Тақырыбы: Педагогикалық әдеп және шеберлік



бет10/12
Дата12.05.2023
өлшемі213,5 Kb.
#92652
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
курстык жумы Педагогикалык адеп

Төртінші кезеңнің озық педагогикалық жұмыстары декоративтік қолданбалы өнер құралдары арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде болашақ мұғалім даярлығын нақты қалыптастырудан тұрады.
Сондықтан бұл кезеңде білімді жүйелеуге және білікті нығайтуға арналған арнайы курсты қарап шығып, енгіздік. Бұл курс психологиялық-педагогикалық, әдістемелік интеграцияны, арнайы білім мен білікті қамтамасыз етеді. Ендеше осы арнайы курсты соңғы тәжірибе алдындағы жоспарға енгізген дұрыс. Өйткені, мектепте өткізетін алғашқы тәжірибенің ұзақтығы 1-3 апта болғандықтан, болашақ мұғалімдер психологиялық, дидактикалық, әдістемелік жағынан көптеген қиындықтарға тап болады. Ал төртінші курста өтетін соңғы педагогикалық тәжірибе 8-ден 12 аптаға дейін созылып, студенттер өзінің алған теориялық білімдерін белгілеген арнайы курс негізінде нақтылай түседі.
Жоғары мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының бірден - бір міндеті – жетілдіру жолдарын іздеу және студенттерді эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеу.


3.3. Мұғалімнің педагогикалық әдебі мен этикасы.

Атақты педагог ғалым В.А.Сухомлинский “Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану адамның күрделі және қызықты, мыш-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады”- деп ұстаздық өнерге ерекше баға берген.


Мұғалімнің адамгершілік тұлғасының, этикалық мәдениетінің сапалық жақтары Н.К.Крупскаяның, А.Жақыповтың, С.Ұзақбаеваның, Л.И.Рувинскийдің, А.С.Макаренконың, Н.И.Болдыревтың т.б. жаңашыл педагогтердің еңбектеріндеп этикалық тәрбиенің аса маңызды факторлары ретінде қарастырылады.
Сондай-ақ болашақ мұғалімнің сыртқы келбет мәдениеті, өзін-өзі басқару шеберлігі, басқару техникасы туралы сөз болғанда мұғалімнің моральдық қасиеттеріне қойылатын талаптар да оқу-тәрбие жұмысының мазмұны мен сипатына қарай күн өткен сайын өзгеріп, жаңарып, жаңа сипат алып отыратындығын естен шығармауы тиіс.
Мұғалімнің рухани дүниесін зерттеу, оның қызметін жан-жақты әрі терең талдау жасау – қазіргі педагогика ғылымының басты міндеті.
Педагогикалық жұмыста мақсатты тәрбие ісі мұғалімнің тәрбиелік қызметі арқылы іске асады. Ағартушы педагог ғалымдардың (С.Қалиев, Ә.Нысанбаев, Қ.Жарықбаев, Ш.Т.Таубаева, И.М. Ломоносов, Л.Т.Охотина, Н.П.Скальковская, Л.И.Рувинский, Ә.Табылдиев, Б.Барсай т.б.) еңбектеріне сүйене отырып, мұғалім мәдениеті мен шеберлігін, интеллектуалдығын төмендегідей бөліктермен анықтауға болады:

  1. Мұғалімнің сыртқы келбет мәдениеті;

  2. Мұғалімнің өзін-өзі басқару шеберлігі;

  3. Мұғалімнің мимика және понтомимика ишараларының (жест) мәнерлі негіздері.

  4. Мұғалімнің мәдениеті, әдебі, сөйлеу шеберлігі, шешендік қасиеті, дем алуы, дауыс дикциясы, интонациясы.

