Тақырыбы: «Қош келдің, әз Наурыз!» Мақсаты


-оқушы:  Қыс өтіп, қар еріп, Құлпыра көктем жетіп Шаруаның кенелген Мейрамы ежелден Құтты болсын, бұл Наурыз! 3-оқушы



бет3/3
Дата04.10.2022
өлшемі16,36 Kb.
#41217
1   2   3
2-оқушы: 
Қыс өтіп, қар еріп,
Құлпыра көктем жетіп
Шаруаның кенелген
Мейрамы ежелден
Құтты болсын, бұл Наурыз!
3-оқушы: 
Көктем тойы – әнніміз,
Көркем өнер сәніміз
Өлең-әнмен той сәнін
Өрнектейміз бәріміз.
Жарқыраған жас нұрлы,
Жаса, наурыз, дәстүрлі.
4-оқушы: 
Наурызда күлімдеп
Күн нұры төгілді
Өзгеше бүгін леп
Желпітер көңілді.
5-оқушы: 
Наурыз – гүл көктем
Сәнді еді арайлы
Күлімдеп күн көктем
Нұр шашып қарайды.
Бусанып жерім бай
Төсінде қалқып ән
Наурыз көңілді ән
Шаттығы шалқыған.
6-оқушы: 
Наурыз тойын әдемі
Әжем еске түсірді
Біздерге арнап әдейі
Наурыз көже пісірді.
Ашылды да кебеже
Дәм әзірлеу басталды.
Әжем наурыз көжеге
Жеті түрлі ас салды. 

1 - жүргізушы
Келесі кезекті 7 «ә» сынып оқушыларының көрінісі
2 - жүргізуші: 
Халқының әдеп-салтына
Ойлана қарап түйін түй.
Шаттығын сыйлап жалпыға
Жалғаса берсін ән-күй, би!
Келесі кезекті 7 «а» сынып қыздарының биіне береміз.
Би «».
1 – жүргізуші:
Құтты болсын әр күнің,
Сыйла, бақыт баршаға.
Сәбидің әсем шат үнін
Тыңдат абзал анаға.
Наурыз – достық,
Наурыз – күн.
Барша халық бірлігі.
Тағы келді ұлыс күн.
Жалғасып ғалам тірлігі.
Көрініс 7 «ә» сынып оқушылары.
2-жүргізуші:
Наурыз мерекесі әрқайсымызға көтеріңкі көңіл күй, қажымас қайрат, өшпес үмітпен шексіз махаббат әкелсін. Өмірлеріңіз қуаныш пен шаттыққа толы болсын.
1-жүргізуші:Бұл жыл баршамызға естеріңізде қаларлықтай қымбат естеліктерге толы болсын! Көңілдеріңізге береке, ынтымақ, достық пен күлкі ұяласын! Ұлыс оң болсын.
2-жүргізуші: Ой қосылсын ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа.
Аман – есен жетейік
Келесі Наурыз тойына!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет