Тақырыбы: Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы пәніне кіріспе. Онтогенез заңдылықтары.
Тапсырмалар 1. Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы пәніне кіріспе. 2. Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы пәннің басқа ғылымдармен байланысы. 3. Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы пәннің даму тарихы.
1-тапсырма «Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы»- ағзаның дамуының түрлі кезеңдеріндегі тіршілік әрекеті үдерістерінің ерекшеліктерін зерттейтін ғылым. Бұл пән оқушылар ағзасының анатомиясы, физиологиясы, жас ерекшеліктері, оқу үдерісі кезінде балалар мен жөсөспірімдердің денсаулығын сақтау мен нығайту заңдылықтары, сабақ жүргізуге қойылатын гигиеналық талаптармен таныстырады. Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы- адам физиологиясының үлкен бір саласы. Физиология ғылымы ағзаның тіршілігін, оның барлық мүшелері мен торшаларының қызметін зерттейтін және реттеу жолдарын анықтайтын ғылым. Физиология ғылымы ағзаның жеке мүшелерін белгілі бір жүйеге келтіріп, олардың қызметтерінің бір-бірімен қарым-қатынастарын сол тұрғыдан қарастырады.Оқушылардың даму физиологиясы пәні педагогика ғылымымен де байланысты, себебі педагогика жоғары жүйке әрекетінің заңдарына сүйене отырып, оқу-тәрбие жұмыстарын ғылыми негізде іске асырады.Оқушылардың даму физиологиясы балалар мен жасөспірімдердің өсу-даму заңдылықтарын олардың денесінің құрылысына, яғни анатомиялық ерекшеліктеріне сай қарастырады.
2-тапсырма
Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы пәннің басқа ғылымдармен байланысы
1.Биологиялық ғылым саласы
Эмбриология(embryologia, грек, embryon — ұрық, logos — ілім) — ұрықтың пайда болуы және дамуы туралы ілім.
Цитология (гр. κύτος — «қойма», бұл жерде: «жасуша» и гр. λόγος — «оқу», «ғылым») - жасуша туралы ғылым.
Гистология — (грек. hіstos – ұлпа және logos – ілім) – тірі ағзалардың (адам, жануар және басқа да көпжасушалы ағзалардың) ұлпаларын, олардың түзілуін, құрылымын, қызметін және өзара әрекеттесуін зерттейтін ғылым
Генетика — бүкіл тірі ағзаларға тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы.
Биохимия - химия тірі организмдерді және тірі ағзаларды қамтитын атомдар мен молекулаларды зерттеуге қолданылатын ғылым.
2.Педагогикалық ғылым саласы
Педагогика -адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеумен байланысты.
Психология - бұл адамның психикалық және мінез-құлық процестерін және олардың физикалық және әлеуметтік ортамен өзара байланысын талдауға бағытталған пән.
3-тапсырма Қазақстанда физиология ғылымының қалыптасуы 1938 жылдан басталады. Бұл жылы профессор А.П. Полосухин Алматыға келіп, 1944 жылы Кеңес Одағының Қ.И. Сатпаев ашқан Ғылым академиясының қазақ филиалында физиология секторын, 1945 жылы физиология ғылыми-зерттеу институтын ашуға ат салысты. Содан кейін республикамыздың жоғары оқу орындарындағы физиологиялық зерттеулер бірнеше бағытта жүргізіле бастады.
Басқа ғылымдар іспетті жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы бірнеше ғылыми зерттеу әдістерін пайдаланады: бақылау, табиғи және лабораториялық тәжірибе, функциялық жүктеме, телеметрия, антропометрия т.б.
Бақылау әдісі- сыртқы ортаны танудағы әдістеме. Бұл әдістеме барлық ғылым салаларында кеңінен пайдаланылады. Бірақ оны лабораториялық және табиғи эксперименттен жеке бөліп тастаса ол бала организміндегі физиологиялық қалыптар мен құбылыстардың негізін аша алмайды. И.П.Павловтың айтуы бойынша бақылау әдісі «тек қана табиғаттың ұсынғанын жинайды» Дегенмен балалардың миының қызметін зерттеген кезде бұл әдіс басқа зерттеу әдістерімен бірге организмнің жас ерекшеліктерін анықтауға көмектеседі.