Тақырыбы: Өкпе тінінің тығыздалу синдромы. Өкпеде қуыстың болуы синдромы. Бронхтардың кеңею синдромы



бет2/4
Дата07.11.2022
өлшемі29,07 Kb.
#48173
1   2   3   4
Байланысты:
сроп 4 окпе жанерке

Транссудат жиналу - организмде су-электролиттер тепе-теңдігі бұзылу, қанның
осмостық, онкотикалық қысымының өзгеруі, тамырлардағы гидростатикалық
қысым жоғарылауына байланысты туындайды.
Өкпе ұлпаларының тығыздалып қатаюы туындайтын келесі механизм - өкпе
тіндерінің басқа ауасыз тығыз тіндермен алмасуы: дәнекер фиброзды
тіндермен алмасуы - пневмосклероз, қатерлі ісіктер тіндерімен алмасуы -
өкпе обыры, өкпе тіндерінің іріңдеп ыдырауы - өкпе абсцессі.
Өкпенің ауадан босап солып қалуы ателектаз деп аталады. Морфология-лық
өзгерістер тұрғысынан қарайтын болсақ, ателектаз да өкпе тіндерінің
тығыздалуы болып табылады. Ателектаз деген сөздің дәлме-дәл мағынасы
жазылып созылмауы дегенге келеді. Өкпенің сырт жақтан басылып қалуы
(плевра қуысына сұйықтық немесе ауа жиналу, үлкен қатерлі ісіктер) -
компрессиялық ателектаз деп аталады. Бронхтар бітеліп (бөгде зат, қатерлі
ісік), бронхтар бойымен өкпеге ауа бармағандықтан өкпе тіндері солып
қалуы обтурациялық (бітегіш) ателектаз болып келеді.
Сонымен, өкпе тіндерінің тығыздалып қатаюы әр түрлі ауруларда және
патологиялық жағдайларда кездесе береді. Аталған аурулардың әр
қайсысының өзіне тән көптеген ерекше әйгіленімдері болғанымен, бұлардың
барлығына ортақ болып келетін бір қатар белгілерді іріктеп алуға болады.
Бұл белгілер жиынтығы өкпе тіндерінің тығыздалуы синдромы болып табылады.
Клиникалық белгілері. Өкпе тіндерінің тығыздалуы синдромы көріністері
науқасты тексеру барысында, тікелей, физикалық зерттеулер
қолданғанымызда және инструменталды тексерулер қолданғанымызда анықталады.
Сұрастыру арқылы науқас ентігетінін білеміз. Өкпе тіндерінің тығыздалуына
әкелетін механизмдерді еске түсіретін болсақ, науқас көбіне демін ішке ала
алмай қиналады - инспираторлық ентігу. Ентігу дәрежесі тығыздалып, істен
шыққан өкпе көлеміне байланысты болып келеді, мысалы бөліктік пневмония
жағдайында бұл көрініс айқын келсе, ошақты пневмониямен сырқаттанған
науқас ентікпеуі де мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет