Тестілердің түрлері: • Ақыл-ой қабілетін, дамуын тестілеу.
• Арнайы қабілетті тестілеу.
• Үлгерімді, тәрбиелікті анықтауға бағытталған тестілер.
• Жеке сапаларды есті, ойлауды, мінезді анықтауға арналған тестілер.
Үлгерім тестілерінің қорытындысы оқушылардың даму деңгейін толық сипаттамайды.
Тест құрастыруға қойылатын талаптар:
• білім стандартына сәйкестігі;
• қате жауаптарды енгізу;
• дұрыс емес жауаптардың шындыққа жақын болу керек;
• дұрыс жауаптарды қате жауаптармен бірге беру;
• бір сұрақ жауабының басқа сұрақтарға жауап беруге көмектеспеуі.
Алдын ала тексеру.Тақырыпты, бөлімді немесе курсты түсіну бұрынғы оқу материалдарын білуге байланысты. Егер мұғалімде ол туралы ақпарат жоқ болса, онда ол одан әрі оқыта алмайды, қажетті ақпаратты мұғалім бастапқы білімдерді тестілеу арқылы алып, қол жеткен деңгейді анықтайды. Бұрынғы нәтиже мен қазіргіні салыстырып, білім, іскерліктің қандай деңгейде екенін біліп, процестің тиімділігін талдап, өз оқушыларының жетістігіне қосқан үлесі туралы қорытынды жасайды.
Ағымдағы бақылау. Тестілік бақылау үшін 6-8 тапсырма беріліп, 5-8 минут ішінде соңғы 2-3 сабақта алынған білім мен іскерліктер тексеріледі. Жұмысты аяқтаған соң міндетті түрде қателері талданады. Ең басты назар оқушының қатесінің себептерін білуге аударылады.
Тақырыптық бақылау үшін оның жекелеген ұғымдарын олардың арасындағы байланыстарды қалай түсінгендігін анықтауға тапсырмалар беріледі. Білімді тест арқылы тексеру үшін мамандардың тестілерін қолданған дұрыс.
Қорытындыны тексеру әрбір оқу тоқсаны және оқу жылы аяғында өтеді, оқу материалы жүйеленеді және талдап қорытылады. Білімді тексерген кезде ең алдымен өз бетімен оқу үшін өте маңызды болып табылатын білімдегі кемшіліктер анықталады.
Әрине, білім, іскерлік, дағдылардың меңгерілгенін тесті арқылы толықтай анықтау мүмкін емес. Мысалы, өз жауабына мысалдар келтіру, өз ойын жүйелі, дәлелді етіп айту тест арқылы анықталмайды.
Сондықтан тест әдісі басқа тексеру формалары және әдістерімен ұштасу керек. Жазбаша тестінің жауаптарын ауызша да сұрауға болады. Тесті білімді әділ бағалайды, бірақ нашар оқушыға бір балл артық, жақсы оқушыға бір балл төмен қоюға болмайды.
Сонымен балалардың бәрі балабақшадан бастап тестілік сынақтан өтеді. Мемлекеттік білім стандартына сай міндетті деңгейдегі білім, іскерлік, дағдыларды тексеруге арналған әдістемелік нұсқау жаңа оқу бағдарламаларында жазылған.
7. Баға қою. Баға оқушыға білімдік стандарттарды меңгергені үшін қойылады.
Мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі - баланы өзіне баға беруге дағдыландыру үшін оған
бағалау өлшемдерін түсіндіру.
Дәстүрлі төрт баллдың бағалау жүйесі:
• толық біледі (өте жақсы);
• жеткілікті біледі (жақсы);
• жеткіліксіз біледі (қанағаттанарлық);
• білмейді (қанағаттанғысыз).
Бірінші тәсіл арқылы мұғалім баға туралы өз пікірін айтады, бірақ оған уақыт кететіндіктен, көп қолданбайды. Екінші тәсіл - бағаны, оны неліктен қойғаны жөнінде күнделікке жазу. Үшінші тәсіл - үлгерім экранын шығару. Білім, іскерлік, дағдыларды бақылау және бағалау жұмыстары:
• тексеру және бағалаудың пайдасын көрсететін жағдаяттар жасау;
• "Үйге не берілді?" деген сұраққа жауап алуға уақыт кетірмеу;
• жақсы көңіл-күйге бөлеу;
• оқушының жауапты ойланып беруіне уақыт бөлу;
• оқушылардың жауаптарын мұқият тыңдау, мадақтау;
• жауапты соңына дейін тыңдау, талдау және ескертулерді кейін жасау;\
• оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру (жай, темперамент, тіл кемістігі);
• жеке тапсырмалар беру;
• оқушы өзін еркін сезетін жағдай жасау:
• оқушының жауабын талдау, жеке тұлғасын сынамау;
• оқушылар бағасын көтергісі келсе, оларға талсырманы қайта беру;
• жауап бергенде, тапсырманы орындағанда тірек сызбаларды қолдануға рұқсат беру;
• бақылау және тексеру әдістерін түрлендіріп отыру;\• тестілік бақылауды жиі қолдану.
Сонымен баға қою білімді және шеберлікті талап етеді. Баға -бала өміріндегі маңызды оқиға. Баға арқылы бала өзі туралы ойын реттеп, сыныптағы беделін нығайтады. Сондықтан мұғалім баға қоюға өте мұқият болу керек. 1-сыныпта баға қоймауға болады, басқа сыныптарда байқау, жарыс, ойындар ұйымдастырып, әр баланың өз орнын анықтауына көмектеседі.
"5" деген баға оқу бағдарламасының мазмұнын терең және толық білетін, оқу материалындағы теория мен фактіні ажырата алатын, жауабын өз бетімен жүйелі етіп құрастыратын, анықтама, ұғымдарды түсінетін, тілдік нормаларды сақтап сенімді, қатесіз, жауап беретін қосымша материалдар қолдана алатын, ойы оралымды оқушыға қойылады.
"4" бағасы ұғым, ереже, анықтамаларды дұрыс түсініп, дәлелдей алатын, бірақ кейбір жерлерін нақты айтпайтын, жекелеген қате жіберетін оқушыға қойылады.
"3" бағасы оқу материалындағы негізгі ережелерді, тәуелділіктерді үстүрт түсінген, ой-пікірлерді талдай алмайтын, жауабы жүйесіз, мұғалім көмегімен жауап беретін оқушыға қойылады.
"2" бағасы білімі жүйесіз, негізгі мен көмекшіні, теория мен фактіні ажырата алмайтын, жаттанды сөйлейтін, бағдарламаны игеруге мүмкіншілігі жоқ, бағдарламаның материалын түсінбейтін оқушыға қойылады.
8. Оқушылардың үлгермеушілігін болдырмау шаралары:
Үлгермеушілікті болдырмау үшін оқу материалдарын түсінбеу себептерін анықтау керек.