Аяқтың бұлшық еттері. Аяқтың бұлшық еттері.
Аяқтың бұлшық еттері.
Жамбас белдеуі
Аяқтың еттері
Аяқтың бұлшық еттері қызметінің ерекшелігіне байланысты қолдың бұлшық еттеріне қарағанд күшті жетілген.
Жамбас белдеуінің бұлшық еттері алдыңғы және артқы бұлшық еттер болып екі топқа бөлінеді. Алдыңғысына :мықын-бел бұлшық еті жатады. Жамбас-ортан жілік буынның қуатты бүккіші болып табылады. Артқы бөлігіне: Бөксенің үлкені, кіші және ортаңғы бөке, алмұрт тәрізді бұлшық ет, санның шршы бұлшық еті, сыртқы қол сұғарлық бұлшық ет, ішкі қол сұғарлық бұлшық ет.
Санның бұлшық еттері үш топқа бөлінеді: алдыңғы, артқы, және медиальдық топтарға.
Санның алдыңғы бетінде екі бұлшық ет орналасқан – санның төртбасты бұлшық еті мен тігінші бұлшық еті.
Санның артқы бетінде сирақтың үш ұзын бүккіштері орналақан.
Санның медиалдық бетінде қырқалы бұлшық ет, жіңішке бұлшық ет пен үш келтіруші бұлшық еттер орналасады.
Сирақтың сіңірлерінен басқа аяқ басында өзінің меншікті қысқа бұлшық еттері бар. ОЛардың бәрі аяқ басының өзінен басталады. Бүгушілер табанда орналады, жазғыштар аяқ басының сыртқы бетіне жайғасқан. Аяқ басының сыртқы бетіне екі қысқа жазғыштар – башпайлардың қысқа жазғыштары мен улкен башпайдың қысқа жазғыштары жайғасқан.
Сіздің салмағыңыздың 40%-ы, яғни 20-30 кг бұлшық еттерге тиісті. Адам денесіндегі ең үлкен бұлшық ет – сан бұлшық еті. Ел денедегі ең үлкен жамбас сүйегін қозғалысқа келтіреді. Бұлшық еттердің ең көп шоғырланған жері – адамның беті. Осы себепті біздің мимикамыз сан алуан түрлі бола алады. Адам денесіндегі ең мықты бұлшық ет жақтың бұлшық еті екен. Сіз тамақ шайнағанда ол 190 кг күшпен қыса алады. Аяқты қозғалысқа келтіретін бұлшық еттердің саны 19 екен. Олар бір-бірімен байланысқан жұмыс нәтижесінде табаныңызды қозғалтады. Жүрек адам денесіндегі мықты бұлшық еттердің бірі. Өз күшімен ғана ол адам ағзасындағы бар қанды 4 қабатты үйдің биіктігіне көтере алады. Сіздің денеңіздегі бұлшық еттің 50%-ы аяқ бұлшық еттері, 30%-ы қолға, 20%-ы бас және басқа бөліктерге тиесілі. Қарапайым күлкі адам бетінің 40 бұлшық етін іске қосады. 10 жылда адам өзінің бұлшық етінің 3%-ын жоғалтады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
А. Рақышев «Адам анатомия», 151-159, 200-212 беттер.