Тақырыбы: Орталық ортағасырлық Азияның мәдениеті. Жібек жолы: Қазақстан – Шығыс пен Батысты байланыстырушы ретінде


Қарахан кезеңінің материалдық, қалалық мәдениеті. Материалдық мәдениет ескерткіштері



бет4/6
Дата15.12.2023
өлшемі45,33 Kb.
#139192
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Тақырыбы Орталық ортағасырлық Азияның мәдениеті. Жібек жолы Қа-emirsaba.org

5. Қарахан кезеңінің материалдық, қалалық мәдениеті. Материалдық мәдениет ескерткіштері
Жетісу және Шығыс Түркістан жері Шығыс қағанатына қарап, оның орталығы әуелі Орда (Баласағұнға жақын), кейін Қашғар қаласы болды. Мәуеренахр жерлері – Батыс қағанатына қарап, оның орталығы Үзкент, кейінірек Самарқан болды. Қарахан мемлекетінде жоғарғы өкімет билігі хаканның қолында болған. Ол мұрагерлікке қалып отырған. Қарахан феодалдық қоғамының үстем тап өкілдеріне хаканның ұрпақтары тегіндер, ілек хандар, бектер, нәменгерлер, нөкерлер жатқан. Ханға ең жақын адамдардың бірі уәзір болған. Уәзір жоғарғы билеушінің ең жақын көмекшісі және кеңесшісі болып саналды. Хан сарайы, оның басты ордасы мемлекеттік және әкімшілік басқару орталығы болып есептелді. Қарахан мемлекетіндегі аса маңызды әлеуметтік-саяси институт әскери-мұралық жүйе болған. Мемлекет бірнеше үлестерге бөлінді. Олардың бастылары: Тараз, Испиджаб, Баласағұн. Хан мемлекеттік немесе әскери қызметі үшін феодалдарға жер беріп, сол жердегі халықтан салық жинауға рұқсат еткен. Мұндай жерлер икта, ал оны иеленуші араб терминімен муқта немесе иқтадар (парсы термині) деп аталған. Қарахандардағы жер иеленудің тағы бір көп тараған түрі әскери – үлестік жерлер. Ол әскери қызмет үшін берілген. Қарахан феодалдық қоғамында шаруаларды қанаудың бір түрі – жалға үлестік жер беру орын алған. Араб-парсы деректерінде үлестік жер алған шаруалар мұзарлар немесе барзұгар деп аталған. Үлескер жерден алынған өнімнің денін салық түрінде мемлекетке және жер иелеріне төлеп отырған. Шаруаларды қанаудың екінші бір түрі – коммендация жер иелігі. Оның мәні: әлсіз адам өзінің жер телімін күштінің қамқорлығына береді, ол күшті адам әлсіз адамды басқалардан қорғауға тиіс.Қазақстанның оңтүстік-шығыс және оңтүстік аудандарын мекендеген қарахандықтар көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Мал шаруашылығында жылқы өсіру жетекші орын алды. Қарахан мемлекетінің құрамына енген түркі тайпалары отар-отар қой ұстады, сондай-ақ түйе, ешкі, ірі қара өсірді. Отырықшы, жартылай отырықшы түрік тайпаларының біразы егіншілікпен де айналысты. Олар тары және басқа да дәнді дақылдар өсірді, отырықшылар қала мәдениетімен араласып, қала халқын толықтырды. Қалаларда қолөнер кәсібі, әсіресе көзешілік кеңінен дамыды. Олар аңшылықпен де айналысқан. Сондай-ақ Сырдария, Іле мен, Шу, Талас өзендерінен балық аулау айтарлықтай рөл атқарды.
XI ғасырдың аяғына қарай Қарахан мемлекеті соғыстармен және феодалдық иеліктердің одан әрі бөлшектенуімен байланысты құлдырай түсті. XII ғасырдың 30-шы жылдары Шығыс Қарахан иелігін, Жетісуды және Қазақстанның оңтүстігін шығыстан келген кидандар жаулап алды.*Қарахан әулеті мемлекетінде аса маңызды әлеуметтік-саяси институт әскери-мұралық жүйе болды. Хандар өз туыстарына белгілі бір территорияның, сол уақытқа дейін мемлекет пайдасына деп алынған салықты өздері жинап алу құқын берді. Мұндай салық «икта» деп аталады, ал оны жинаушыны «мукта», немесе «иктадар» деп атаған. Халық көшпелі, жартылай көшпелі болды.
Қарахан кезеңінің материалдық мәдениет ескерткіштері
10 – 12 ғасырда Жетісу, Сырдария алқаптарында қала, мешіт, монша, кесене (Айша бибі, Аяққамыр, Алаша жасалған 8 қырлы, жұлдыз гүлді, кілем өрнегі тәрізді нақыштар көптеп пайдаланылды. Орта Азия мен Қазақстанның археология үрдісіндегі ішкі бірлік жалпы ислам дүниесіне ортақ қалалық өркениеттің белгілерімен көзге түседі. 10-ғасырдың басында Қарахан әулетінің негізін қалаушы Сатұқ ислам дінін қабылдады, ал оның ұлы Боғра хан Мұса 960 ж. хан күмбезі, Бабажы қатын кесенесі, Жошы хан күмбезі, т.б.) тас көпір салу ісі өркендеді. Архитектура құрылыстарға күйдірілген қышты пайдалану ғимараттардың композиция типтерін қалыптастыруға, арка, күмбез құралымын (конструкциясын) кеңінен қолдануға, көркемдеу әдістерінің алуан түрін іске асыруға жол ашты. Олардың сыртқы қабырғалары, күмбездері мен күмбезге ұласатын тұстары өрнекті кірпіш өрілімімен нақышталса, ішкі еңселері ғимарат құрылымымен үндес ою-өрнекпен әсемделді. Құрылыстарда қашап, құйып, исламды мемлекеттік дін деп жариялады. Қала мәдениетінің дамуында ислам дінінің маңызы артты. Мұсылман діні қалаларда қарқынды дамып, орта ғасырлық араб ғалымы әл-Макдиси мешіттердің қалалардағы міндетті құрылыстардың біріне айналғанын айтады. Құйрықтөбе қаласының жұртында жүргізілген қазба жұмыстарында 10 – 13 ғасырларда салынған деп табылған мешіт қазылған. Баласағұн, төмен Сырдария және Тараздағы мұсылман сәулет өнерінің діни құрылыстары неғұрлым кейінгі кезеңге жатады. Мешіт пен мұнара әкімш. биліктің және билік басындағылардың дінге адалдығының нышанын білдірген. Қарахан әулетінің билігі тұсындағы сәулет өнерінің үлгілері Оңтүстік Қазақстан қалаларындағы моншалардан айқын көрінеді. Шығыс қалаларында моншаның қоғамдық құрылыстар қатарында маңызды орын алғаны мәлім. Археол. зерттеулер қала тұрғындарының өмірінде мәдени-қоғамдық мәні артып, мешіттен кейінгі кісі ең көп баратын орынға айналған моншалардың орындарын анықтады.
Сәндік қолданбалы өнер Қарахан әулеті заманының өнері көбінесе, ыдысты өрнектеу, зергерлік және сәулетшілікте айқын көрінді. Үйлерді сәулеттендіру, безендіру құрылыс материалдарымен (сары топырақ, кірпіш, ганч, т.б.) және олардың өңделу технологиясының жетілдірілуімен байланысты болды. Шеберлер тегіс қабырғаны кірпішті қырынан, жалпағынан, тігінен, жалпы қатардан жылжытып қалау арқылы белгілі бір сурет бедерлермен көркем өрілім түзген. Бейнелі қалау осылайша қалыптасты. Қарахан әулеті заманының өнерінде оюлы, жылтыратылған кірпіштер кеңінен қолданылды. Бұл сәулеттік терракотаның бастапқы үлгісі болатын. Халықтық қолөнерге мейлінше жақын ганчқа ойып, әшекейлеу сияқты сәулеттік декордың бұл саласы фактурасының ақ түсімен, күн сәулесі түскенде жарық пен көлеңкенің көркем құбылуын туғызатындықтан кең қолданылды. Бірақ ганч жаңбыр мен желден тез бұзылатындықтан көбіне ғимараттардың ішкі еңсесін әсемдеуге қолданылып, ғимараттың сыртына оюлы терракота пайдаланыла бастады.
Қолданбалы өнерде керамика мен терракотаны, оймыштау мен әшекейлеу әдісімен нақыштау одан әрі жалғастырылды. Бедерлеу, кесу, жапсыру, т.б. әдістер арқылы жасалған бояулы қабырға өрнектері мен су құбырлары (Тараз моншасы), ромб не шеңбер түріндегі үлкен әрі анық ою-өрнектермен әсемделген тұтыну заттары, т.б. Қарахан әулеті заманының өнері мұралары орта ғасырдағы қазақ сәулет өнері мен сән және қосалқы өнерінің даму кезеңдерін көрсетеді



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет