П.Я Чаадаев (1974-1856) тарих
философиясын дамытты. Оны адам жəне
қоғам философиясы қызықтырды.
Чаадаевтың
пікірінше,
адам
-
материалдық
жəне
рухани
субстанцияның бірлігі. Адам өзін тек
ұжымда ғана адам ретінде сезіне
алады. Туғанынан өмірінің соңына
дейін
ұжымда
өмір
сүретін
болғандықтан, адам онда тұлға ретінде
өсіп жетіледі. Ұжымдық өмір - адамның
басқа тіршілік иелерінен ең негізгі
айырмашылығы. Чаадаев менмен
жекешіл эгоизмнің барлық түріне қарсы
шықты.
Ойшылдың пікірінше, тарихи процесс
құдайдың көріп келдігіне сүйенеді.
Құдай еркінің шынайы көрінісі –
христиандық дін.
XIX ғасырдың философиялық дамуы
либералды бағытпен аяқталады. Оның
көрнекті өкілі В.С.Соловьев (1853-1900).
Оның негізгі философиялық идеялары:
- бүкіл бірлік идеясы – материалдық жəне
рухани болмыстың бірігуі мен үйлесуі;
- адам өмірінің бастапқы қыры адамгершілік,
оның төменгі деңгейі – құқық, жоғарғы
деңгейі – сүйіспеншілік;
- барлық ұрпақтардың өзара байланысына
негізделген прогресс идеясы;
- игіліктің көрінісі болатын Құдай идеясы;
- өмір жолы құдай, адамгерішілік, игілік
құндылықтарына құрылған «құдайдан адам
идеясы»;
- жалпы Құдай даналығы – София идеясы;
Қорытынды:
Философиялық ой-пікірдің Ресейде дүниеге келуі XI ғ.
басталып, негізінен, христиандық дінді қабылдаумен
байланысты болды. Осы уақыттан бастап Ресейдің
ойшылдары өз мемлекеттерінің Құдай нұрының
шапағатына қатысты екенін негіздей бастады. Алғашында
ойшылдардың ой өрісі адамның жүріс-тұрысын ретке
келтіретін мақал-мəтел, нақыл сөздерге, соңынан
православие дінінің бүкіл адамзат цивилизациясының
дамуындағы ерекше орыны негіздеуге бағытталды.
Достарыңызбен бөлісу: |