Тақырыбы: «Қосымшаның түрлері. Ғалымдардың еңбектерін талдау»



бет3/3
Дата12.10.2022
өлшемі46,6 Kb.
#42596
1   2   3
Байланысты:
Қазақ тілін оқыту әдістемесі дамуындағы М.Балақаев, І.Кеңесбаев, Р.Әміров, Ы.Маманов еңбектерінің алатын орны

СЕПТІКТЕР

СҰРАҚТАРЫ

СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫ

Атау септік
Ілік септік
Барыс септік
Табыс септік
Жатыс септік
Шығыс септік
Көмектес септік

Кім? Не?
Кімнің? Ненің?
Кімге? Неге?
Кімді? Нені?
Кімде? Неде? Қайда?
Кімнен? Неден? Қайдан?
Кіммен? Немен?

жалғауы жоқ
-ның/нің, -дың/дің, -тың/тің
-ға/ге, -қа/ке, -на/не, -а/е
-ны/ні, -ды/ді, -ты/ті, -н
-да/де, -та/те,-нда/нде
-нан/нен, -дан/ден, -тан/тен
-мен, -бен, -пен, -менен,
-пенен, бенен

Септеудің екі түрі бар:
1) жай септеу;
2) тәуелді септеу.
1) Жай септеу – септік жалғауының түбір сөзге бірден жалғануы.
Жай септеу үлгісі:
Атау септік – кім? не? Дос, әке, гүл
Ілік септік – кімнің? ненің? Достың, әкенің, гүлдің
Барыс септік – кімге? неге? Досқа, әкеге, гүлге
Табыс септік – кімді? нені? Досты, әкені, гүлді
Жатыс септік – кімде? неде? Доста, әкеде, гүлде
Шығыс септік – кімнен? неден? Достан, әкеден, гүлден
Көмектес септік – кіммен? немен? Доспен, әкемен, гүлмен
2) Тәуелді септеу – септік жалғауының тәуелденген сөзге жалғануы.
Тәуелді септеу үлгісі:
Атау – Кімім? Кімі? Нем? Досым, әкесі, гүлім
Ілік – Кімімнің? Кімінің? Немнің? Досымның, әкесінің, гүлімнің
Барыс – Кіміме? Кіміне? Неме? Досыма, әкесіне, гүліме
Табыс – Кімімді? Кімін? Немді? Досымды, әкесін, гүлімді,
Жатыс – Кімімде? Кімінде? Немде? Досымда, әкесінде, гүлімде
Шығыс – Кімімнен? Кімінен? Немнен? Досымнан, әкесінен, гүлімнен
Көмектес – Кіміммен? Кімімен? Неммен? Досыммен, гүліммен, әкесімен
Жіктік жалғау бастауыш пен баяндауышты жақ және шақ жағынан қиыстыра байланыстырады. Сөздерге жіктік жалғаудың жалғануы сөздің жіктелуі деп аталады. Жіктік жалғауы жалғанған сөз сөйлемде негізінен баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы, Мен гимназия мектебінің оқушысымын. Қазақ тілінде есім сөздер де, етістік те жекеше және көпше түрде жіктеледі.

ЖЕКЕШЕ ТҮРДЕ ЖІКТЕУ

КӨПШЕ ТҮРДЕ ЖІКТЕУ

Мен азаматпын, отырмын
Сен азаматсың, отырсың
Сіз азаматсыз, отырсыз
Ол азамат, отыр

Біз азаматпыз, отырмыз
Сендер азаматсыңдар, отырсыңдар
Сіздер азаматсыздар, отырсыздар
Олар азамат, отыр

Сөзге қосымшалардың жалғануының орын тәртібі болады. Жұрнақ сөз тудыратын және оны түрлендіретін бөлшек болғандықтан, үнемі түбірден кейін, жалғаулардан бұрын жалғанады. Жалғау сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша түрі болғандықтан, сөздің соңында келеді. Мысалы, үгіт+ші+лер+іміз+дің, кітап+хана+шы+лар+ымыз+бен, жапырақ+ша+лар+ы+ның, көл+шік+тер+де, т.б.


Әдебиеттер тізімі:
1 Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту методикасы . Алматы, «Мектеп»1988.
2 Д.Әлімжанов, Ы.Маманов Қазақ тілін оқыту методикасы . Алматы, 1965.
3. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы: Ғылым, 1977.
4. Қайдаров Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: Ана тілі, 1998.
5. Серғалиев М. Көркем әдебиет тілі. Алматы: Мектеп, 1995.
6. Х.Арғынов Жай сөйлем синтаксисін оқытудың методикасы. Алматы 1967.
7. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1966.
8.Б.Құлмағанбетова Құрмаласа сөйлемді оқытудың кейбір мәселелері Алматы, 1957 56-бет
9. Сауранбаев Н.Т. Қазақ тіл білімінің проблемалары. Алматы, 1982.
10. А.Ысқақов Ана тілін оқытудың түйінді мәселелері (қазақ тілі мұғалімдерінің іс-тәжірибелері, жинақ), 1972, 19-бет

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет