«Отан үшін от кешкендер»
Мақсат:Оқушыларды Отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу және Жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың, бүгін саны азайып қалған майдангерлердің рухына бас ие отырып, оқушыларды Отанды қорғауға, ерлік істеріне тағзым етуге, батыл да батыр, ержүрек болуға үйрету. Елін, жерін жаудан қорғай білуге, батырлардың өмірі үлгісінде тәрбиелеу.Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру.Соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіштерге гүл шоқтарын қою.
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Тәрбиешінің кіріспе сөзі
Мәңглік алауға саяхат. Гүл шоқтарын қою
Қорытынды
Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 70 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.
Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500 ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Осы сұрапыл жылдардың отты күндерін еске түсіріп,соғыстың тек қана азап пен қан төгіс екенін, ұлы Жеңістің бізге оңайлықпен келмегені, осы соғыста аталарымыз бен апаларымыздың ерлігін, батырлығын еске түсіріп, «Мәңгілік алау» басына саяхат жасап, гүл шоқтарын қояйық.
Қорытынды.
Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Ұлы Отан соғысында ағаларымыз бен апаларымыз ұлы ерлік, қайтпас қайсарлық көрсетті. Біздің болашағымыз, тыныштығымыз үшін жанын қиған ерлерді ұмытпай әнге, жырға қосып ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыру-біздің парызымыз. Ата-бабаларымыздан қалған асыл мұрамыз туған жерімізді, халқымызды қорғау сендердің азаматтық борыштарың. Сондықтан жүректеріңнен Отанға деген шексіз сүйіспеншілдік орын алсын.
Еліміз аман
Жеріміз тыныш
Аспанымыз ашық болсын демекпін.
АНАЛАРДЫҢ ТІЛЕГІ.
Аналардың тілегі, тыңдайықшы жүрегін, Жаса жайна аналар, жырға қосып жүремін. Болашаққа бастаған, ана деген асқақ ән, Тебірентіп жүректі жыр етеді жас қалам. Қайырмасы:
Алыста жүріп сағынам, Өзіңе мәңгі табынам. Бас иіп өтем анаға Ақ жаулығын жамылған. Қуат күшің талмасын, бақыт гүлі солмасын, Асқарына арманның, ұрпақтарың самғасын. Талай топтан іздеген, ана көрдім жүздеген, Сағынышын жеткізген, жаны жақын қыз деген.
Қайырмасы: Анашым қартаймашы жалынамын.
Алыста жүріп сағынам, Өзіңе мәңгі табынам. Бас иіп өтем анаға Ақ жаулығын жамылған. Оянғанда түнде жұбатып
Ақ сүт беріп өсірген
Басқанымда тәй – тәй қуантып
Тұсауымды кестірген
Қайырмасы:
Анашым құдіретіне табынамын
Көрмесем бір күн сені сағынамын
Анашым қартаймашы жалынамын
Анашым саған қарызым
Бас иемін даңқына
Білемін өтеу парызым
Кір келтірмей атына
Қайырмасы:
Анашым құдіретіне табынамын
Көрмесем бір күн сені сағынамын
Анащым қартаймашы жалынамын