Сыртқы бейне мәдениеті.
Тұлға.
а) тік;
ә) тік және еркін отыру;
б) ұқыптылық, жинақылық;
Киім.
а) ұқыптылық;
ә) қарапайымдылық;
б) түстік гармония (өзіне жарасымды түстен киім кию);
в) киімнің жас шамасына, сабаққа және жұмысқа сәйкестігі;
г) сән үлгілеріне сәйкес;
ғ) сәндік (алқа, моншақ, сақина) дұрыс пайдалану.
Гримм (бояну).
Шаш үлгісі (ұқыпты, жинақы).
Мимика.
а) өзіне -өзі сенімділік, сабырлылық;
ә) сөйлескендігі көзқарасыңыздың әңгімелесушіге бағытталуы;
б) эмоциялық мәнерлік;
в) бет әлпетінің айтар ойға сәйкестігі;
Понтомимика.
а) жест (табиғилығы);
ә) жүрістің ритмикасы, жеңіл, айқын болуы;
б) қозғалыс (еркін);
в) қозғалыста селқостықты болдырмау, әр уақытта сергек тұру;
г) шусыз отырып, тұру;
Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті.
Қарым -қатынасқа сабырлы, мәнерлі, мейірімді, тонның сақталуы.
а) әңгімелесушіні тыңдай білу;
ә) сұрақ қоя білу;
б) өз сөзіңді талдай білу;
в) басқа адаммен бірінші болып қатынасқа түсуді үйрену;
г) келесі адамды түсіне білу;
ғ) кез келген жағдаяттық қарым-қатынаста өзіңді бақылай білу,
Көрермендермен (тыңдаушылармен) қарым-қатынасқа түсуге үйрену.
а) аудиторияға қарап жұмыс істеу;
ә) тыңдаушының реакциясын бақылау және ұғыну;
өз сөзіңмен әңгімеге келесі адамды елітіп әкету.
а) еркін, таза және конспектіге қарамай сөйлеуге үйрену;
ә) сөйлеуге, әңгіме бастар алдында мұғалімнің сыртқы келбеті әңгімеге дайындығының тыңдаушының әңгімеге деген көзқарасын түсінуге ынтызарлығын көрсетеді;
б) өзінің сезіміңді әңгімелеушіге немесе тыңдаушыға бере алу қабілеті.
Өзін-өзі басқару, бақылау.

  1. Артық өзіңе күш түсіруден аулақ болу.

  2. Сөйлер алдында пайда болатын шешімсіздікті жеңе білу.

  3. Жұмыста өзіңді іске шоғырландыру.

  4. Стрестік жағдайларда өзіңді өзің ұстай білу.

  5. Әрдайым жақсы көңіл-күй ауанын жасауды үйрену.

Сөйлеу мәдениеті.

  1. Сөз екпінін сақтау, сөздің грамматикалық дұрыстығына көңіл бөлу.

  2. Сөз лексикологиясы (сөз байлығы).

  3. Сөздің мәнерлілігі, бейнелілігі.

Сөйлеу техникасы.
а) сөйлеудегі дауыстың маңызы, оны тәрбиелеу жолдары.
ә) дикция;
б) екпін қоя білу;
в) дауыс ырғағы (интонация);
г) үзіліс (пауза).

Балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісінде жалпы әдеп атаулыны педагогикаға кіріктіріп пайдаланудың өзі педагогтық әдеп болып табылады. Әдетте, әдепті адамдарды олардың кішіпейілділік, басқаны түсіне білушілік, жылы шырайлылық, тапқырлық, елгезектік, өзгенін пікіріне құлақ асушылық, ұстамдылық, байсалдылық, әзілкештік сияқты мінез-құлық белгілеріне қарап тануға болады.


Әдепті мұғалім ересек адамдармен қалай сыпайы және ілтипатпен сөйлессе, оқушылармен де солай, тек ересектерден гөрі сақ және ықыласпен сөйлесу керек.
Педагогикалық әдептің негізі оқушыға деген шын ықыласты және олардың адамдық ар-ұятына деген көзқарасында жатыр. Педагогикалық әдеп баланы адам ретінде сыйлау деп есептеуге болады.
Педагогикалық әдеп – мұғалімнің кәсіптік сапасы және ең етене кәсіптік белгісі. Қай мамандық болсын оның бір белгілі айырықша белгісі болады. Ол белгі адамның үйреншікті әдетінен, сөйлеген сөзінен, тіпті киім киісінен де байқалады. Мұғалімнің кәсібінің ерекшелігі ең алдымен оның педагогтік әдебінде жатады. Әнші үшін үн немесе музыкант үшін музыканы ұғыну қандай қажет болса, мұғалім үшін педагогтік әдеп солай қажет.
Мұғалім жұмысында педагогтік әдеп сақталмайынша оқушылармен тіл табысу мүмкін емес, ал оқушылардың тілін таппайынша оқу-тәрбие үрдісінде ілгерілеу жоқ. Белгілі психолог М.Д.Левитов атап көрсеткендей, педагог әдептен құр болса, оқушылар тәрбиесіне залалы тиеді, олардың бойында кейін түзетуге қиын соғатын неше түрлі жаман әдеп-қылықтардың пайда болуына себеп болады. Левитовтың байқауынша, мұғалімнің әдеп әлемінен алыстығы оқушыны тұйықтыққа, сенімсіздікке, жаман оқуға бастап, тәртіп бұзуға итермелейтін, мұғалімге өшігіп, бәрін теріс істеуге бейім тұратын болып кетуі ықтимал.

Өзін-өзі басқару

Ата-аналармен ынтымақтастық қатынас ұйымдастыру әрекеті




Оқушылармен жеке дара жұмыс ұйымдастыру әрекеті







Қоғамда өзара байланыс ұйымдастыру әрекеті















Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет