Сергіту сәті
Қоян шықты далаға,
Жан-жағына қарады,
Жүгірді, секірді, орнына отырды.
"Өз мекенін тап" дидактикалық ойыны
Балаларға ойыншық үй жануарлары мен жабайы аңдарды таратады.
Үй жануарларын үй макетінің жанына, жабайы аңдарды орман макетінің жанына қоюды ұсынады.
Балалар жұмбақ айтайын шешейік:
Алқызыл жоны түрленген,
Құйрығы шар үрленген.
Далада жортып жалтақтап,
Қулықпен күн көрген. (Түлкі)
Сылдырдан қорқады,
Шалынып жортады. (Қоян)
"Жануарлардың төлін тап" дидактикалық ойыны
Шарты: Әр жануардың өзіне сәйкес төлін табу.
Қорытынды:
Олай болса бүгінгі оқу қызметімізді қорытындылайық. Бүгінгі оқу қызметімізде танысқан жануарларымыз балалар, 2 топқа бөлінеді екен. Олар 1- ші жабайы жануарлар, 2- сі үй жануарлары. Төлдерін атап өту.
Еліміз аман болсын, аспанымыз ашық болсын, деніміз сау болсын, төрт түлігіміз түгел болсын.
Ерте жас және сәбилер тобындағы балаларды үй жануарлары және жабайы аңдармен таныстыру
Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары және жабайы жануарлар
Сабақтың мақсаты: Үй жануарлары және жабайы жануарлар туралы балалардың білімін бекіту. Аңдар бағындағы аңдардың өмірімен таныстыру. Жануарлардың төлдерін айыра білу және атау. Жұмбақты шешіп, өлеңді, тақпақты айтуға үйрету.
Көрнекілік: Аңдар бағы, жабайы және үй жануарларының суретті, үй жануарлары мен аңдар бейнесіндегі ойыншықтар. Көктемгі табиғат құстың, судың дыбыстары жазылған ұнтаспа.
Сөздік қоры: Жұмбақ, тақпақ, өлең, жануарлардың және төлдердің атауы.
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбер:
Армысың, Алтын күн!
Армысың, Көк аспан!
Армысың, Жан досым!
Жылуына жылу қос
Міне менің қолым
Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Көктем мезгілі.
Көктемнің келгеннін қалай білеміз? Ұнтаспаны жібіреміз.
Мынау ненің дауысы?
Балалар: Құстың дауысы.
Тәрбиеші: Иә құстың дауысы. Құстарда көктем келгеніне қуанып ән салады. Судың дауысы. Көктемде өзен - көлдер ериді. Тіршілік атаулы тіріліп, аңдар ұйқысынан оянады. Күн жылынады.
Балалар: Ағаштар бұршік атады, адамдар егін егеді, тал отырғызады, құстар жылы жақтан ұшып келеді.
Тәрбиеші: Бүгін біздер саяхаттаймыз.
Мынау не балалар?
Балалар: Батбырауық.
Тәрбиеші: Иә балалар бұл батбырауық. Біз батбырауықты алып саяхатқа шығамыз.
Әуенмен балалар тәрбиешінің артынан ереді.
Әуен біткенде үйдің қасына келіп тоқтайды. Балалар біздің бірінші аялдамамыз. Міне қызық бұл үйде кім тұрады екен.
Қалай білеміз?
Балалар: Есікті қағамыз.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Қазір есікті қағып кім бар екеннін білеміз.
Балалар: Есікті қағып сұрайды?
- Сәламатсыз ба бұнда кім тұрады.
Үйдің ішінен дауыс естіледі.
Жұмбақ айтады.
Өзі жап-жас, мұрты бар,
Ет пен сүтке ұмтылар.
Тастамайды жылы үйде,
Түкті тонын шұп-шұбар.
Тәрбиеші: Жұмбақтың шешуін таптыңдарма?
Бұл кім?
Балалар: Мысық.
Тәрбиеші: Балалар айтыңдаршы мысық, үй жануары ма әлде жабайы аң ба?
Балалар: Үй жануары.
Тәрбиеші: Неге мысық үй жануары деп ойлайсыңдар?
Балалар: Үйде тұрады.
Тәрбиеші: Дұрыс. Ал енді қандай үй жануарларын білесіңдер?
Балалар: Түйе, сиыр, қой, ешкі, жылқы, ит.
Тәрбиеші: Мына суретте үй құстары бейнеленген. Қандай үй құстарын білесіңдер? Оның баласын қалай айтамыз.
Балалар: Әтеш, тауық, балапан.
Достарыңызбен бөлісу: |