Тақырыбы: Өмірлік және жұмысқа қатысты қажеттіліктерді қанағаттандырудағы стресті басқару



бет8/11
Дата25.04.2022
өлшемі59,46 Kb.
#32163
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Макрострессорлар (өмірдегі критикалық жағдайлар). Адам өміріндегі критикалық оқиғаларды түсінуміз үшін ең алдымен үш критерийді атап өтейік:

− Оларды хронологиялық стрессорлардан уақыт пен кеңістігіне қарай айыруға болады.

− Олар «индивид − қоршаған орта» құрылымы бойынша сапалы қайта құруды талап етеді. Және осы арқылы уақытша және өтпелі адаптациядан ерекшеленеді.

− Олар күнделікті өмірде жиі кездесетін эмоцияларда көрінеді. Критикалық өмірлік жағдайлар күнделікті микрострессорларға қарағанда ұзақ уақыт пен көп күш жұмсалады. Сондықтан бұл жағдайлар макрострессорлар деп аталады.

Егер критикалық өмірлік жағдайлар биологиялық және мәдени сипатқа ие болса: және олар белгілі бір мәдени орта мүшелерінің бастан кешкен болса, нормативті жағдайлар деп саналады. Осыған орай нормативті емес критикалық өмірлік жағдайдағы күтпеген және аяқасты сипатпен ерекшеленеді. Мысалы: жақын адамының өмірден озуы. Критикалықтар позитивті (қалаулар, әлеуметтік позитивті мәнге ие: неке, балалы болуы және т.б.), сонымен қатар негативті (қалаусыз, жағымсыз эмоцияларды сезіндіретін: қайғы, қорқыныш т.б.). өмірлік жағдайлармен сипатталады. Стресстік жағдайлардың концептуализациясы эпизодтар сияқты, мінез-құлықтың психологиялық реконструкциясы. Алғашқы шарттарының талдауы, процесс және нәтиже әртүрлі деңгейде жүзеге асуы мүмкін.

Макро деңгейде, мысалы: жақын адамның өлімі қайтыс болған кезден бастап траурмен аяқталатын стресстік эпизод сияқты көрінуі мүмкін. Бұл жағдайда «критикалық өмірлік жағдай» концепциясы құрылымды қамтамасыз етеді. Дәл осы эпизодты кезекті микроэпизод деп қарауға болады, қысқа мерзімді стресстік эпизод, мысалы: ұйқысыздық, айрылысу туралы ауыр ойлар, және оны тыныштандыратын дәрі арқылы басу және әрі қарай ұйықтау. Микроэпизодтармен иницируяланатын стрессорлар валенттілік мөлшерімен бастапқы, қосалқы қиындықтар болуы мүмкін. Микроэпизод деңгейіндегі макро жағдайлар талдауы психологиялық негізделген болып саналады. Критикалық өмірлік жағдайлар егер кезекті қарапайым микроэпизодтар арқылы көрінсе психологиялық талдауға ынғайлы болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет