Тақырыбы: Педагогикалық үдерістің қозғаушы күштері


Ол жоспарлау процедурасына сәйкес келмейді, оқыту процесін ұйымдастыру мен реттеуде мұғалімдер мен әдіскерлер нақтылы жағдайда процесті жасау ескерілмейді



бет4/5
Дата15.11.2023
өлшемі391,32 Kb.
#123657
1   2   3   4   5
Байланысты:
гоз пед бөж2

Ол жоспарлау процедурасына сәйкес келмейді, оқыту процесін ұйымдастыру мен реттеуде мұғалімдер мен әдіскерлер нақтылы жағдайда процесті жасау ескерілмейді.
Зерттеу нәтижесінде мыналар анықталады:
- қарама — қайшылықтарды қалай болса солай тұжырымдау дұрыс емес,нақтылы педагогикалық процесті жүйе ретінде олар зерттелетін объектінің мәнін, ашуы тиіс:
- қарама - қайшылықты ұстаздар мен оқушылар іс — әрекетін педагогикалық процесті басты құрамын көрсеткіш ретінде сипаттау керек;
- қарама - қайшылықтар жүйесін ғана емес, сонымен бірге оларды шешу әдістемесін негіздеу керек.
Ғалымдар мен педагогтер тұлғаны дамытуға жан-жақты амал жасау тек педагогикалық үдерісс тұтастығы негізінде жүзеге асырылатындығын баса көрсетті.
Қазақстанда тұтас педагогикалық үдерісті дамыту мәселесін кеңінен қарастырған ғалым-педагог Надежда Дмитриевна Хмель.

Педагогикалық процестің заңдылықтары – педагогикалық процесс құбылыстары мен аспектілері арасында объективті өмір сүретін, қайталанып тұратын, тұрақты, мәнді байланыстар. Заңдылықтар: ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Педагогикалық процестің жалпы заңдылықтары: 1. Тәрбие мен әлеуметтік жүйе байланысы; 2. Оқыту мен тәрбие байланысы; 3. Тәрбие мен іс-әрекет байланысы; 4. Тәрбие мен тұлға белсенділігі байланысы; 5. Тәрбие мен қарым-қатынас байланысы.


Байланыстар негізінде принциптер анықталады. Педагогикалық принциптер – қойылған мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін негізгі идеялар, ережелер.
Принциптердің атқаратын қызметтері:
1. Олардың көмегімен мақсат анық, дәл тұжырымдалады;
2. Педагогикалық процестің мазмұнын, әдісін, құралдарын, формаларын анықтау үшін қолданылады;
3. Тәрбиелік қатынастардың тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді;
4. Педагогикалық процесті дамыту заңдылықтары ретінде қолданылады.
Педагогикалық процесс принциптері:
1. Табиғатпен үйлестіру;
2. Ізгілік әрекет ұйымдастыру;
3. Тұтастықты жүзеге асыру;
4. Демократиялық негізде ұйымдастыру;
5. Мәдениетпен үйлестіру;
6. Кәсіптік мақсаттылықты жүзеге асыру;
7. Политехнизм принципі.
.
Педагогикалық процестің технологиялық жүйесі:
1. педагог нақты мақсатты шешу қажеттілігі мен маңыздылығына тәрбиеленушінің көзін жеткізуге тырысады; мақсатқа сәйкес білімдерді алу жолдарын меңгертеді;
2. қойылған мақсатқа сәйкес білімдерді алу жолдарын меңгертеді;
3. бұл білім алу жолдарын іс-жүзіне асыруды ұйымдастырады;
4. барлық кезеңдерде тұрақты ынталандыру жұмысын жүзеге
асырады;
5. жұмыс нәтижесін бақылап, бағалайды.
Педагогикалық процестің басты міндеттері:
1. Оқу процесіндегі белсенді іс-әрекет негізінде оқушыларды танымдық әдістермен қаруландыру;
2. Тұлға ретінде өзін және оқу процесі заңдылықтарын түсіне отырып, танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыруға үйрету;
3. Педагогикалық өзара әсерлесу негізінде мақсатты іс-әрекет жасай білудің жолдарын меңгерту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет