2-оқушы: Қыс өтіп, қар еріп,
Құлпыра көктем жетіп
Шаруаның кенелген
Мейрамы ежелден
Құтты болсын, бұл Наурыз!
3-оқушы: Көктем тойы – әнніміз,
Көркем өнер сәніміз
Өлең-әнмен той сәнін
Өрнектейміз бәріміз.
Жарқыраған жас нұрлы,
Жаса, наурыз, дәстүрлі.
4-оқушы: Наурызда күлімдеп
Күн нұры төгілді
Өзгеше бүгін леп
Желпітер көңілді.
5-оқушы: Наурыз – гүл көктем
Сәнді еді арайлы
Күлімдеп күн көктем
Нұр шашып қарайды.
Бусанып жерім бай
Төсінде қалқып ән
Наурыз көңілді ән
Шаттығы шалқыған.
6-оқушы: Наурыз тойын әдемі
Әжем еске түсірді
Біздерге арнап әдейі
Наурыз көже пісірді.
Ашылды да кебеже
Дәм әзірлеу басталды.
Әжем наурыз көжеге
Жеті түрлі ас салды.
1 - жүргізушы Келесі кезекті 7 «ә» сынып оқушыларының көрінісі 2 - жүргізуші: Халқының әдеп-салтына
Ойлана қарап түйін түй.
Шаттығын сыйлап жалпыға
Жалғаса берсін ән-күй, би!
Келесі кезекті 7 «а» сынып қыздарының биіне береміз. Би «». 1 – жүргізуші: Құтты болсын әр күнің,
Сыйла, бақыт баршаға.
Сәбидің әсем шат үнін
Тыңдат абзал анаға.
Наурыз – достық,
Наурыз – күн.
Барша халық бірлігі.
Тағы келді ұлыс күн.
Жалғасып ғалам тірлігі.
Көрініс 7 «ә» сынып оқушылары. 2-жүргізуші: Наурыз мерекесі әрқайсымызға көтеріңкі көңіл күй, қажымас қайрат, өшпес үмітпен шексіз махаббат әкелсін. Өмірлеріңіз қуаныш пен шаттыққа толы болсын.
1-жүргізуші:Бұл жыл баршамызға естеріңізде қаларлықтай қымбат естеліктерге толы болсын! Көңілдеріңізге береке, ынтымақ, достық пен күлкі ұяласын! Ұлыс оң болсын.
2-жүргізуші: Ой қосылсын ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа.
Аман – есен жетейік
Келесі Наурыз тойына!