Тақырыбы: Педагогикалық әдеп және шеберлік



бет9/12
Дата12.05.2023
өлшемі213,5 Kb.
#92652
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
курстык жумы Педагогикалык адеп

Үшінші кезең бұған дейінгі жинақталған теориялық білімді тәжірибеде қолданудың білік, дағдысын жетілдіре түсіп, тұтас педагогикалық үрдіс жүйесін қалыптастырады. Ендеше болашақ мұғалімге өз іс-әрекетінде және бүкіл педагогикалық үрдісте оны талдай білуге үйренуі қажет. Демек, бұл кезеңде студенттердің дидактикалық әрі әдістемелік даярлығының бірлесуі жүзеге асады.
Яғни бұл кезеңнің маңызды элементі бірінші педагогикалық тәжірибе жұмысы болып табылады және ол болашақ мұғалім даярлығының қалыптасу нәтижелілігіне әсерін тигізеді. Олай деуге негіз, ол осы тәжірибе негізінде өзінің кәсіби іс-әрекет қабілеттерін сезінеді, өзіндік педагогикалық қызмет даярлығы деңгейін айқын байқайды, өз мүмкіндігі мен білік, дағдысын сыннан өткізеді. Сондықтанда педагогикалық тәжірибені (практика) дұрыс ұйымдастыру үлкен маңызға ие.
Педагогикалық тәжірибе барысында оқытуды ұйымдастырудың мына түрлері (формалары) қолданылады: арнайы семинарлар, практикумдар, тапсырмалар жүйесі, консультациялар, жеке дара жұмыс, практикант-мұғалімдер дәрісіне қатысу және оны талдау, психологиялық-педагогикалық әдебиеттермен жұмыс, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары және тәжірибеден өту нәтижелеріне арналған қорытынды педагогикалық кеңестер, т.б.
Педагогикалық тәжірибе кезеңінде арнайы семинарлар ұйымдастыру студенттердің теориялық білімдерін ұлғайтады. Ал семинарларға әзірлік кезеңде студенттер теориялық мазмұндағы тапсырмаларды орындайды. Бұдан басқа атқарылуға тиіс жұмыстарды тәжірибе үстінде жүзеге асырады.
Практикант-мұғалімдер өткізген дәрістерге қатысқанда студенттердің сабақты бағалау критерийін білмейтіндіктері, мұғалім іс-әрекетін теориялық негіздей алмайтындықтары байқалып тұрады. Мұндай кемшіліктерді жоюда болашақ мұғалімге жоғарыдағыдай семинарлардың көмекке келері даусыз.
Сонымен бірге студенттер семинарлардан әр түрлі педагогикалық іс-әрекеттерде декоративтік қолданбалы өнерді қолдану бойынша әдістемелік нұсқаулар алатын болады. Мұның сабаққа әзірленуде, көрнекілікті қолдануда, оқушылардың өзіндік жұмысын жандандыруда, оқытуды даралау мен саралауда, игерген білім, білік, дағдыларын бақылауда, т.б. тигізер пайдасы орасан.
Жалпы педагогикалық тәжірибе кезеңде студенттер өз іс-әрекетіне талдау дағдысын қалыптастырады, жіберген қателіктері мен сәтсіздіктерінің себеп-салдарын айқындайды, педагогикалық үрдісті оңтайландырудың қолайлы варианттарын анықтайды, декоративтік қолданбалы өнердің мол мүмкіндіктерін пайдалануды үйренеді. Қысқасы, әдебиеттермен жұмыс істеуде жаңаша көзқарас тудырады. Өйткені, пән мұғалімі немесе сынып жетекшісі ретінде жұмыс барысында туындайтын жағдаяттарға жауап іздеу үшін психологиялық-педагогикалық, теориялық, әдістемелік әдебиеттерді атқаруға мәжбүр болады. Бұл студентті бұрынғы қалыптасқан дәстүрлі теориядан – тәжірибе жолынан ауытқып, керісінше тәжірибеден – теорияны терең әрі толық игеруге бағыттайды.
Педагогикалық тәжірибені ұйымдастыруда конференциялардың да алатын орны үлкен. Ондай кезеңде студенттер топ жетекшілерімен, әдіскерлерімен, психологтермен, педагогтермен кеңірек танысуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, мектепте тәжірибеден өткен студенттердің атқарған жұмысына баға беретін кішігірім педкеңестердің де мәні зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет