Ішілетін құрама контрацептивтер (ІҚК) - тиiмдi, қайтымды контрацепция әдісі. Әйелдер препараттарды кез келген жасында қолдана алады. ІҚК етеккір айналымын реттейді, етеккірдің ауырсынуын және созылуын азайтады. Емшек емізетін аналарға ұсынылмайды, өйткені емшек сүті азайып кетуі| мүмкін. Жатырдан тыс жүкті болудың, аналық бездегі кистаның, аналық бездегі қатерлі ісіктің, сүт бездерінің қатерсіз iciктepінің даму қауіп-қатерін азайтады.
Инъекциялық контрацептивтер –ұзақ мерзімді, қайтымды және қaуіпсіз құрал. Құпиялылықты толық қамтамасыз етеді. Емізетін әйелдер босанғаннан кейін 6 аптадан соң қолдана алады. Инъекцияны әр 3 ай сайын жасап тұру керек.