Лейкоздар
Лейкоз жаратылысының ісіктік болып келетін қан жүйесінің ауруы. Эритромия немесе Вакеза ауруы сиякты лейкоз гемабластоз тобына жатады. Гемобластоздардың ісіктік жаратылысына дәлелдер: а) қатты тканьдердің қатерлі ісігі және гемобластоздар этиологиясы бірдей б) өсу қабілеті зор, ана –және метаплазия анық көрінген нашар дифференциялы клеткалар қанда көп, в) ісікті күдеудің болуы, г) лейкоздық клеткалардың зат алмасу ерекшелігі солиттік тканьдердегі ісік сияқты.
Этиология және патогенез процесі ісіктің өсуін талқылаған бөлімде берілді. Айқын қатерлі ісіктер сияқты лейкоздар хромосомдық мутациялар байқалады, ол мүмкін аурудың даму кезінде пайда болуы, дәлірек айтқанда ол бірінші себебі емес ауру туғызушы этиологиялы фактордың әсерінен өзгеріс болып саналады.
Классификация: біріншіден лейкоздарда жедел және созылмалы деп бөледі. Жедел тобына жататындар миелобластылық, лимфобластылық, монобластылық, промиелоцитарлық, эритрмиелоз және дифференцияланылмайтын (айырылмайтын) лейкоздар. Созылмалы лейкоздарға жататындар: созылмалы миелолейкоз (миелоцитарлық), созылмалы лимфолейкоз, моноцитарлық лейкоз, миелоидтық ауру (плазмоцитома, Рустиции-Калераауруы), макро глобулинемия Вальденстрема. Бұларға Вакеза ауруы да қосылады.
Жедел лейкоздардың ішінде жиі кездесетіндері миелобласталық және лимфобласталық түрлері. Шет аймақтағы қанда бласталы клеткалар 98% дейін жетеді. Ең көп кездесетін ликоз –созылмалы миелолейкоз.
Лейкоздардың кез келген түрінеде бласталы клеткалар миело- лимфо-моно-плазмо-бластар қанда табылады. Тек әр түрлі мөлшерде: жедел түрінде олар көбірек, созылмалы аздау, ең бір анық дифференциялды диагностикалық белгі лейкемиялық ойық. Мысалы: созылмалы миелолейкозда қанда грнулоциттердің барлық даму сатысы клеткалары табылады, миелобластар –промиелоциттер-миелоциттер-метмиелоциттер таяқша ядролық –сегментті ядролы нейтрофильдер, эозинофильдер, базофил жедел лейкозда барлық клеткалар болмайды, аралық клеткалар жоқ болады, миелобластар көбі, аз ғана промиелоциттер болуы мүмкін, сосын бірлі –жарым жетілген гранулоцит-сегментті ядролы нейтрофил, таяқша ядролы болуы мүмкін. Сонымен бұл көрсеткен жайда миелоцит пен метамиелоцит мүлдем жоқ –ойық дейміз.
Созылмалы миелолейкозда ауру күшейген кезеңдерін де миелобластар промиелоцитте ркөбейеді, сонда да басқа бүкіл клеткалар қатарын қан да табуға болады. Созылмалы лимфолейкозда қанда лимфобластарды, пролимфоциттерді, лимфоциттерді табу сәйкес өзгеріс. Жедел түрінде лимфоидтық клеткалар үлесі 90% және одан да жоғары болуы мүмкін. Созылмалы моноцитарлық лейкоздың гемотологиялық көрінісі: монобласт, промоноцит, моноцит.
Лейкоздарда клеткалық өзгерістер болады (вакуолдық дегенерация, пикноз) және қызмет атқару (функциялық) бұзылыстарынан тұрады. Соншама көп лейкоциттер болған мен, олар фагоцитоздық функциясын толықатқара алмайды, гуморалдық және клеткалық иммунитетке қатыспайды. Сондықтан лейкоз ауруында қосымша инфекция дамып, содан өлімге апарады (сепсис). Лейкоциттерде цитохимиялық өзгерістер байқалады.
Лейкоздың асқынуы онымен бірге дамитын қосымша анемия мен тромбоцитопениядан болады. Олардың дамуы гемопоэз негізін салушы клеткалардың тек бірыңғай өсуінен –лейкопоэздың күшеюінен. Осылай пайда болған анемияда қанда ішінара нормобластар бар. Қосымша тромбоцитопения қана ғушылықты тудырады.
Лейкоздарда сүйек миынантыс (экстро медулярлық) қан жасау ошақтары пайдаболады (бауырда, басқа да ішкі мүшелерде). Бауыр, талақ, лимфа түйіндері үлкейеді.
Лейкоздың тағы бір классификациясы бар –ол сан жағынан. Лейкомиялық лейкоз –лейкоцит саны 50 мыңнан асады, жиі 1 мкл. 100-200 мыңға жетеді, одан да жоғары болады: сублейкемиялық -1 мкл. 15-50 мыңға дейін: алейкемиялық -10-15 мың 1 мкл: миелоидтық ткань титықтаған кезде –лейкопениялық (мкл. 4 мыңға және одан төмен) түрі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |