Тақырыбы: Ұлт зиялыларының ұлттық мемлекет құру жолындағы іс әрекеттері



Дата06.01.2022
өлшемі16,64 Kb.
#14929
Байланысты:
СРСП 1 ҚҚЗТ


Қазақстан Респуликасы ғылым және білім министрлігі Қ.Жұбанов атындығы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Мәнжазба

Тақырыбы: Ұлт зиялыларының ұлттық мемлекет құру жолындағы іс - әрекеттері.

Орындаған: Ниязов Абай (ГМК-1)

Тексерген: Шинтемирова А.С.

2020 – 2021 оқу жылы

1917 жылы Ақпан революциясының жеңісінен кейінгі елдегі революциялық процестің қарқынды даму барысында Ә. Бөкейхановтың төңірегіне топтасқан либерал демократиялық көзқарастағы қазақ интеллигенциясы өкілдері ұлттық партия құру мәселесі бойынша өз жоспарларын жүзеге асыруға кірісті. Олар қазақ халқын тап пен жікке бөлмей бүкіл халықтың мүддесін ойлады,буржуазиялық- демократиялық бостандық атауын пайдалануға күш салды. Уақытша үкімет те , кадеттер партиясы да қазақтардың автономиялы елболуына қарсы болды . Бұл Ә.Бөкейхановтың кадеттер партиясынан шығатынытуралы Қазақ газетінде ашықтан- ашық мәлімдеуіне себеп болды. Осындай жағдайда қазақ либерал-демократиялық интеллигенция өкілдеріжағдайдың және саяси күштердің жедел өзгеруін есепке ала отырып ,жалпықазақ сьезін тездетіп откізу керек деген шешім қабылдады. Қазақстанның барлық облыстарының өкілдері қатысқан 1-ші жалпықазақсьезі 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өтті. Күн тәртібінде 14 мәселе қаралды: мемлекетті басқару жүйесі , жер мәселесі, дін мәселесі,саяси партия құру , әйел мәселесі , білім беру жүйесі, сот, милиция құру,земство, бүкілресейлік мұсылмандар сьезі, Құрылтай жиналысын шақыру жәнеоның қазақ облыстарында сайлануына дайындық , Жетісу облысындағы оқиға ,қазақтардың Киевтегі Бүкілресейлік Федерациялық кеңеске және халыққа білімберу мәселесі бойынша Петроградта ұйымдастырылатын комиссия жұмысына қатысуы , автономия. М.Құлмұхаммедтің айтуы бойынша: сьезде екі ұстаным басымдыққа ие болды. Бірі – А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтың тәуелсіз автономия құру және Ә.Бөкейханов пен Ж.Ақбаевтың ұлттық-аймақтық автономия құру ұстанымы. Жасырын дауыс берудің нәтижесінде Ә.Бөкейхановтаржеңіп шықты.

М.Тынышбаев пен М.Шоқай Түркістан автономиясының басшылығында большевиктерге қарсы ұстанымда болды. М.Тынышбаев Қоқан қаласында өткен 4-ші Төтенше өлкелік мұсылмандар сьезінде 1917 жылы қарашаның аяғында құрылған, Қоқан автономиясы деген атпен белгілі болған Түркістан автономиясының премьер-министрі болып , ал М.Шоқай Түркістан автономиясының сыртқы істер министрі болып сайланды. Ал 1918 жылы ақпан айының басында автономияның аздаған күшін қызыл әскер тасталқан етті. Қазан революциясы басталғаннан кейін қазақтың ұлттық-демократиялық қозғалыс мүшелері өздерінің Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саясидаму көзқарастарын кеңінен насихаттаған еді, ал Петроградтағы қарулы күшжеңіске жеткен соң (1917 жылғы қазанның 26-сы ) көп ұзамай 1917 жылы 21 қарашада Қазақ газетінде Ә.Бөкейхановн, А.Байтұрсынов , М.Дулатов және т.б. Алаш қайраткерлері дайындаған Алаш партиясының бағдарламасы жарияланды. Екінші жалпықазақ съезі — 1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында XX ғасыр басындағы қазақ қайраткерлері Алаш Орда үкіметін жариялаған съез.
Бұл съез Ресейде Қазан төңкерісі болып, большевиктер билікке келгенне кейінгі тарихи алмағайып кезеңде ұйымдастырылды. Съез шақыру жөніндегі комиссия мүшелері Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Е.Омарұлы, С.Досжанов оны ұйымдастыруда айрықша белсенділік танытты. Төрағасы Б.Құлманов. Құрылтайға қазақ сахарасының әр аймақтарынан, Самарқан облысы мен Алтай губерниясындағы қазақтардың атынан — 58 делегат, әр түрлі қазақ ұйымдарының атынан — 8 делегат және арнайы шақырумен — 15 адам қатысып, барлық жиын-терісі 81 делегат келген.

Нәтижесінде, Қазақ зиялылары Алаш автономиясын аяғынан тік тұрғызу үшін және большевиктермен күресу мақсатында ұлттық әскер құру және кеңестерге қарсы әр түрлі саяси күштермен одақтасу ісіне үлкен мән берді.



Алаш ұлттық-демократиялық партиясының қалың жұртшылық мойындаған көсемі , төрағасы – Ә.Бөкейханов болды.Алаш партиясының басшылары мен мүшелері Қазақ халқын отарлық езгіденазат ету бағдарламасының төңірегіне топтасты. Бүлінушліктен қорғау үшін бірден милиция құруға шешім қабылданды. Одан өзге ұлт қазынасын құру, оқу-ағарту жүйесін қалыптастыру т.б. шаралар арқылы ұлттық мемлекеттің шаңырағын көтеруге тырысты. Алаш қозғалысы Қазақстанда ХІХ ғ. соңы мен ХХғ. бас кезіндегі қоғамдық-саяси жағдай және рухани-мәдени өзгерістердің нәтижесінде өмірге келді. Алаш қозғалысының алдына қойған мақсаты- қазақ халқын отарлық езгіден азат етіп, тәуелсіз мемлекет құру мен қазақ қоғамының дүниежүзілік мәдени қауымдастыққа енуін қамтамасыз ету, өркениетті елдер қатарын қосу болды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет