Тақырыбы: ҚОЗҒалыс әрекетін оқыту психологиясының негіздері жоспар



бет6/7
Дата20.10.2023
өлшемі32,49 Kb.
#119918
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
17 ЛЕКЦИЯ оқыту психологиясы 2

Меңгерудің негізгі формалары:

  • Тікелей-эмоционалдық қарым-қатынас;

  • Заттық-манипуляциялық әрекет;

  • Ойын әрекеті;

  • Қоғамдық-пайдалы іс-әрекет;

  • Оқу іс-әрекеті;

  • Еңбек әрекеті.

Меңгерудің негізгі компоненттері:

  • Қабілетті, білімді адамның іскерлігі мен дағдысын іске асыратын мәдени құралдар;

  • Тапсырма түрлерінің оны меңгеру формаларына сәйкестігі;

  • Мәдени салада іске асырылатын тәжірибелік, танымдық, адекватты әрекеттер.

Дағды - автоматты түрде жасауға дейін жеткізілген әрекет; көп рет қайталау жолымен қалыптасады. Оқыту процесінде, әсіресе, жалпы оқу дағдыларын, пәнаралық мәндегі, жазу дағдыларын қалыптастыру қажет.
Дағдының кезеңдері:
Дағдыны ойластыру – әрекетті орындау мақсаты белгілі, бірақ оған жету жолы түсініксіз.
Дағдыны сезіну – мақсатқа жету жолы туралы түсінік пен зейінді шоғырландыру болғанымен әрекет өте баяу жүреді, қажет емес қозғалыс пен қателіктер байқалады.
Дағдыны автоматтандыру – зейін мен ерік біртіндеп төменгі концентрацияны (шоғырлануды) қажет еткенмен, қозғалыс рационалды болмақ.
Дағдыны жоғары деңгейде автоматтандыру – әрекет рационалды нақты және сенімді түрде орындалады, жаңа және күрделі дағдылардың алғы шарты пайда болады.
Дағдының жасалу деңгейі Н.А.Бернштейн бойынша
I кезең – дағдыны меңгеру
I фаза – жетекші деңгейді анықтау;
II фаза – қимылдың қозғалыстық құрамын анықтау, ол басқа адамның қимылын бақылаумен талдау деңгейінде болуы мүмкін;
III фаза - «осы қимылдарды іштей өзіндік түйсіну» ретінде, сәйкес түзетулерді айқындау;
IV фаза – фондық түзетулердің төменгі деңгейлерге ауысуы, яғни автоматтандыру процесі.
II кезең – дағдылардың тұрақтануы
I фаза – түрлі деңгейлердің бір мезгілде жұмыс істеуі(синергетикалық);
II фаза – стандарттау;
III фаза – тұрақтану, яғни түрлі кедергілерге төзімділіктің қамтамасыз етілуі.
Оқу процесінде дағдының өнімділігіне әсер етуші себептер:
Объективті : жабдық (құрал-сайман, құрылысы); жабдық жағдайы; жұмыс жағдайы.
Субъективті – ол өз ішінде психикалық және физиологиялық деп екіге бөлінеді:

  • Психикалық: өз күшіне сенімділік; көңіл-күй; дағдының динамикасы; іс-әрекетке қатынас.

  • Физиологиялық: қажу; денсаулық жағдайы. [2]

Сонымен, Оқыту – шәкірт пен ұстаздың өзара бірлесіп, ынтымақтасып жасайтын ортақ іс-әрекеті. Оқыту - мұғалімнің тәлім-тәрбие берудегі басты ерекеті болса, оқу-шәкірттің дүниені танып-білуге бағытталған өзіндік әрекеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет