ЖАТЫР ІШІЛІК СПИРАЛЬ (ЖІС) Тиімділігі 97%. Өзге шаралардан айырмашылығы ол жұмыртқа жасушасының ұрықтану- ын болдырмайды, ұрықтың жатыр қабырғасына бекінуіне жол бермейді, яғни оны мезгіліне жетпей түсікке айналдырады. Кейін бұдан жүктілікке жеткізбейтін әдет қалыптасуы мүмкін. Сондықтан, бұрын бала тумаған әйелдердің мұны пайдаланбағаны жөн. ЖІС тиімділігі. нәтижелігі жоғары; басқа жүйелердегі зат алмасу процестеріне зиянды әсері; жатырішілік сайманның бір реттік процедурасын ұзақ уақыт (3-5 жыл) қолдануға болады; егер әйел бала көтергісі келсе, ЖІС –ды алдырғаннан кейін 4-6 айдан соң оны қайта салдыруға рұқсат етіледі және осы аралықта жүктіліктен сақтануға өзге тәсілдерді қолдануға болады; Әсер ету механизмі. Медикаментозды емес ЖІС. Контроцепциялық әсері жатырдағы бөтен дене қатысуымен жергілікті асептикалық реакцияның болуына байланысты. ЖІС бөтен дене ретінде миометридің жиырылуын шақырып, оны тездетеді. Бір уақытта жатыр түтіктерінің перистальтикасын жоғарлатады, сол себепті ұрықтанған жұмыртқа клеткасы фаллопиев түтігінен тез өтіп, жатыр қуысына имплантациялануына тез түседі, сондықтан бір жағынан жұмыртқа клеткасы әлі толық өсіп жетілмеген, бір жағынан эндометри әлі оны мплантациялауға дайын емес. Қарсы көрсеткіштер. Жыныс мүшелерінің жедел және жеделдеу қабыну аурулары; Жиі өршитін созылмалы қабыну аурулары; Инфекциялы – септикалық аурулар және әр – түрлі этиологиялы қызба; Жатыр ақауларының дамуы; Истмико – цервикальді жеткіліксіздік; Жыныс мүшелерінің қатерлі және қатерсіз ісіктері; Менструальді циклдің бұзылуы; Анықталған немесе мүмкін болатын жүктілік; Жүктілікке байланысты асқынуы.