БЕКІТЕМІН: Сабақтың тақырыбы: Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай білген жүрекке
Сабақтың мақсаты: Мамандық таңдаудың ең негізгі шарттарын таныту, мамандық бойынша еңбек етуде оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелеу.
ә) дамытушылық мақсаты: логикалық ойлау, жүйелі жоспар құру, іскерлік қабілетті дамыту, оқушыларға кәсіптік таңдау бойынша психологиялық қолдау көрсету, шыңдау.
б) тәрбиелік мақсаты: еңбекқорлыққа, еңбекті қадірлей білуге, табысты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:тренинг сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын элементтері, т.б. Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, суреттер, үлестірмелі қима қағаздар, т.б.
Сабақтың барысы: Кіріспе: Профессия- мамандық дегенді білдіреді.
Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге — әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң. Мамандық таңдау- тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау… Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз — өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоюы керек. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай- ақ өз мамандығының сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді.