Сөз тудырушы жұрнақ өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертіп, жаңа сөз тудырады. Мысалы, ақыл + ды + лық, көр + еген + ді + лік, әдіс + кер + лік, талғам + паз + дық, сүз + еген, шаш + ыра + ңқы, би + ші, қобыз + шы, құм + айт, шөл + ейт, т.б.
Сөз түрлендіруші жұрнақ өзі жалғанған сөздің рең мәнін ғана түрлендіреді, негізгі мағынасын өзгертпейді, яғни негізгі мәннен ауытқымайды. Мысалы, жапырақ + ша, көл + шік, қора + шық, апа + тай, ата + й, сар + ғыш, қыз + ғылтым, ағ(а) + еке, т.б.
Сөз тұлғасына қарай екіге бөлінеді: 1) негізгі сөз; 2) туынды сөз. Негізгі сөз – ары қарай бөлшектеуге келмейтін түбір тұлғадағы сөз. Мысалы, жұлдыз, жең, оқы, сегіз, шапшаң, орын, ыдыс, т.б.
Туынды сөз – жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөз. Мысалы, жұлдыз+шы, жеңіл+дік, оқы+мысты, бой+шаң, бүгжең+де, құрау+ла, еңбек+тен, сабыр+лы, дін+дар, арба+кеш, кітап+хана+шы, т.б. Туынды сөз әртүрлі сөз табына сөз тудырушы жұрнақ жалғану арқылы жасалады.
Тілімізде бір түбірден әртүрлі жұрнақ жалғану арқылы тараған сөздер де бар. Мысалы, өн, өндір, өнгіш, өнім, өнгіз, өндіріс, т.б. Мұндай сөздер түбірлес сөздер деп аталады.
Жалғау – өзі жалғанған сөзін екінші сөзбен қарым-қатынасқа түсіріп, сөз бен сөзді байланыстырып, жалғастырып тұратын грамматикалық тұлға. Қазақ тілінде жалғаудың төрт түрі бар: 1) көптік жалғау; 2) тәуелдік жалғауы; 3) септік жалғауы; 4) жіктік жалғауы. Көптік жалғаулары: -лар/лер, -дар/дер, -тар/тер өзі жалғанған сөздерге көптік мағына береді. Көптік жалғаулары буын үндестігі бойынша жалғанады. Көптік жалғауының буын үндестігі бойынша жалғануын төмендегі кесте арқылы көрсетуге болады.
С Ө З Д Е Р
Ж А Л Ғ А У Л А Р
Дауысты дыбыстарға;
үнді р, й, у дыбыстарына аяқталса
Қатаң дыбыстарға;
Орыс тілінен енген б, в, г, д дыбыстарына аяқталса
-тар, -тер
Көптік жалғауы мынандай жағдайда жалғанбайды: 1. Жеке даралап санауға келмейтін заттардың аттарына: қант, су, шаш, тұз, май, бидай, күріш, мақта, т.б.
2. Халық, ру, ел аттарына: найман, қазақ, арғын, өзбек, татар, т.б.
3. Адамның ішкі сезімін білдіретін дерексіз зат есімдерге: қуаныш, тілек, ақыл, парасат, жақсылық, мейірім, ізеттілік, көмек, жолдастық, т.б.
4. Алдынан сан есім келген зат есімдерге: жеті нан, жиырма оқушы, алпыс балуан, тоқсан жылқы, мың қой, сексен түйе, т.б.
5. Алдынан көп, аз, бірталай, қыруар сияқты сөздер тіркесіп келген зат есімдерге көптік жалғауы жалғанбайды: көп адам, қыруар қаржы, бірталай уақыт, аз жұмыс, әлденеше оқушы, бірнеше кітап, т.б.
Тәуелдік жалғау – үш жақтың біріне меншіктілікті білдіретін грамматикалық категория. Сөздердің тәуелдік жалғауын қабылдауы тәуелдену деп аталады. Тәуелдіктің екі түрі бар: 1) Оңаша тәуелдеу бір не бірнеше заттың бір адамға ғана меншікті екенін білдіреді. Мысалы: менің арманым, сенің мақсатың, оның пікірі, сіздің ойыңыз.2) Ортақ тәуелдеу бір не бірнеше заттың бірнеше адамға меншікті екенін білдіреді. Мысалы: біздің досымыз, олардың заттары, сендердің кітаптарың, сіздердің інілеріңіз.
ОҢАША ТӘУЕЛДЕУ
ОРТАҚ ТӘУЕЛДЕУ
Менің анам, кітаптарым
Сенің анаң, кітаптарың
Сіздің анаңыз, кітаптарыңыз
Оның анасы, кітаптары
Біздің ініміз, кітаптарымыз
Сендердің інің, кітаптарың
Сіздердің ініңіз, кітаптарыңыз
Олардың інісі, кітаптары
Тәуелдік жалғауы негізінен зат есімге жалғанады, сондай-ақ заттанған басқа сөз табына да жалғанады. Мысалы, біз бесеуміз, көзінің ағы мен қарасы, т.б.
Тәуелдік жалғауы -нікі, -дікі, -тікі түрінде де кездеседі. Мысалы, Семейдікі, кітапхананікі, Тілектікі, т.б. Септік жалғау – сөздерді бір-бірімен байланыстырып, жалғастырып, оларды өзара қарым-қатынасқа түсіріп тұратын қосымшаның түрі. Сөздердің жалғауларды қабылдап, өзгеру жүйесі септеу немесе сөздердің септелуі деп аталады. Қазақ тілінде жеті септік бар. Олар: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес. Септік деген термин – сеп, жәрдем, көмек, дәнекер деген ұғымды білдіретінсөздер. Әрбір септіктегі сөз белгілі бір сұрақтарға жауап береді. Сұраққа сәйкес әр септіктің арнаулы қосымшалары болады, олар септік жалғаулары деп аталады. Септік жалғаулары әр сөзге буын және дыбыс үндестігіне байланысты әртүрлі нұсқада жалғанады.