Тақырыбы: Педагогикалық әдеп және шеберлік


Педагог еңбегінің әлеуметтік құндылығы



бет4/12
Дата12.05.2023
өлшемі213,5 Kb.
#92652
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
курстык жумы Педагогикалык адеп

1.3. Педагог еңбегінің әлеуметтік құндылығы.

Қазіргі кезде балалар мен оқушы жастар құқығы әлеуметтік жағынан жеткілікті қорғамай отыр. Соның салдарынан кейбір отбасылар мен жастар арасында қоғамға жат қылықтар саны өсіп, қылмыс белең алып барады.


Әрине, аяғынан қаз тұрып келе жатқан мемлекетіміздің келешегі жас ұрпақтың рухани, мінез-құлық, мәдени, психологиялық жағынан тәрбиелі болуына, ақыл-ойы мен бой қуатының кемелдігіне тікелей байланысты.
Мұғалім әрбір өскелең жас адамға ақылшы, ұстаз, ұйымдастырушы, психолог, тәрбиеші, үлестіруші-әдіскер, олардың әлеуметтік құқықтарын қорғаушы болуға тиіс. Әлеуметтік педагог кәсіби психологиялық жағынан дербес жасампаз адамдарға, жоғары оқу орнында алған білімі мен машығы негізінде оқушы жастар мен олардың отбасыларының құқықтарын әлеуметтік жағынан қорғай алатын, жеке адамның әлеуметтік ортада, оқу барысында, еңбек қызметінде және бос уақытында жан-жақты жарасымды дамуының мәселелерін пайымдап, іске асыра алатын мамандарға ғана тиесілі. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін әлеуметтік педагогтар мемлекеттік, кооперативтік, мәдениет мекемелері, спорт ұйымдары мен кітапханалар ұйымдарының, балаларды қорғаушы және оларға қамқоршы ұйымдардың, бірлестіктердің т.б. көмегін пайдаланады.
Біліктілігі жоғары маман ретінде педагогтар, сондай-ақ баланы әлеуметтікке бейімдеудің жалпы, ауқымды мәселелермен қатар тиісті мекемелерде балалар тамағына бөлінген қаржының дұрыс жұмсалуын бақылау, интернат типті тәрбие орындарында гуманитарлық көмекте әділ болу т.б. сияқты жеке мәселелерді де шешеді.
Қазіргі педагогтың ең алдымен әлеуметтік педагогика, әлеуметтік психология, педагогикалық социология, жас шамасының психологиясы мен педагогикасы, акмеология, жастар мәдениеті, отбасын тану, құқықтану, ортаны педагогикаландыру сияқты салалардан арнайы білімі болуы тиіс; мектеп оқушысының ауқымды және шектелген ортасының шаруашылық, экономикалық, демографиялық, ұлттық-тұрмыстық сипаттамаларын, баланың айналадағы өмірімен өзара қарым-қатынас жолдарын, олардың жас адамды әлеуметтік тұрғыда тәрбиелеуге тигізетін әсерін танып білуі тиіс. Білім беру мекемесінің педагогикалық мүмкіндіктерін ата-аналардың ерекшеліктерін саралап, олармен жұмыс істеуге дайын болуы; отбасы мен шағын ауданды зерттеп, олардың әлеуметтік-педагогикалық паспортын, баланың мектепке (балалар үйіне, арнайы балалар мектебіне) түскеннен бастап бітіріп шыққанға дейін әлеуметтік дамуының бағдардаламасын жасай, жүзеге асыра білуі; отбасылық және қоғамдық тәрбиені, өмірлік орталығы кездейсоқ және тәртіпке айналған факторлардың оқушыға әсер ету ерекшеліктерін саралауы; қарым-қатынасқа, сендіре, қайыра сендіруге қабілетті болуы; шығармашылық қызметін (сазгерлік, модельдеу, техника, сурет салу, спорт т.б. белгілі бір түріне жетік болуы қажет.
Өзінің қызмет барысында әлеуметтік педагог оқушының жеке басына ықпал ететін ортаның әр түрлі кездейсоқ және қалыптасқан әлеуметтік институттарда тұратынын, олардың әрқайсысы жеке адамның әлеуметтік дамуына дербес ерекше әсер беретінін ескеріп отыруы тиіс.
Педагог әлеуметтік өмірдің ажырамас бөлшегі ретінде көрінеді, сондықтан да шәкіртін әлеуметтік жағдайда бейімдеу жолдарын да өзгертіп отырады. Ол жас адамды өмірге, еңбекке т.с.с. дайындауға жәрдемдесіп қана қоймайды, оның нақты еңбек қызметіне өз бетінше араласуға дайын болуын қалыптастырады, қандай да бір тосын жағдайдан тайсалмай, тиісті білімі мен машығын қолдана отырып шешім қабылдауға баулиды.
Әлеуметтік-құқықтық қызмет туралы құжатта отбасы мен балаларға әлеуметтік көмек көрсетудің негізгі жолы – осы бағытта қоғамдық көзқарасты өзгерту самарқау пиғылдан арылып, әлеуметтік педагогтың жұмысына дербестік, жасампаздық ынта және әлеуметтік жауапкершілік туғызатын, және адамға тікелей бағытталған өнімді қызмет етуге жағдай жасау болып табылатындығын атап көрсету де дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет