндемейді, қарым-қатынастан бас тартады және т.б.
Ойын. Қалыпты дамыған мектепке дейінгі балалардың жетекші іс-әрекетінің түрі - ойын болып табылады. Ақыл-ойы артта қалған балалардың дамуында ойын қажетті орын алмайды. Ақыл-ойы артта қалған балалар сюжеттік-рөлдік ойындарды өз беттерінше тәуелсіз меңгере алмайды. Ересек балаларда ғана сюжеттік-рөлдік ойынның жеке элементтерін байқауға болады. Балалар ересектердің көмегімен сатушыны, кассирді, сатып алушының және т.б. рөлдерін ойнайды, алайда өз бастамасымен мұндай ойындарды ұйымдастыра алмайды.
Әдетте ақыл-ойы артта қалған мектепке дейінгі жастағыларда жекелеген ойын әрекеттерін байқауға болады, бірақ олар мазмұны жағынан толық емес. Бала бос ойыншық мәшинені оның моторының шуылын білдіретін дыбыстарды шығара отырып, бөлменің бір бұрышынан екі бұрышына қайта-қайта жүргізеді. Оның қозғалыстары мен дыбыс шығаруы стереотипті болып келеді және қандай да бір ойды іске асырмайды. Немесе қыз бала қуыршақты тамақтандырады, оның бетіне қасықты апара береді, бірақ аузына дәл түспейтіндігіне көңіл аудармайды. Бала ешқандай сюжетке кірмейтін жағдайды тек шамамен ғана іске асырады, бірақ жақсы таныс іс-әрекеттерді көрсетеді.
Ал жекелеген жағдайларда мектепке дейінгі жастағы балалар екі, үш адам болып бірігеді. Мысалы, балалардың біреуі дыбыс шығара отырып, мәшинені, айдайды, ал екіншісі оның соңынан жүреді. Мұндай бірігу қысқа уақытты болып келеді. Аз уақыттың ішінде конфликт туындап, бір-бірінің ойыншықтарың тартып алуға тырысады.
Егер ақыл-ойы артта қалған балалар қалыпты дамыған балалармен ойнайтын болса, онда ол үнемі көмекшінің рөлін орындайды, дені сау бала қарапайын сюжеттік ойынды ұйымдастырады, ал ол солардын көрсеткен нұсқауы бойынша бір нәрсені ұстайды алып келеді, алып барады.