Естияр және ересектер тобындағы балаларды үй жануарлары және жабайы аңдармен таныстыру
Сабақ тақырыбы: Үй жануарлары және жабайы жануарлар
Мақсаттары, білімділік: балаларды үй және жабайы аңдармен таныстыру, өмір сүру жағдайлары туралы мағлұмат беру, қойылған сұрақтарға толық жауап беруін қалыптастыру, байланыстырып сөйлеуін жетілдіру, сөздік қорын жаңа сөздермен толықтыру, тілін дамыту, табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту, қоршаған әлемге, тіршіліктің бәріне мейіріммен қарауға тәрбиелеу. Оларды қорғай білуге тәрбиелеу. Оқу іс - әрекеті қарым - қатынасы арқылы балаларды достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Қазір бір – біріміздің қолымыздан ұстап, алақан жылуы арқылы жылы лебіздер білдірейік.
Аспанымыз ашық болсын !
Күніміз жарық болсын!
Деніміз сау болсын!
Достарымыз көп болсын!
Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,
Бәріңізге амандасып,
Басымызды иеміз біз.
Жаңа сабақ: суретпен жұмыс балалар,
- біз нені көріп тұрмыз?
- Орманды.
Балалар, осы орманда қандай жануарлар тұрады? ( жабайы)
Тағы да қандай жануарларды білесіңдер ? ( үй жануарлары)
Олардың айырмашылығы неде?
Балалар, осы орманда жабайы жануарлар тығылып отыр. Оларды көру үшін бірнеше тапсырмаларды орындауымыз керек.
1-ші тапсырма: Дала жануарларына байланысты жұмбақ шешу.
Әр жұмбақты шешкен сайын жануардың суреті ашылады.
1. Шырша саясы күркесі,
Өзі орман еркесі,
Қарғып жүрер жан- жаққа,
Өте құмар жаңғаққа. (тиін)
2. Сыбдыр шықса қашады.
Қырдан бірақ асады. (қоян)
3. Қыс бойында жатады,
Тәтті ұйқыға батады. (аю)
4. Сұр түсті, ақсиған көп тісті. (қасқыр)
5. Өзі айлакер қу,жүрген жері айқай шу. (түлкі)
6. Қанжардай тісі бар,
Суық үрейлі түсі бар.
Аңдардың патшасы. (арыстан)
7. Тарғыл түсті, көп күшті. (жолбарыс)
8. Түрі жылқы бейнелі.
Ала-жейделі.(зебра)
9. Қара ала тоны бар,
Ол аңдардың краны.
Жатқанын көп көрмейміз.
Серейіп кеп тұрады. (керік.)
10. Қолыңмен тиме,
Үсті толған ине. (кірпі)
Сергіту сәті.
Жануарлардың биі ( үнтаспадан)
2-ші тапсырма: Дала жануарлары туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
Балалар тақпақ айтады: (жануарлардың суретін көрсетіп )
Мен тиінмін, тиінмін.
Қысқа жылы киіндім,
Қоймам толы жаңғаққа
Іші жылы үйімнің.
Ақ қоян - ау, аққоян,
Ұзын құлақ, сақ қоян,
Қаша берсең, орманға
«Қорқағым» деп ат қоям.
Түлкі, түлкі қутыңдайсың,
Айналаңнан тың тыңдайсың,
Қанша қулығыңды асырсаң да,
Қасқырдан сен құтылмайсың.
Мен жыртқыш жолбарыс
Тұрағым-ну қамыс
Түн демей,күн демей
Жортамын жолда алыс.
Бұрын көріп білмеген
Қандай үлкен піл деген
Әрі тұмсық,әрі қол
Мұрнын жұмсар бәріне ол.
Желетін жұлқынып
Жылтылдап сауыры
Зебра –жылқының
Бір туған бауыры.
Қасқыр орманда жортады,
Аяздан ол қорқады,
Аспанға қарап ұлиды,
Малды ауылды ториды.
Аю деген бір аңмын.
Орман кезіп жүремін.
Аңшылардан сұраңдар,
Көрікті емес түр- өңім.
3-ші тапсырма: Қазір дала жануарларының аттарын буынға бөлейік.
Аю, кір-пі, ти-ін, ке-рік, қас-қыр, піл, түл-кі, қо-ян, жол-ба-рыс, а-рыс-тан. Сергіту сәті:
«Мозаика» құрастыру (аңдардың суреттерімен)
Мақсаты: Қима суреттерді құрастыру арқылы аңның сұлбасын құрастыру.
Баланың ой - өрісін, танымдық қабілетін дамыту.
4-і тапсырма: «Не артық?» ойыны.
Дала жануарларына жатпайтын суретті алып тастау.
Мысалы: қой, ешкі, сиыр т.б
Тәрбиеші: Балалар, міне біз барлық ұяшықтың тапсырмаларын орындадық. Олай болса, жасырынған дала жануарларын да таптық. Жануарларды көрсету Қане, қандай жасырынған дала жануарлары екен?
Балалар, олар қайда мекендейді?
Орманда.
Дидактикалық ойын: «Не бар, не жоқ» ойыны.
Ойын шарты: Тақтада тұрған суретті анықтап көріп алу. «Түн» дегенде көздерін жұмып, «Күн» дегенде көздерін ашып, жасырынған суретті тауып айту.
Тапсырма:1.Балабақшада балаларды жануарлармен таныстырудың маңызы
2.Балаларды жан- жануарлармен таныстыруда қолданылатын әдіс- тәсілдер
3.Балаларды үй жануарларын таныстыруда көркем әдебиетті пайдалану жолдары.
4.Үй жануарлары тақырыбына слайд жасау
Достарыңызбен бөлісу: |