Тақырыбы: «Логопедия негіздері және логопедия технологиясы» Дефектология – педагогикалық ғылым саласы



бет7/19
Дата09.12.2022
өлшемі75,4 Kb.
#56121
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
6. Ақыл- есі кемдіктің ауыр түрлері.
АҚЫЛ-ЕСІ КЕМДӘРЕЖЕСІ
Ауытқудың кешеніне қарай олигофрения кезіндегі ақылдың кенжелігі үш дэрежеге бөлінеді: нақүрыстық, имбецильдік жэне дебильдік.
Нақүрыстық - ақыл кемістігінің ең терең дәрежесі. Нақұрыс балалар қоршаған ортаны түсінуден мақүрым, сөйлеу функциялары өте нашар дамиды және шектеулі, кейбір жағдайларда сөйлеу дыбыстары мүлде дамымайды. Нақүрыс балалардың, маторикалық, қимыл және процесін үйлестіру, кеңістікті бағдарлау мүмкіндіктері бүзылған (кейде, өте ауыр жағдайларда олар жатудан басқа мүмкіқдіктері болмайды). Оларға өзіне-өзі қараудың өте қарапайым, соның ішінде жуынып-шешіну машықтары өте баяу және үлкен қиналыспен қалыптасады. Көп жағдайда мүндай дағдылар қалыптаспай да қалады. Нақүрыс балалар оқытылмайды да, оларға қажетті медициналық көмек, бақылау және күтім көрсетілетін әлеумет^ік қамсыздандыру министрлігі жүйесінің арнайы мекемелерінде (ақылы өте қалық балаларға арналған балалар үйі) болады (ата-аналарының рүқсатымен). 18 жасқа толмағннан кейін олар жазылмайтындардың арнайы интернатына ауыстырылады.
Имбецильдік-ақыл кемістігінің нақүрыстығына қарағанда жеңілдеу дәрежесі. Имбецильді балалардың сөйлеп үйренуге, кейбір қарапайым еңбек машықтарың үйренуге шамалары жетеді. Бірақ қабылдау, есте сақтау, сөйлеу, эңгімелесу, моторикалық және сезімдік-еріктік қызметтерінде терең зақымның болуына байланысты, бүндай балаларды арнайы мектептерде де оқыту мүмкін емес. Қүқықтық жағынан олар нақүрыс балалар сияқты дэрмексіз, сондықтан олар ата-аналар немесе олардың орнын басатын түлғалардың қамқорлығында болады. Кэмелетке толғанша бүл (балалар да ақыл-есі терең кенжеленгендердің интернатында болады. Соңғы жылдары, ССРО-ның Педагогика гылымдар Академиясының (ПҒА) Ғылыми зерттеу институттарының (ҒЗИ) көп жылдан бері арнайы үйымдастырылған зерттеулері, имбециль балаларды өздеріне арналып жасалынған бағдарламаның көлемінде белгілі бір білім, машық жэне дағдыларға үйретуге болатынын анықтап отыр. Бүл бағдарлама оқудың, жазудың жэне есептік сонымен қатар еңбектің арнайы үйымдастырылған мектеп жанындағы немесе интернат шеберханаларында жүмыс істеуіне мүмкіндік беретін, қарапайым машықтарын үйретуге бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет