Тақырыбы: Өмірлік және жұмысқа қатысты қажеттіліктерді қанағаттандырудағы стресті басқару



бет7/11
Дата25.04.2022
өлшемі59,46 Kb.
#32163
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Микрострессорлар (күнделікті қиындықтар). 1981 жылы ғалымдар тобы (Kanner A. D., Coyne J.C., Schaefer C., Lazurus R. S.,) өмірлік жағдайлардың әсерін зерттеуде белгілі бір төңкеріс енгізді. Өздерінің бақылауы мен Ч. Буковскийдің бір өлеңінің мазмұнына негіздей өтырып, олар адамдар өмірдің ауыр қиыншылықтарына қарағанда күнделікті таусылмайтын майда «трагедиялардан» көбірек зардап шегеді деген. Осыған байланысты күнделікті аурытпашылықтардың кейде бір-біріне және критикалық өмірлік жағдайларға да ұқсас түрлері талқыланады. Kanner A. D. әріптестері мен бірге күнделікті қиыншылықтарды өзін нашар сезіндіретін және қорқыныш тудыратын намысына тиетін немесе фрустрациялық немесе жоғалтумен байланысты сезімдерді бастан кешіруге алып келетін стресстік өмірлік жағдайлар деп түсіндіреді. Кейде өмірлік қиындықтар индивидтің өмірінде кездесуге мүмкідігі жоғары майда өмірлік жағдайлар да қарастырылады. M. Perrez, M. Reicherts күнделікті уайымдау мен мінез-құлық эпизодтарын ауырлататын өмірлік стрессорлар деп анықтаған, олар дұрыс бағалау мен ерекше құралдарды қажеттеді. Жалпылай алғанда әртүрлі зерттеулер ұқсас нәтижелерді алып келеді. Kanner A. D. және әріптестері күнделікті стресстік аурытпалықтар ретінде мынадай проблемаларды көрсетеді: сырт келбеті мен салмағына қанағаттанбаушылық, отбасы мүшелерінің денсаулығы мен оған деген күтім, тұтынатын тауарлардың тауарлардың бағасының жоғарлау, жұмыстағы стресс, салық төлеу және т.б. [15, 340-367 б.].

Сонымен қатар күнделікті қиындықтарды қарапайым түсініктер мен категорияларға бөліп көрсетуге болады: жұмыс бабындағы стрессорлар (жұмыстың көп болуы, жұмыстағы конфликт, тапсырмаға берілген уақыт қысқалығы және т.б.), адамдар арасындағы және әлеуметтік стрессорлар: (отбасындағы, көршілер арасындағы конфликт, екіжүзділік және т.б), рөлдік стрессорлар.(мыс: екі рөлдің болуы-үй шаруасындағы айел болу мен кәсибі қызмет пен айналысу).

Р. Лацарустың пікірінше өмірде тек кері күнделікті жағдайлар емес сонымен қатар жағымды эмоция тудыратын рухани жоғарғы күйде де болады, және жағымсыз жағдайлар мен стрессті тудыруы мүмкін. Бірақ бұл пікір расталмады, сондықтан да дамымады.

Р. Лацарус және басқа зерттеушілер күнделікті стрессорлардың тәуелсіз және кординацияланатын функцияларын талқылады. Кейде күнделікті қиындықтар ауыр стресстерден бөлек адамның көңіл-күйіне әсер етуі мүмкін деген ұсыныс қаралады, бұл психикалық және соматикалық функциялар. Сонымен қатар олар одан да күшті және хронологиялық стресстердің әсерін күшейтеді. Мысалы: серігін жоғалту, көптеген жаңа күнделікті стресстерді алып келеді: бітпеген істі өзі аяқтауы керек, ақшалай шығындарды шектеу керек және т.б.

Күнделікті стресстік жағдайлар жалығуға алып келеді деген факт эмпирикалық расталған. Бірақ көптеген зерттеулер күнделікті стресстік жағдайлардың көңіл-күйінің нашарлауына әкелетін болса, кейде керісінше: қалыптасқан психикалық симптомдар тұрмыстық жағдайлардың стресс ретінде қабылдауға үлес қосады. Осы тақырыпқа байланысты заманауи зерттеулер қәзіргі уақытта біз күнделікті стресстердің нақты жүйесін білмейтінімізді дәлелдейді. Көп жағдайлар тәуелсіз мәселеге қарағанда психикалық проблемалардың симптомы ретінде есептеледі. Қандайда бір жағдайдың 48 аурытпалығы индивидтің көңіл-күйі мен субъективті бағалауына байланысты болуын анықтау керек [16, 39-50 б.].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет