Тақырыбы: Назология. Қан жүйесі мен қан жасайтын мүшелер патологиясы



бет7/14
Дата10.05.2022
өлшемі47,85 Kb.
#33943
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
Назология. Қан жүйесі мен қан жасайтын мүшелер патологиясы

Постгеморраргиялық анемиялар

Жедел постгеморраргиялық анемияның дамуы қан тамырларының жарақатымен немесе оның кенересінің ойылып немесе желініп кетуіне байланысты. Мысалы: денеге оқ тигенде, жарақаттанғанда сол жерден ағады. Асқазан жарасының түбіндегі қан тамырларының немесе жатырдан тыс жүктілік кезіндегі жатыр өзегінің қан тамырларының желініп кетуі де жедел анемияға соқтырады. Қолқаның кеңейген (аневризма) жарылып кеткенде ауру бірнеше минут ішінде өліп қалады. Өлген кісіні ашып қарағанда оның ішкі ағзаларының оншалықты қансызданбағаны анықталады. Ауру кенеттен қан келми қалғанына байланысты жүректің тоқтауынан өледі.

Созылмалы посгеморраргиялық анемияда мәйітті ашып көргенде ішкі ағзалар анемиясымен бір қатарда қан жасаушы жүйеде регенерация белгілері табылады. Ұзын сүйектердегі сары жілік майының қызыл майға айналғанын, экстрамедулярлы (жілік майынан тысқары) қан жасап шығару ошақтарының пайда болғанын көреміз. Ұзаққа созылған гипоксия нәтижесінде жүректе, бауырда және бүйректерде дистрофиялық өзгерістер байқалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет