Кеуде бұлшықеттері кеуде торының бетінде басталып, одан иық белдеуі мен қолдың еркін бөлігіне баратын бұлшықеттерге және кеуде қуысының қабырғалары құрамына кіретін меншікгі (аутохтонды) бұлшықеттерге бөлінеді.
Кеуденің үлкен бұлшық еті- үшбұрышты. Бағана сүйегінің сыртынан, төс және 2 – 6 қабырғаның шеміршегінен басталады. Тоқпан сүйек үлкен томпағына келіп жабысады. Атқаратын қызметі: қолды денеге жақындатады, ішке қарай бұрып көтереді.
Кеуденің кіші бұлшық еті-үлкен бұлшық еттің астында орналасқан. 1-5 қабырғадан басталып, жауырынның құс тұмсықшасына жабысқан.
Атқаратын қызметі: жауырынды төменге тартады, жауырын тыныш тұрғанда қабырғаларды көтеріп тыныс алуға қатысады.
Бұғана асты бұлшық еті- кеуде қуысының сыртқы бүйірінде 1 қабырға мен бұғана сүйегінің аралығында орналасқан. Бұғананы төменге және ішке тартады.
Алдыңғы тісті бұлшық ет- жоғарғы 9 қабырғалардан тіс тәрізді басталып жауырынның медиаль шеті мен төменгі бұрышына келіп жабысады.
Атқар атын қызметі: Жауырынды алға тартады, қолды горизонталь созуға мүмкіндік туғызады.
Көкет (лат. diaphragma ) - көкірек және құрсақ қуыстарын бір-бірінен бөліп тұрған, пішіні күмбез тәрізді жалпақ жұқа бұлшық ет. Күмбездің дөңес келген ортаңғы сіңірлі төбесі көкірек қуысына қарай бағытталған. Көкеттің шеткі етті бөлігі — тарамдалған бұлшықет будаларынан тұрады. Олар бекитін орындарына қарай: бел, қабырға және төс бөлімдеріне бөлінеді. Көкет жиырылған кезде құрсақ қуысына қарай күшті тартылып, көкірек қуысын кеңейтіп, тынысты ішке қарай алуға көмектеседі. Сондықтан, көкетті тыныс алу бүлшық еттерінің инспираторлар тобына жатқызады.
Іштің бұлшық еттері
Іштің сыртқы қиғаш бұлшық еті- жалпақ еті, төменгі 8- қабырғадан басталып, мықын сүйектің қырына барып жабысады. Іштің сыртқы қиғаш бұлшық етінің талшықтары қиғаш орналасқан. Атқаратын қызметі: омыртқа жотасын бүгіп, оны бір жағына қисайтып, тұлғаны бұрап, кеудені төмен түсіреді.