Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балаларды үй жануарларымен таныстыру


Үй жануарлары мен жабайы аңдарды таныстыру



бет2/4
Дата22.11.2023
өлшемі32,17 Kb.
#125118
1   2   3   4
Байланысты:
f60ad4fae289d40 (1)

Үй жануарлары мен жабайы аңдарды таныстыру


Сабақ тақырыбы: Үй жануарлары мен жабайы аңдар.
Мақсаты: Үй жануарлары және жабайы аңдардың ерекшеліктері туралы түсінік беру; Үй жануарларына қамқорлық жасау; Табиғатқа, ондағы тіршілікке қамқор болуға тәрбиелеу; Танымдық, есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорларын арттыру.
Шаттық шеңбері
Қане, балалар барлығымыз бір-біріміздің қолымыздан ұстап күн жасайықшы.
- Күн жарқырап шыққан кезде адамдарға шуағын шашады.
Таңертең тұрған кезде ата-аналарың «Қайырлы таң» деп айта ма?
Қане, бізде Қайырлы таң тілейік.
Қайырлы таң! Ормандар мен далалар,
Қайырлы таң! Достасқан бар балалар,
Қайырлы таң! Біздің балабақшамыз,
Қайырлы таң! Жора –жолдас, ұл мен қыз.
Жарайсыңдар балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын, орнымызға отырайық.
Өткен оқу қызметімізді қайталап, жаңа оқу қызметін бастайық.
Балалар қәзір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілінде неше ай бар?
Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Сендер қыс мезгілінде қандай ойындар ойнайсыңдар?
Қардың түсі қандай?
Қардан не жасайсыңдар?
- Өте жақсы, жарайсыңдар балалар?
Олай болса бүгінгі оқу қызметімізді бастайық.
- Балалар қандай үй жануарларын білесіңдер?
- Қандай жабайы аңдарды білесіңдер?
- Үй жануарлары мен жабайы аңдардың айырмашылығын ата, олардың ұқсастықтары неде?
Тәрбиеші:
Балалардың жауаптарын тыңдап, қорытады.
Балалар үй жануарларына төрт түлік жатады: сиыр, түйе, жылқы, қой, ешкі, сонымен бірге ит пен мысық жатады. Мысық - ол үйде тұрады. Ал, ит үйдің сыртында, үйшікте тұрады. Ол үйді күзетеді. Ит - жеті қазынаның бірі. Жабайы жануарлар тамақ, азықтарын өздері тауып жейді, ал үй жануарларын адамдар тамақтандырады.
Балалар сендерді ата-әжелерің қандай сөздермен еркелетеді?
Балалар: Ботақаным, қозым, құлыным, еркем, кішкентай лағым, қошақаным.
Тәрбиеші: Сендерді ата-әжелерің жақсы көріп, сүйкімді жануарлардың аттарымен еркелетеді екен, қандай тамаша!
Балалар осы сүйкімді жануарлар төрт түлікке жатады. Олар түйе - түйенің баласы бота, сиырдың баласы - бұзау, жылқының баласы - құлыншақ, қойдың баласы - қозы, ешкінің баласы - лақ.
Халқымыздың байлығы да, берекесі де осы малдар. Адамға пайдасы өте көп. Сүтін ішеміз, етін жейміз, жүнінен киім тоқимыз. Сүтінен май, құрт, айран, ірімшік жасайды.
Адамдарда оларға қамқорлық көрсетеді. Бағады, шөп, жем, су береді, суарады, көптеген күтім жасайды. Үй жануарлары өздері күн көре алмайды.
Ата бабамыздан келе жатқан қасиетті жануарларды өте жақсы көрген, күтіп, қасиеттеп қараған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет