Тақырыбы: Осман империясының құрылуы


Империя ішіндегі көтерелістер



бет4/5
Дата14.03.2023
өлшемі20,76 Kb.
#74373
1   2   3   4   5
Байланысты:
ата түрік (1)

2.4 Империя ішіндегі көтерелістер
Империя қол астында калған халықтар түрік езгісіне қарсы құресін тоқтатпады. Болгар және серб партизандары өздерін «гайдуктер» деп атады. Олар мұсылман мекендерін өртеді, тонады, түрік әскерлеріне шабуыл жасап отырды. 1593-1598 жылдары орыс-түрік соғысы кезеңінде құрес біршама күшейді. Ресей империясы діні бір ел - болгар, сербтерді қолдап отырды. Алғаш рет ұйымдасқан көтеріліс 1598 жылы Тырново қаласында болды. XVI ғасырдың соңында, 1594 жылы серб халқы Австрия мемлекетінің көмегіне арқа сүйеп, түріктерге қарсы көтеріліске шықты. Болгар және серб халықтарының көтерілісшілері арасында бірлік болған жоқ. Осыны пайдаланған Түрік сұлтандығы Косово жеріне албан мұсылмандарын жер аударып, ондағы мұсылмандардың санын көбейтті. Күні бүгінге дейін Косовода тұратын халықтың 96%-ы албан мұсылмандары. Түрік езгісінен қашқан сербтер Воеводин жеріне орналасты. Түрік үстемдігі Балқан түбегінде 1389-1878 жылдарға дейін созылды.


2.5 Сәлемнің реформалары
XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында Осман империясы құлаудың аз-ақ алдында тұрды. Билеуші топтар осы дағдарыстан реформа арқылы шықпақ болды. Реформашыларды III Сәлімнің сұлтан ( 1789-1807) қолдады. 1792 -1796 жылдары Сәлім армияны қайта құру туралы үкім шығарды. Әскери қызметтен бас тартушылардың иеліктері қайтарылып алынатын болды. Әскери инженерлік училищелер ашылды, шетелдік нұсқаушылардың көмегімен 23 кеме қатарына соғыс флоты құрылды. Оқ-дәрі зауыты, қару-жарақ қоймасы, киім және аяқ киім тігетін фабрикалар салынды. Батыс Европалық ғылыми трактаттар мен әскери ережелер түрік тіліне аударылды. III Сәлім жүргізген шаралар « жаңа жүйе» деген атқа ие болды.
Көптеген феодалдар мен мұсылман дін басылары реформаға қарсы болды, өйткені олар өздері пайдаланып жүрген жеңілдіктерінен айырылатынын білді. Реформаны ерекше дұшпандықпен қабылдаған янычарлар реформа янычарлар корпустарын жояды днп түсінді. Сондықтан III Cәлімге қарсы феодалдық бүліктер басталды. 1798 жылы Наполеон Бонопарт бастаған француз армиясы Египетке келіп түскенде, Франциямен соғыс болды. Осы соғыстың барысында III Сәлім янычарларға бірқатар жеңіодіктер жасауға мәжбүр болды. Орыс-түрік соғысының барысында (1806 – 1812) III Сәлім 1807 жылы тақтан тайдырылды. Жаңа сұлтан IV Мұстафа барлық реформаға тыйым салды.
Реформаны жақтаушылар Рущук округінің (Болгария) беделі билеушісіМұстафа паша Байрақтардың төңірегінде топтаса бастады. Оларды «рущук достары» деп атады. 1807 жылы Ресей мен Түркияның арасындағы келісімге қол қойылғанда, III Сәлім таққа қайта отырғызу мақсатымен Байрақтар өз әскерін Стамбулға қарай аттандырды. Бірақ әскерлер Стамбұлға жақындап қалған кезде III Сәлім адам қолынан қаза тапты. Ал Байрақтар Стамбұлға кірген соң IV Мұстафаны тақтан түсіріп, оның ағасы Махмұд II (1808-1839) таққа отырғызды. Байрақтардың өзі ұлы уәзір болып тағайындалды. «рущук достар» маңызды мемлекеттік қызметтерді иемдеді.
Елде реформа қайтадан басталды . Янычарлардың ашық наразылығына қарамастан, Байрақтар батыл іс-қимылдар жүргізді. Бірақ 1808 жылғы Стамбұлдағы янычарлардың бүлігі кезінде Байрақтар қаза тапты. Оның жақтастары өкіметтен аластатылды. Реформа жазушылардың сәтсіздікке ұшырауы кездейсоқтық емес еді. Өйткені Түркияны тек әлеуметтік жағынан түпкілікті қайта құру арқылы ғана өркендетуге болатын .
Бұл Осман империясының аумағында өмір сүруге дейін ұлттық мемлекет құрғанда ғана жүзеге асатын-ды. Ал реформа өмірге бейімсіз Осман империясын сақтауға тырысты.
«Шығыс мәселесінің» тууы. Осман империясының әлсіздігі мен құлдырауын пайдаланып, батысевропалық мемлекеттер оның ұлан-ғайыр аумағын иемденуге ұмтылды. Осман империясының құрамына кіретін аумақтардың үлкен стратегиялық, экономикалық және саяси маңызы болғандықтан, Англия, Франция, Австрия мен Ресей оның иеліктерін жаулап алуға мүдделі болды. Осы державалардың әрқайсысы өзінің бәсекелестеріне саяси немесе экономикалық басымдылығын пайдаланып, Осман империясының аумағын тартып алуға талаптанды. Осылай XVIII ғасырда «Шығыс мәселесі» туындады.
«Шығыс мәселесінің» мазмұны ұлы державалардың агрессивті ұмтылыстары мен ғана шектелген жоқ. Осман империясындағы езілген халықтардың ұлттық тәуелсіздігі мен тәуелсіз мемлекет құру үшін күресі оның маңызды құрамдас бөлігі болды.
Езілген халықтардың ұлт- азаттық қозғалыстарына қарсы сұлтан үкіметінің күресін Англия мен Франция қолдады. Осман империясының аумағын басып алуға ұмтыла отырып, жылдан жылға әлсіреген империяны тұтастай өздеріне бағындыруға ұмтылды.
Ресей керісінше, езілген халықтардың түрік шапқыншылығының қарсы күресі желеу, Балқан түбегіне орнығып, Қара теңіздегі бұғаздарды жаулап алуға ұмтылды. Осман империясы әсіресе сыртқы саясатта өзінің пәрменділігін жоғалтқан кезде, XVIII ғасырдың екінші жартысында
«Шығыс мәселесі» асқындай түсті. Мұның жарқын көрінісі 1768-1774 жылдары орыс-түрік соғысында Осман империясының жеңілуі болып табыады. Соғыстың аяқталуы туралы жасалған Күшік-Қайнар бітімі (1774 жылы) Ресейге Қара теңіздегі кеме қатынасы мен орыскөпестеріне сауда жеңілдіктерін пайдалануға мүмкіндік берді. Қырым Осман империясына тәуелсіз деп жарияланды. Ресей Молдаван және Валахия билеушілерінің үстінен, Түркиядағы православиелік шіркеуге қамқорлық жасауға құқық алды.
II Екатерина «османдық мұрагерлікті» бөлісу және Еуропа аумағынан түріктерді түгелдей қуу мәселесін қойды. Ресейдің қуатының тез өсе бастауынан және оның Балқан мен Жерорта теңізіне шығуынан қорқа бастаған Англия, Франция және басқа да Еуропа мемлекеттері, Осман империяның «тұтастығымен дербестігін» қорғау мақсатын желеу етіп, Ресейдің одан кейінгі тағдыры еуропалықтардың қолына көшті.
1738 жылы Қырымның Ресейге қосылуы 1787-1791 жылдары жаңа орыс- түрік соғысының шығуына себеп болды. А. В. Суворов қолбасшылық еткен орыс әскерлері Рокшана, Рымник, Измайлдың түбінде түріктерге күйрете соққы берді.
1806-1812 жылғы кезекті орыс-түрік соғысында Осман империясы үшін сын кезең туды. Оған сылтау Ресейдің сербтер көтерілісін қолдауы болды. 1811 жылдың күзінде М.Кутузовтың Осман империясының әскерін талқандады. 1812 жылы Бухарест бітімі Осман езгісіндегі Бессарабияны Ресейдің құрамына қосты. Сербияға өзін-өзі басқару мүмкіндігін беруге сұлтан міндеттеме алды.
Батыс еуропалық отаршылдардың империяға енуі мен орыс- түрік соғыстарына байланысты сәтсіздік Осман империясын әрі терең дағдарыс пен құлдырауға ұшыратты.
Европалық державалардың Түркия үшін күресінің күшеюі.
Осман империясындағы ұлт-азаттық қозғалыстар. 1806-1812 жылдардағы орыс-түрік соғысы Балқан халықтарының ұлт-азаттық күрестерінің дамуына үлкен әсерін тигізді. Наполеонның Ресейге жасаған жорығын пайдаланған Осман империясы сербтерге берілетін автономиялық құқық кепілдігін сақтамай, Бухарест бітімін бұзып, азаттық күресіне қатысушыларды аяусыз жазалады. Бірақ 1815 жылы Сербияда жаңа көтеріліс бұрқ ете түсті . Түрік өкіметі сербтердің ішкі автономиялығын тани отырып , олармен келісімге келуге мәжбүр болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет