Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балаларды үй жануарларымен таныстыру



бет1/4
Дата22.11.2023
өлшемі32,17 Kb.
#125118
  1   2   3   4

Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балаларды үй жануарларымен таныстыру

Жан-жануар, аңдар мен жәндіктер – табиғат деген алып үйдің бір кірпішін құрайтын бөлшектері, экологияда айрықша орны бар жаратылыстар. Бір кірпіші босаған үйдің уақыт өте келе өзге кірпіштері де кетіліп, ақырында үйді жарамсыз ететіні белгілі. Сол секілді жануардың бір түрін жою – өзге түрлердің өзгеруіне, азайып не көбеюіне алып келеді де табиғаттың тепе-теңдігі бұзылады.


Табиғат – өте ауқымды, кең ұғым. Өйткені, табиғаттың ішіне бүкіл әлем енеді. Дүние жүзінде жануарлардың 1,6 млн-дай түрі, 17 типі бар. Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы өте зор: көпшілігі пайдалы болып табылады.
Азық-түлік, әр түрлі өнеркәсіп шикізатын: ет, май, сүт, тері, жүн, бал, жібек, мүйіз, дәрі, т.б. береді. Сондай-ақ, олар – ауыл шаруашылық дақылдарының тозаңдатушылары, топырақ түзушілері, басқа жануарларға азық қорлары, органикалық заттардың ыдыратушылары. Жануарлардың өнімділігін арттыруды, тиімді пайдалануды және табиғаттағы қорын сақтауды зоология ғылымы мен оның салалары зерттейді.
Біздің елімізде табиғат байлықтарының бірі – жануарлар дүниесі. Жалпы көлемі 2 млн. 724902 мың шаршы километр жерді алып жатқан Қазақстан территориясының ормандары мен кең байтақ жазық даласында, өзен­көлдерінде құнды тері, дәмді тамақ, дәрі-дәрмектік шикізат беретін жан жануарлардың көптеген түрлері тіршілік етеді. Қазақстанда омыртқалы жануарлардың 835 түрі оның ішінде сүтқореткілердің 178 түрі: Құстың – 500, бауырымен жорғалаушылардың - 49, қосмекенділердің - 12, балықтың -104 түрі, өмір сүреді.
Жануарлардың белгілі бір тобын қорғау ертеден қолға алынып келеді. Қазақстан Конституциясына сәйкес жануарлар дүниесі мемлекеттік меншікке жатады – бүкіл халықтың игілігі.
Кейбір жануарлардың түрлері сиреп, жер бетінен жойылып бара жатыр. Мемлекет бұл мәселені қорықтар ашу және «Қызыл кітапқа» жануарлардың сиреп бара жатқан түрлерін енгізу арқылы қарастырып келеді.
Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы ҚР 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 Заңы қабылданған. “Жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану туралы” Заңның бірнеше бөлімдері бар. Олар: жануарлар дүниесін пайдалану; жануарлар дүниесін қорғау; жануарлардың мемлекеттік есебі және жануарлар дүннесінің мемлекеттік қоры; жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалануға бақылау; жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік; халықаралық шарттар.
Табиғатты қорғау туралы заңдар объектілерді және оларды қорғаудың негізгі жолдарын анықтайды. Мысалы, Қазақстанның “Табиғатты қорғау туралы заңы” аңшылық шаруашылықтың қоры – жануарлардың санын реттеп отыруды және оларды қорғауды, балық шаруашылығын басқа да кәсіпшілік маңызы бар аңдар мен құстарды қолға үйрету және клеткада аңдарды өсіру мақсатында үй жануарларының жаңа тұқымдарын шығаруда дала жануарларының түрлерінің қажет екендігін тағайындайды (белгіленеді).
Сирек және құрып бара жатқан жануарлардың түрлері атып жоюдан сақтау үшін қорғауға жатады. Егер жануарлар ауыл шаруашылығына зиянын тигізбесе немесе халықтың денсаулығына әсерін тигізбесе, онда олардың кәсіптік маңызы болмаса да қорғауға алынған. Осы заңда қорғау жолдары да көрсетілген: кәсіптік маңызы бар жануарларды аулау ережелерін сақтау, кәсіптік пайдалану үшін олардың тіршілік ортасы мен санын көбейту жағдайын жақсарту, санын реттеу көрсетілген. Заңының ережелері негізінен кәсіптік маңызы бар балықтарға, аңдарға және құстарға қатысы бар. 1991 жылғы 18 маусымда “Қазақстанда айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы” заң қабылданды. Онда да жануарлар дүниесін қорғау жайында бөлімдер бар. Аңдардың барлығын дерлік аулауды арнайы рұқсат (лицензия) қағазының негізінде ұйымдасқан аңшылық шаруашылықтары жүргізеді.
Әуесқойлық және кәсіптік жолмен қандай жануарлардың қай мезгілде және қалай ауланатындығы көрсетілген. Сонымен қатар кай аңды қанша мөлшерде де шек жөнінде болатындығы аулауға койылады. Көрсетілген заң ережелеріне сәйкес дала жануарлары мемлекеттік меншікке жатады, соған сәйкес оларға деген көзқарас үнемді, тиімді пайдаланылуы қажет. Саны сиреп бара жатқан аңдар мен құстарды, сол сияқты кәсіптік маңызы жоқ пайдалы жануарларды аулауға тыйым салынған.
Ауыл шаруашылығының және басқа салалардың жедел дамуына байланысты жануарлар саны жылдан жылға азаюда. Бұрын Қазақстандағы мекендеген жабайы түйе, жабайы сиыр, жолбарыс, солтүстік бұғысы, құлан сияқты аңдарды бұл күндері кездестіру қиын. Оған мынадай деректі мысал келтіруге болады. Кейінгі 2000 жыл ішінде жер бетінен жануарлардың 110 түрі жойылып кетті. Енді осы құрып кеткен жануарларды уақыт өлшемімен салыстырып, қай кезеңде қалай өткендігін айта кетейік. 110 түрдің үштен бірі (38) XVIII ғасыр уақыт ішінде құрып кетіпті, келесі үштен бірі (36) тек өткен бір ғасырда жойылып кеткен. Ал қалған үштен бірі соңғы елу жыл ішінде құрып отыр. Мұның өзі бүкіл дүние жүзінде халықтың өсуімен бірге, бұрын болып көрмегенг қуатты техниканың күшімен жануарлардың тұрақты мекендерін халық шаруашылығына қажетті салаларға игеруіне байланысты болып отыр.
Қазақстанда омыртқалы жануарлардың 835 түрі және омыртқасыздардың 100 мыңдай түрі кездеседі. Қазақстанда жануарларға арналған Қызыл кітап 3 рет (1978, 1991, 1996) жарық көрді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет