Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балаларды рухани- адамгершілікке тәрбиелеу Жоспары


Ұлттық ойындар арқылы адамгершілік пен имандылыққа тәрбиелеу



бет2/3
Дата04.09.2022
өлшемі241,5 Kb.
#38432
1   2   3
Байланысты:
Рухани адамгершілік

2.2. Ұлттық ойындар арқылы адамгершілік пен имандылыққа тәрбиелеу
  • Балалардың бірлескен түрінің аса маңызды түрі және оқуды, еңбекті, басқа да істерді ұйымдастыру тәсілдерінің бірі ретінде ойынның үлкен орны бар, ол әсіресе 1сыныпта өте маңызды. Сюжеттік-шығармашылық ойындардың мазмұны мұғалімдерге балалардың назарын адамлардың өзара қарым-қатынастарының адамгершілік жағына аударуына жәрдемдеседі. Ойынның ережелері ойын қызықты болуы үшін қажетті адамгершілік нормаларды қатаң орындауды талап ететіндей болуы керек.
  • Н.К.Крупская ойынның байқағыштыққа, ептілікке, өзін-өзі ұстай білушілікке және басқа мінездерге тәрбиелейтінін атап айтқан.
  • Балалардың ойындары рольдерді, ойыншықтарды, материалдарды бөлісуден, кезекшілік белгілеуден, т.б. басталады. Бір рольдер қызықтырақ, ал енді біреулерінің қызығы шамалырақ болады; ойыншықтардың ойнаушылардың санынан аз болатыны да кездеседі, сондықтан әркімге өз кезегін күтуге тура келеді. Балалардың адамгершілік сапасы міне, нақ осы арада көрінеді. Әйткені бөлісудің әділ болуы немесе күш, айлакерлік принципіне негізделген әділетсіз болуы мүмкін ғой. Ойын үстінде мінез нормалары, ненің жақсы, ненің жаман екені, қандай жолдастың жақсы, қандай жолдастың жаман екені туралы түсінік қалыптасады.
  • Ойындардың мазмұны адамгершілікті болуы керек, яғни оларда қоғамдық өмірдегі оқиғалардан, адамдардың өзара қарым-қатынастарынан, еңбегі мен демалысынан байқалған жайттар көрінеді.
    • Ойнайтын топтар балалардың тілегі бойынша құрылса, біздер олардың өзара қарым-қатынастарын анықтай аламыз. Кей балалар басқалармен де ойнауға құмар келеді. Бірақ басқа балалармен ойнай алмайтын немесе ойнағысы келмейтін де балалар бар. Ешкіммен де ойнағысы келмейтін балаларға ересек адамдар тарапынан айрықша қолдау көрсетілуі қажет. Ондайларды ойынға қосу — міндеттердің бірі.
    • Мұғалімнің міндеті — ойнап жүрген балаларды мұқият байқап, олардың адамгершілік деңгейін анықтау, сөйтіп дұрыс гуманистік қарым-қатынастарды қалыптастыруға белсенді ықпал жасау. Бұл үшін ұялшақ, жүрексінгіш балалардың өздеріне жолдастар табуына көмектесу, балалардың ойындағы алғашқы жетістіктерін, олардың көрсеткен жолдастық қарым-қатынастарын бағалап отыру керек.
    • Мысалы, «Сыпайылар қаласың. Бұл ойынды оқу жылының аяғында өткізуге болады; онда бабалардың жыл бойына үлгергендерін қорытындылауға мүмкіндік болады. Ол үшін оқудан тыс күн бөлінеді. Бұл күрделі ойын. Балалардың қоғамдық жерлердегі (дүкен, автобус) мінез-құлықтың қарапайым ережелерін, жұмыстағы. Ойындардағы жолдастық ережелерін білуге тиіс.
    • Мектеп ойын өтетін кезде қалаға айналдырылады. Онда «почта», «дүкені», «кинотеатр», «стадион» болады. Ойнаушылар қалада кім қандай қызмет атқаратыны жөнінде рольдерді өзара бөліседі. Ойынға қатысушылардың бәрі «қаланың тұрғындары болады, ал бір бөлігі жұмысшылар мен қызметкерлердің міндеттерін атқарады. Бұлар «сатушылар», «шеберлер», «киномеханиктер», «кассирлер», «бақылаушылар» т.б. Әр ойыншының «ақшасы» мен қатырма қағаз жетондары болады, олар «қаладағы» тәртіп ережесі бұзылған жағдайда қайтып алынады.
    1   2   3




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет