Тақырыбы: Орталық ортағасырлық Азияның мәдениеті. Жібек жолы: Қазақстан – Шығыс пен Батысты байланыстырушы ретінде



бет1/6
Дата15.12.2023
өлшемі45,33 Kb.
#139192
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Тақырыбы Орталық ортағасырлық Азияның мәдениеті. Жібек жолы Қа-emirsaba.org


Тақырыбы: Орталық ортағасырлық Азияның мәдениеті. Жібек жолы: Қазақстан – Шығыс пен Батысты байланыстырушы ретінде

Тақырыбы: Орталық ортағасырлық Азияның мәдениеті.

1.Жібек жолы: Қазақстан – Шығыс пен Батысты байланыстырушы ретінде.
Жауабы: «Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шыңжаң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (F. von Richthofen) бен А. Һерман (А Hеrman) 19 ғасырда ұсынған.[1] Ұлы Жібек жолы - адамзат өркениеті жасағын тарихи ескерткіштердің бірі. Біздің дәуірімізден бұрынғы II ғасырдан басталған бұл жол, Еуропа мен Азияның-Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырған көпір болған. Оның Қазақстан жерін кесіп өтетін тұсында, VI ғасырдан бастап екі бағыт: Сырдария және Тянь-Шань жолдары бағыттары кең өрістелген. Бірінші жол Қытайдан басталып, Шығыс Түркістан Қашқар арқылы Жетісуға, содан Сырдарияны жағалап, Арал маңынан әрі қарай Батыс елдеріне өткен.Батыспен байланысты қымбат түратын заттар арасынан Жетісудан табылтан күміс құмыраларды атап өту керек, онда византиялық үлгіге еліктеп крестер түрінде қалыппен өрнек салынған. Құмыраларды жасатан шебер өз жұмысын Византияда істелген деп көрсету те тырысқан. Бір саптыаяқ тұтқасының иілген жерінде «көне заман сипатындагы» бас бейнелентен. Византия үлгілеріне бұлайша еліктеуге тырысушылықты «империя халқы түр-тұрпатының әсерлі әсемдігі» туғызған. Жамбыл қаласында Тараздың орнынан I Юстинианның византиялык алтын солиді табылды, оның бір бетінде дулыта киіп, найза мен қалқан ұстаған император, екінші бетінде қолына крест ұстаған Жеңіс құдайы бейнеленген. Византияның алтын солидінің кең таралтанын және халықаралық валюта ретінде қолданылғанын ескерте кеткен жөн. Кімнің билеушісі күшті екені жөнінде Византия және парсы көпестерінің айтысуы туралы Кузьма Индикоплавтың VI ғасырдың орта шеніне жататын әңгімесі мәлім. Персия саудагері тек күміс көрсете алтан кезде, византиялық бүкіл әлемге таралған алтын теңге көрсетіп жеңіп шыққан.

2. Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар: Исфиджаб (Сайрам), Баласагұн, Отрар, Суяб, Тараз, Шаш (Ташкент), Шымкент. Олардың ортағасырлық Қазақстандағы мәдени өмірдің дамуындағы рөлі. Қазақстан аумағындағы ҰЖЖ жолы бойындағы қалалар: Испиджап (Сайрам), Баласағұн, Отырар, Суяб, Тараз, Шаш(Ташкент), Шымкент. Олардың ортағасырлық Қазақстандағы мәдени өмірдің дамуындағы рөлі.Испиджаб.Ұлы Жібек жолының қазақстандық бөлігіндегі бірінші бірегей ірі қала Испиджаб болды, ол оған осы облыстың барлық жер - суы - шығыста Талас - Шуға дейін, солтүстік - батыста Сырдарияның орта ағысына дейін ұласып жатты. Орта ғасыр дәуіріндегі Испиджаб (Сайрам) X ғасырмен XIII ғасырдың бас кезінде Қазақстанның оңтүстігіндегі ең ірі қалаға айналды. Испиджаб аса ірі әкімшілік орталық қана емес, сонымен бірге өтпелі сауда орталығы ретінде де мәлім. Қалада сауда құрылыстары - керуен сарайлар мен «тимдер» көп болды. Отырар. Қазақстанның ортағасырлық ірі қалаларының бірі. Сырдарияның Арыс өзеніне құяр сағасына таяу орналасқан. Отырар қаласының аты VIII ғасырдан бастап аталғанмен, оның бастапқы тарихы б.з.б. II ғасырда Сырдарияның орта ағысында пайда болған Қаңлы (Кангюй) мемлекетінің тарихымен тығыз байланысты. IX ғасырдың ортасынан бастап Отырар (Фараб деп те аталған) Самани әулеті мемлекетінің ықпалында болды. Осы кезеңнен бастап бұл өлкеде сауда- саттық жасау, ғалымдардың «білім қууды көздеген» саяхаттары адамдардың ой-өрісін кеңейтті, өнердің, ғылым мен колөнер кәсіпшілігінің таралуына ықпалын тигізді. Энциклопедист-ғалым әл-Фарабидің осы қаладан шығуы кездейсоқ емес. Отырардың алып жатқан ауданы 200 гектарға жетіп, нағыз Шығыс қаласына айналды. Орта Азия мен Қазақстан қалаларының мәдениеті мен экономикасының дамуын моңғол шапқыншылығы тежеді. 1219 жылы күзде монғолдар қаланы қоршап, 6 айдан кейін басып кіріп, халқын қырғынға ұшыратты. Қазіргі кезде қала орны ғана сақталған.Тараз.Қазіргі Тараз қаласының орнындағы ежелгі қала. Бұл жайындағы алғашқы дерек грек елшісі Земархтың хабарламасында айтылады, ал 630 ж. Сюань Цзанның жазбасында ірі сауда қаласы ретінде сипатталады. Тараз VII- VIII ғасырда Ұлы Жібек жолында орналасқан сауда және қолөнер орталығына айналған. Мұнда оңтүстіктің күміс кендері мен терістіктегі қимақтарға баратын керуен жолдары тоғысатын. X ғасырдағы араб географы әл-Макдиси былай деп жазды: «Тараз - бақтары көп, халқы тығыз қоныстанған, қамал сыртынан терең орлар қазылған, төрт қақпасы және төңірегінде елді мекені бар ірі бекіністі қала». Тараз қазіргі Тараз қаласының орнында орналасқанын алғаш В. В. Бартольд дәлелдеген. Кейін археологтар М. Е. Массон, A. Н. Бернштам, Е. И. Агеева, Г. И. Пацевич, Т. Н. Сениговалар қаланың көлемін, құрылысын, мәдени қабаттарының калыңдығын анықтады. Соның нәтижесінде Тараздағы өмір б.з. I ғасырда пайда болып, XVI ғасырға дейін өмір сүрген деген қорытынды жасалды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет