Тақырыбы: Өкпе тінінің тығыздалу синдромы. Өкпеде қуыстың болуы синдромы. Бронхтардың кеңею синдромы



бет3/4
Дата07.11.2022
өлшемі29,07 Kb.
#48173
1   2   3   4
Байланысты:
сроп 4 окпе жанерке

Өкпеде қуыс пайда болу синдромы.
Өкпеде қуыс пайда болу синдромы этиологиясы өкпе іріңдігі(абсцессі), гангренасы п.б., кавернозды туберкулезден, сол сияқты қатерлі ісік ыдырауынан б/ы. Өкпе абсцессі белгілері:
1. ірің ашылғанша
2. ашылғаннан кейінгі кезең
Бірінші кезеңде науқас дене қызуы жоғары, қызу көтерілуі қалтыратып тоңдырады, төмендеуі терге малшындырады. Науқастың жалпы жағдайы интоксикация салдарынан ауыр. Қарағанда кеуденің ауратын жері тыныс алудан қалыңқы, кейде тынысқа қатыспайды. Пальпацияда дауыс дірілі күшейген, соңынан іріңдік қалыптасып инфильтрат сұйыққа айналғанда
дауыс дірілі әлсірейді. Перкуссияда перкуторлы дыбыс тұйықталған. Аускультацияда алғашқыда бронхиальді реңді везикула тынысы, соңынан әлсіреген везикула тынысы естіледі. Рентгенде өкпе тіні ішінде шар тәрізді гомогенді біртекті қараю бар. Оның шеттерҚанда лейкоцитоз, ЭТЖ тездегені байқалады. Екінші кезеңінде қуыс ішіндегі ірің бронх арқылы тысқа қақырық түрінде бөлінеді. Осы сәтте науқас тәулігіне 1.0- 1.5 литрге дейін қақырық бөлуі мүмкін. Тыныс жолдары тітіркенгеннен жөтел п.б. Пальпацияда қуыс үстінде дауыс дірілі күшейген, перкуссияда аурудың біріші кезеңінде анықталатын тұйықталған дыбыс орнына тимпанды реңді өкпелік дыбыс, ал құыс ірі және беткейлі орналасса металл дыбысты тимпанит б/ы. Аускультацияда бронхиалды тыныс, ірі көпіршікті ылғалды сырылдар, ірі құыс тұсында амфоралық тыныс. Бронхофония күшейген.Қақырықты тексергенде оның екі қабаттан тұратыны анықталды, бириншиси серозды сұйықтық, екінші беті кілегейлі. Тұнбада детрит (ыдыраған тін қалдықтары) болса, оны үш қабатты қақырық дейді. Онда
лейкоциттер, коккты флора, іріңді денешіктер, эластикалық талшықтар, эритроциттер, гематоидин кристалдары бар.
Бронхэктатикалық ауру. Бронхтардың кеңею синдромы.
Бронхэктатикалық ауру – негізінде бронхтарда қабыну үрдісін дамытатын бронхтардың деформациясы және кеңеюі жататын созылмалы ауру. Өкпенің төменгі бөліктерінде және сол жақ өкпеде жиі кездеседі,бұл бронхтардан өкпенің төменгі бөліктерінің дренаждалу қабілетінің нашар болуына байланысты. Сол жақ бас бронх кеңірдектен 75 градус бұрышпен
бөлінеді және ұзындығы 5 см,ал оң жақ бронх 25 градус бұрышпен шығып,2-2, 5 см ұзындықта болады. Клиникалық көріністері. Бронхэктазиямен ауыру көбінесе балалық шақтан басталады. Оған өршу кезеңдерімен ауысатын ұзақ,көп жылдық ағым тән. Бронхэктазиямен ауыратын балалар өз қатарындағы балалардан физикалық дамуы бойынша кешеуілдейді. Анамнезінде бронхиттермен және пневмониялармен жиі
ауыратындығы анықталады. Жөтел үнемі немесе кезеңді болады,жиі ылғалды және суық мезгілдерде өршиді.Басында жөтел құрғақ немесе аз мөлшерде қақырық(10-50мл) бөлінеді.Қақырық шырышты-іріңді, иісі онша айқын емес.Көпшілік науқастар 50-200-500 мл және одан көп қақырық бөледі. Ремиссия кезінде қақырық шырышты немесе шырышты-іріңді
сипатта болып табылады,оңай бөлінеді,оның көлемі азаяды. Науқас белгілі бір дренажды қалыпқа енгенде, көп мөлшерде қақырық бөлінеді,ол ошақтың орналасу орнына байланысты және дренажды функцияны жақсартуға бағытталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет