Тақырыбы: Мен мамандық әлеміндемін



Дата24.04.2023
өлшемі19,1 Kb.
#86111
Байланысты:
Тәрбие сағаты. Мамандық таңдау - ең жауапты іс .


Тақырыбы: Мен мамандық әлеміндемін
Мақсаты:
« Мамандық» құндылығы туралы түсініктерді кеңейту. Мамандық таңдау, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым беру.
Міндеттері:
мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту;
мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелеу;
еңбекқорлыққа, еңбекті қадірлей білуге, табысты болуға тәрбиелеу.
Кіріспе
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін қызметінің маңызды бөлігі. Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастырушы, келесі біреулер үшін - жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулер үшін - әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң және т. б. Мамандықты таңдау үшін, ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Дұрыс таңдалмаған мамандық әсері мамандық иесінің ғана емес қоғамға кері әсерін тигізеді. Өз - өзіне “Мен кіммен?” “Осы өмірдегі менің орным қандай”, “Қалай өмір сүремін?” деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем. Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандық бар. Осы көп салалы мамандықтар арасынан таңдау жасау әрине оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қоса алатындай болуы шарт.
Дәйексөз
«Бәрінен күшті адам -
өзіне - өзі сенетін адам.»
«Білім - бақтың жібермейтін
қазығы, білімсіз бақ әлдекімнің
азығы.»
( М. Әуезов)
Мамандық таңдауда қойылатын талаптар:
белсенділік
әлеуметтік жауапкершілік
жоғарғы ой - өріс
терең білімділік
кәсіби сауаттылық
Мамандық таңдаудағы қиындықтар мен қателіктер:
мамандыққа бағыт - бағдар берушілерге ауып кету;
бірден жоғары квалификациялы мамандыққа бағыт беру;
достарынан қалмау үшін мамандық таңдау;
мектептегі таңдаған пәннің мамандыққа сәйкес келмеуі;
өзінің қабілетін, жеке қасиетін анықтай алмау, кемшіліктерін білмеу
Әңгімелесу
1) Егер сенің таңдаған оқуыңа түсуіңе ата - анаң келіспесе не істейсің?
2) Егер сен таңдаған мамандығың бойынша оқуға барып, бірақ қажетті балл жинай алмай, оқуға түсе алмай қалсаң не істейсің?
3) Оқуға түскен соң оқуың ұнамай қалса не істейсің?
4) Сіз қандай маман болуды армандайсыз? Неліктен?
5) Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындалу керек деп ойлайсыз?
6) Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?
7) Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
8) Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
9) Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?
Тапсырма
Ең тәтті көп мамандық
Ең жауапты көп мамандық
Ең жасыл көп мамандық
Ең спортты көп мамандық
Ең күлкілі көп мамандық
Ең ақшалы көп мамандық

Мамандықтар бойынша суреттер слайд арқылы көрсетіледі.

"Әріпті мамандық" сайысы
Әр топқа бір әріптен беріледі. Қай топ сол әріптен басталатын мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске жетеді. Әр командадан бір оқушы шығады, үлестірмені алады. Тапсырманы орындауға 1 минут беріледі.
“А” әрпінен басталатын мамандық.
“С” әрпінен басталатын мамандық.
“М” әрпінен басталатын мамандық.

Қорытынды: “Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады”

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет