Тақырыбы: Өмірлік және жұмысқа қатысты қажеттіліктерді қанағаттандырудағы стресті басқару


МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ СТРЕССКЕ ТӨЗІМДІЛІГІН ДАМЫТУ ТӘСІЛДЕРІ



бет2/11
Дата25.04.2022
өлшемі59,46 Kb.
#32163
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ СТРЕССКЕ ТӨЗІМДІЛІГІН ДАМЫТУ ТӘСІЛДЕРІ

Кез келген ұйымның маңызды әлеуметтік-психологиялық тетіктерінің бірі-басқару нысанының тұлға болуымен негізделеді. Сондықтан кадр саясатын қалыптастыруда «адам факторына» ерекше назар аудару қажет. Әсіресе мемлекеттік қызмет саласында адамдарды мотивациялаудан бастап, құндылықтар мен әлеуметтік-психологиялық ахуалы және эмоциялық аймағын зерттеу өзекті мәселелердің бірі ретінде алға шығады.

Бүгінде мемлекеттік қызметшілерді аттестаттау нәтижесінде бірқатар құзыреттіліктерге назар адару қажеттілігі туындауда. Солардың кейбірін атап өтетін болсақ: іс-әрекетті басқару, ынтымақтастық, шешім қабылдау, жеделдік, өзін-өзі дамыту, адалдық жауапкершілік, стресске төзімділік және т.б. Біздің мақаламыз мемлекеттік қызметшілердің стресске төзімділігін дамыту тәсілдеріне бағытталады.

Қазіргі таңда тұлғаның стресске төзімділігі мәселесі, әсіресе жоғарыда атап кеткендей, мемлекеттік қызмет аймағында ерекше назарға алынып отыр. Мемлекеттік қызмет саласындағы ісәрекет ерекшеліктері, трансформациялық көшбасшылық, жеделдікті талап етуі, жауапкершіліктің екі еселенуі, ақпараттың көптігі, әлеуметтік жағдайдың әртүрлілігі және т.б. тұлғаның психологиясына әсер етері сөзсіз. Сондықтан қызметте және жеке өмірде стресске тұрақтылық таныту қажетті құрылымдардың бірі болып табылады.

Стресс ұғымын зерттеу психология ғылымы үшін жаңа бағыт емес, дегенмен оның өзектілігі жойылмай отыр. Ең алғаш стресс терминін У. Кэннон «Күресу немесе қашу» еңбегінде стресстік жағдайға ағзаның әсерлесуі ретінде сипаттайды [1].

Белгілі ғалым Г. Селье стрессті термин ретінде алғаш қолданушы болып табылады. Аталмыш ғалым бастапқыда стрессті сыртқы күшті тітіркендіргіштерге ағзаның және сүтқоректілердің жауап қайтаруында туындайтын ерекше қалып ретінде, кейіннен зерттеуді тереңде түсіп, стресс кез келген оған қойылған талапқа ағзаның кездейсоқ жауабы деп тұжырымдайды [2].

Мемлекеттік қызметшіге кәсіби талаптардың күшеюі, жұмыс ауқымының артуы, ақпараттар легінің көбеюі стресске төзімділікті төмендету қаупін туындатады. Бұл әрине ағзаның жалпы күйіне, жұмыстың тиімділігіне және нәтижесіне әсер етері сөзсіз. Қызметтің, жалпы өмірдің қай саласында болсын стрессіз және физиологиялық-психологиялық қысымсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан психологиялық қысымды төмендету қажеттілігі алға шығады.

Стресс әртүрлі мамандық иелері, яғни құндылықтары мен мақсаттары қалыптасқан тұлғалар бастан кешіретін феномен болып табылады. Жиі немесе ұзақ уақыттық стресстік күйдің нәтижесінде әртүрлі психосоматикалық аурулар дамитындығы белгілі. Стресстік жағдай физикалық және психикалық процесстердің артық күш жұмсалуына, функционалдық күйдің бұзылуына, ағзаның әлсіреуіне, ұйқының бұзылуына, созылмалы шаршау синдромына, жалғыздық сезіміне, қобалжудың жоғарылауына, агрессивтіліктің және конфликтіге түсу жағдайының артуына алып келеді. Әсіресе мемлекеттік қызмет саласында айтатын болсақ, тұлғаның жеке статусының өзгеруін, кәсіби имиджінің төмендеуін, еңбек тиімділігі мен қауіпсіздігінің бұзылуын, әдеп кодексінің сақталмауын туындатуы мүмкін.

Көптеген зерттеулерді қарайтын болсақ, адам стресстік әсердің қарқынды заманында өмір сүруде және оның көрсеткіштері мен кернеуі әрдайым көбеюде деп көрсетілген [3, 4]. Мұның себебін қазіргі таңдағы техниканың жетістігі, ақпараттың көптігі, тұлғаралық коммуникацияның әлсіреуі деп те көрсетуге болады.

Мемлекеттік қызметшілердің қызмет ерекшеліктерінің бірі мемлекеттің саяси− экономикалық бағытын жүзеге асыру, халықпен өзара әрекеттесту және т.б. екені белгілі. Осы орайда, мемлекеттік қызметші әдеп кодексін назарға ала отырып, өзіне жүктелген жауапкершілігі жоғары қызметті адал орындауы тиіс. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары жіті «бақылауда» екені де белгілі. Сондықтан мемлекеттік қызметшілердің стресске төзімділігі құзыреттіліктің бірыңғай шеңберінде қарастырылып отыр.

Мемлекеттік қызметте, жалпы кәсіби іс-әрекетте стресске төзімділікті дамыту мәселесі практикалық құндылығы жоғары мәселелердің бірі болып табылады. Ол үшін әрине мемлекеттік қызметші тек іс-әрекетін ғана емес, стрессті де басқарып үйренуі тиіс. Сырттан келетін тітіркендіргіштерді адам жағымды қабылдап, белсенділікті оятып тікелей іс-әрекетке бағытталатын болса, стресске төзімділік көрсеткіші жоғарылайды.

Стрессті басқаруды мекеме немесе жеке қызметкердің деңгейінде жүзеге асыруға болады. Стрессті басқару мекеме деңгейінде келесідей бағытта жүзеге асыруға болады: кадрларды таңдау және ауыстыру; нақты және орындалатын міндеттер қою; жұмыстарды жобалау; өзара әрекеттесу және топтық шешім қабылдау; қызметкерлерді сауықтыру бағдарламасы; тимбилдинг құру және т.б.

Соңғы кездері мемлекеттік қызмет саласында «Даму күні» өткізіліп келеді. Бұл күні ұжымдық және тұлғалық рухты көтеру мақсатында танымдық бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылады.

Қызмет барысында жұмыстың әртүрлі сипаты және мазмұны түрлі деңгейдегі стресстік жағдаятты құрады. Қызметкерлердің өзі де осындай жағдаяттарда әртүрлі әсерленеді, мәселен бірі стресске тез түссе, өзгелері оған төзімділік танытады. Сондықтан кадрларды таңдау және ауыстыруда экономикалық және әлеуметтік жағымсыз құбылыстарды болдырмау үшін жоғарыдағы факторларды назарға алып отыру қажет.

Мемлекеттік қызметте нақты және күрделі орындалатын міндеттерді қою арқылы стресс туындау қаупін төмендетуге және қызметкерлердің мотивациясын арттыруға болады. Сонымен қатар нақты жұмысты орындауға қатысты басшы мен қызметкер арасындағы жүйелі кері байланыс (мәселен, аралық кезеңдегі жұмыстың сапасы және мерзімінде орындалуын бағалау) позитивті факторлардың бірі болып табылады.

Жұмысты жобалау әрбір қызметкерге жекелей қатынас танытқанда тиімдірек болады. Қызметкерлердің көпшілігі (әсіресе жастар) өзбетінше шешім жасап, жұмыс тәсілі мен стилін еркін таңдауды қалайды. Кейбір қызметкерлерге біртекті ескішілік тәсілдерін, жұмыстың әдеттегі қарқынын және еңбек әдістерін сақтау қанағаттандыратындықтан стресс жағдайының туындамауына көмектеседі.

Жоғарыда атап кеткендей қызметкер нақты қойылған міндеттерді, қызмет нәтижесі қандай көрсеткіштер мен өлшемдердің негізінде бағаланатынын білмесе стресс жағдайы жиі туындайды. Бұл жағдайда өзара әрекеттесу және шешемдерді командада қабылдау тиімді болып табылады. Егер қызметкер жұмыс барысын және мекеме алдындағы міндеттерді талқылауға және қабылдауға қатысса, онда жұмысты өзбетінше жоспарлауға, өзін–өзі бақылауға бағытталатындықтан стресс туындауының алдын алады.

Қызметкерлерді сауықтыруға жұмыс уақытында артық жүктеменің болмауын, спортпен шұғылдануын, бос уақытын әртүрлі формада ұйымдастыра алуын және т.б. жатқызуға болады.

Жалпы алғанда қызмет барысында стресске төзімділік таныту мекеме деңгейінде ғана емес, әрбір мемлекеттік қызметшінің өзіне тәуелді болып табылады. Әрбір мемлекеттік қызметшінің стресстік жағдайларға оңтайлы қарап, позитивті қабылдап, іс-әрекет жоспарларын анықтауға бағытталғаны жөн.

Стресске ұшырамау үшін жағымсыз құбылыстарды дер кезінде ұғынып, іс-әрекетке қарай бағытталу қажет. Стрессті ескерту бойынша қазіргі тәжірибеде бірнеше ұсынымдар бар [5]. Атап өтетін болсақ, өз уақытын тиімді ұйымдастыру, спортпен шұғылдану және дене жаттығуларын жасау, өзіндік гипноз және релаксация техникаларын игеру.

Жоғарыда атап кеткендей, көп нәрсе мемлекеттік қызметшінің өзіне байланысты болады. Стрессті болдырмау үшін жағымды әлеуметтік факторларды құру маңызды. Бұл ең алдымен отбасында сыйластық қарым-қатынас орнату, қызметтегі әріптестерімен және достарымен қолдаушы және ниеттестік қатынас құру.

Тұлғалық деңгейде стресске төзімділік танытудың төмендегідей әдістері бар:


  • жүйелі белсенді демалыс; релаксация (йога сабақтары, медитация, аутотренинг);

  • мінез-құлықты бақылау дағдыларын дамытуға арналған тренингтер;

  • өз уақытын жоспарлау; 20 ұйқы ұзақтығының жеткіліктілігі;

  • когнитивтік терапия және т.б.

Стресске төзімділікті дамыту үшін жұмыс орнында жасалатын қарапайым тәсілдер бар. Мемлекеттік қызметшінің жұмыс орны компьютер алды екені белгілі. Осы орайда, стресстің деңгейін төмендетудің бірден бір қарапайым тәсілі – қозғалыс жасау болып табылады. Қозғалыс жасау барысында адамның қан айналымы белсендіріледі. Сондықтан мекеме ішінде жүріп, баспалдақпен жоғары-төмен түсіп, қысқа уақытқа таза ауаға шығып тұру қажет. Егер мүмкіндік болса отырып-тұрып, қабырғаға қолды бүгіп-жазып, қолды сермеуге болады.

Қарапайым тәсілдердің тағы бір түрі – ойлау әрекетін басқа нысанға бұру үшін әріптеспен жұмыс барысынан басқа арнада әңгімелесу. Әрине бұл әріптестің сол сәтте бос болса және шешілмеген қаурыт жұмысы жоқ болған жағдайда мүмкін. Әйтпесе әңгімелесу іскерлік шиеленіске айналып кетуі ықтимал.

«Қол жұмыс істейді, бас демалады» қағидасын қолдана отырып, кез келген күрделі емес механикалық жұмыс орындау: столдағы құжаттарды ретке келтіру, гүлдерді суару және т.б. Стресстік жағдаятта қызметкер аз уақыт болса да ағзасына демалыс беруі қажет және тапсырма қысым туындатып, тітіркендірсе, онда зейінді басқа арнаға аударуға болады.

Қорытындылай келе, стрессті жағымды қабылдайтын болсақ, онда ол қызметкердің әлеуетін ашады, мүмкіндіктерін анықтайды, істі басқа қырдан көруге көмектеседі, іс-әрекетке белсендіреді.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет