Тақырыбы: «Отбасын жоспарлау сұрақтары. Контрацепция. Әйелдің репродуктивті денсаулығын қорғау»



бет2/12
Дата31.03.2022
өлшемі7,26 Mb.
#29348
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
контрацепция

Отбасын  жоспарлаудың сұрақтары:

•    қалаулы  денісау бала ма; Балалары нешеу, жоспарлы ма бәрі, бала жасы аралығы сақталған ба:


  • әйелдің жасы нешеде.

  • •    әйелдердің денсаулығының, ерінің денсаулығы калай; Әйелдің анамнезін сұрастыру.

    •    отбасындағы психосексуалды қатынастардағы үйлесімділік туралы;

    •    некеде тұра ма;

    •    ерлі-зайыптылардың әлеуметтік-материалдық жағдайы калай.



Отбасын жоспарлаудың мақсаттарды жүзеге асырады: - ана, бала және жасөспірім денсаулығын қорғау; - жағымсыз жүктіліктің алдын алуы, бедеуліктің алдын алуын емдеу, ЖИТС/АИТВ емдеу;  - отбасын жоспарлау мәселелері бойынша хабардар ету және кеңес беру (жүктіліктен сақтанудың сенімді әдісін таңдауға көмектеседі)  - ұрықтануға қарсы құралдарымен (контрацептивтермен) қамтамасыз ету, отбасы және неке мәселелері бойынша ағарту.

Қазақстан Республикасы   Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 28 қазандағы   N 595 бұйрығымен бекітілген  “Азаматтардың ұрпақты болу денсаулығын сақтау және отбасын жоспарлау жөнінде көрсетілетін қызметтерді көрсету жүйесін дамыту жөніндегі нұсқаулық”-та көрсетілген.

Отбасын жоспарлау – жекелеген адамдардың немесе қосақтардың олар қалаған балалардың санын, туулар мен оларды туу уақытының арасындағы интервалдарды анықтау қабілеті. Отбасын жоспарлауға контрацепцияны және бедеулікті емдеу әдістерін пайдалану арқылы қол жеткізіледі. Отбасын жоспарлау мақсатында ұрпақты болу денсаулығын сақтау, тек қалаған және дені сау балалар туу үшін тиімді уақытты таңдау, түсіктер мен ана өлім-жітімінің санын төмендету болып табылады. ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталықтарының дәрігерлері отбасын жоспарлау және жыныстық жолмен берілетін, оның ішінде анасына іштегі нәрестеге берілетін жұқпаның берілуінен сақтандыру мәселелері жөніндегі пациенттерге ақпарат және консультация беруді қамтамасыз етеді. Нарколог, психиатр, фтизиатр, онколог, дерматовенеролог дәрігерлер отбасын жоспарлау мәселесі жөніндегі ақпарат пен консультация беруді қамтамасыз етеді, сондай-ақ, негізгі ауруларды, отбасын жоспарлау мәселесі жөніндегі арнайы дайындықты өткен, мамандармен бірлесіп контрацепция әдістемесімен бақылау және динамикалық байқауды реттейді. Акушерлер мен мейірбикелер отбасын жоспарлау және ұрпақты болу денсаулықты қорғау мәселелері жөніндегі пациенттерге ақпарат және консультация беруді қамтамасыз етеді.

Отбасын жоспарлау оқуын өткен әлеуметтік қызметкерлер, отбасын жоспарлау және ұрпақты болу денсаулықты қорғау мәселелері жөніндегі пациенттерге ақпарат жүргізе алады. Жасөспірімдер мен жастарға адамгершілік-жыныстық тәрбие беруде психологтар қатысады.


  • Денсаулық сақтау саласында отбасын жоспарлау жөніндегі іс-шаралар мыналарды көздейді:       1) ұрпақты болу денсаулығын сақтау және отбасын жоспарлау жөніндегі қызметтерді жетілдіру және дамыту;       2) ұрпақты болу денсаулығын сақтау, жыныстық мінез-құлық, қазіргі заманғы контрацепциялық құралдарды пайдалану мәселелері бойынша халыққа арналған ақпараттық жүйені жетілдіру;       3) халықтың отбасын жоспарлау қызметі мен әдістеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету;       4) аборт қауіпсіздігі технологияларын (жүктілікті 1-2 триместрлерінде пероралдық антипрогестиндер мен простагландиндерді және ваккум-аспирация үшін бір реттік пластикалық канюльді пайдалана отырып) енгізу;       5) отбасын жоспарлау жөніндегі мамандарды, адамгершілік-жыныстық тәрбиелеу бойынша оқытушыларды даярлаудың тиімді жүйесін құру;       6) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстары мен стандарттарына сәйкес контрацепция құралдарын қолдану жөніндегі медициналық өлшемдер мен ұсынымдар бойынша ұлттық нұсқаулықты әзірлеу және енгізу;       7) отбасын жоспарлау жөніндегі клиникалық хаттамаларды (стандарттарды) үнемі қайта қарау және бейімдеу;       8) отбасын жоспарлау жөніндегі көрсетілетін қызметтің сапа индикаторын әзірлеу және енгізу;       9) отбасын жоспарлау жөніндегі көрсетілетін қызметтің мониторингі және бағалау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет