Тақырыбы: Орта жəне жоғары буындағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың өлшемдері мен процедурасы Жоспары



бет4/6
Дата19.12.2022
өлшемі29,91 Kb.
#58274
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
11 лек

Топтық бағалау.
Оқушылар топтарда бірлесіп жұмыс атқарған жағдайда әр топтың жекелеген мүшелері өз үлестерін қосуда үлкен жауапкершілік сезініп, сабақ барысындағы білімді игеруде айтарлықтай жетістіктер жасайды. Оқушылардың таразылау, қорытындылау, шешім қабылдау сияқты маңызды дағдыларын қалыптастырудың ең оңтайлы әдісі. Бұл әдісте барлық 3 топтың да оқушылары бағаланады. Сабақтың жоспарланған іс - әрекеттер барысында ұсынылатын тапсырмаларды ретімен жауап берген немесе өз тобы үшін үлес қосқан, жұмыстарын сәтті қорғаған оқушылар өз тобының тұсынан есімдері жазылған стикерлердің ілінуі арқылы бағаланады. Нәтижесінде әр топ мүшелері батыл белсенділікпен жылдам ойлауға, дұрыс анықтамалар мен деректер келтіруге, өз тобындағы үлгерімі төмендеу оқушылардың жауап беруіне топ белсенділерінің араласуына, бір - біріне жан аямай көмек көрсетеді. Сондай - ақ бұл бағалау түрінде барлық сынып оқушылары сабаққа түгел қатысады, әрі түгел бағаланып, ынтымақтастықпен өз жауапкершіліктерін сезінеді.
Критериалды бағалау.
Оқушылардың өзін - өзі бағалау және өзара бағалау үдерістерінің дамуына ықпал ету мақсатында сабақта критериалды бағалауды табысты қолдану. Топ бағалаушысы өз тобының мүшелерін парақшаға толық түсіреді. Содан сабақ барысындағы берген жауаптарын 4 түрлі критерийлер арқылы 5 балдық жүйемен белгілейді. Төменде көрсетілген критериалды бағалаудың критерийлері:
- топтық жұмыстағы белсенділігі;
- оқушының ізденісі;
- сұраймыз - жауап береміз;
- өз жұмысын қорғауы.
Осы критерийлердің жалпы балын есептеп, жиынтық бағаны белгілеу – топ ішіндегі жұмыстың жан - жақты өрбуіне, ізденуіне және әрқайсысының жеке пікірін тыңдағанда бір - біріне құрметпен қарағандықтары байқалды.
Оқыту нәтижелерін бағалау. Бақылау – білім, іскерліктерді анықтау, өлшеу және бағалау. Тексеру – бақылаудың бір бөлігі, негізгі дидактикалық қызметі мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету, оқушылардың материалды қалай түсінгендігі туралы мұғалімнің ақпарат алуы, білімдегі кемшіліктерді дер кезінде табу. Бақылаудың жалпы қызметі; тексеру, оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ынталандыру. Тексерудің мақсаты - оқушылардың білім деңгейін, оның сапасын, оқу еңбегінің көлемін анықтау.
Бақылау арқылы процеске, оның нәтижелеріне баға беріледі. Үлгерімнің табеліне, сынып журналына бағалар қойылады. Әділ бағаның ықпалымен оқушылар дұрыс баға беруге үйренеді. Үлгерімді диагностикалау мен бақылаудың маңызды принципі әділдік, жүйелілік, көрнекілік. Баға әділ қойылу үшін диагностикалық тестілердің (тапсырма, сұрақтардың) мазмұны ғылыми әдістермен жасалып, мұғалімдер мен оқушылардың арасында дұрыс қарым-қатынас болу керек.
Жүйелілік принципінің талабына сәйкес диагностикалық бақылау білімді қабылдаудан оны тәжірибеде қолдануға дейін жүру керек.
Көрнекілік принципіне сәйкес барлық оқушыларды бір өлшеммен сынақтан өткізіп, бағаны талдап қойып, тестілердің нәтижелері талқыланады.
Тексеру жүйесіндегі бірінші звено-білім, іскерліктерді алдын ала талдау. Ол оқу жылының басында өткізіліп, оқушылардың өткен оқу жылындағы білімдері немесе 1-сыныпқа қабылданған оқушылардың мектепке әзірлігі анықталады. Тексеру нәтижелеріне сүйеніп, оқушылардың білім, іскерліктеріндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған оқу жұмыстары жүреді.
2-бөлім: әр тақырыпты меңгеру процесін күн сайын тексеру.
3-бөлім: жаңа материалды оқумен қатар бұрынғы оқылған материалдарды қайталау, қайта тексеру, білімді бекіту.
4-бөлім: оқушылардың білім, іскерліктерін жүйелеу мақсатымен бөлім, тақырыптар бойынша мезгіл-мезгіл тексеру.
5-бөлім: дидактикалық процестің барлық кезеңінде алынған білім, іскерліктердің қорытындыларын әр тоқсанның аяғында, оқу жылының соңында тексеру.
Кешенді тексеру арқылы оқушылардың әр түрлі пәндерден алған білімдерін қолдана білуі анықталады.
Жетістікті тестілеу - бақылаудың әділ әдісі, соңғы уақытта бастауыш сатыға көптеп еніп жатқан тест. Тест ағылшын сөзі, қазақшасы сынақ, тексеру. Тестілеу - білімді меңгеру деңгейін анықтау үшін қолданылатын тапсырмалардың жиынтығы. Үлгерім тестілері жетістікті тестілеу - оқушының оқыту және тәрбие арқылы қандай деңгейге жеткенін анықтау.
Дұрыс құрылған тестілер көптеген талаптарды қанағаттандырып, оларды орындауға көп уақыт кетпейді, сұрақтары қысқа, нұсқа болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет